Алашты алаңдатқан сауал

Әлеуметтік жетімдікті азайтудың қандай жолдарын ұсынасыз?



Қалима ДУАНБЕКОВА, Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Бүгінгі таңда әлеуметтк жетімдер саны азаймай отырғаны рас. Оның себептерінің бірі ретінде азаматтық некені атар едім. Азаматтық некедегі күйеуі тастап кетіп, баламен қалған жалғызбасты аналар қатары да артып барады. Жалғызбасты жас аналар күтіп-бағуға мүмкіндігі болмай, баласын балалар үйіне тапсырып жатқан жағдайлар да бар. Сондықтан менің ойымша, мектепте, ЖОО-ларда жастарды отбасылық өмірге дайындайтын ұйым жұмыс істеуі керек. Өйткені, қазіргі жастар арасында ажырасудың көп болуы, олардың отбасылық өмірге дайын болмауы салдарынан орын алып жатыр. Сонан соң тағы бір айтатын ұсынысым – жалғызбасты аналардың баланы күтіп-бағуына мемлекет көмектесуі қажет. Мысалы, баланы таңертең тапсырып, кешке алатын не бес күндік балалар орталықтары көптеп болғаны дұры. Не болмаса, жалғызбасты аналардың балаларын балабақшаға кезексіз алу мәселесін жолға қою керек. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда балабақша жетіспеушілігі үлкен проблема болып тұр. Балабақшаға тапсыра алмаған жалғызбасты ана еріксіз баласын үйге жалғыз қалдырып кетуге мәжбір. Сондай жағдайларды, кейде қорғаншылық және қамқорлылық органдары баланы балалар үйіне тапсыру туралы мәселе қояды. Ата-аналық құқығынан айыру ең соңғы амал. Есірткіге, ішімдікке салынып, баласына қарамайтындарды ата-ана құқығынан айырудан басқа амал жоқ.




Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі:

– Қазақ – жетімін жылатпаған халық қой. Сондықтан осы қағиданың заманауи, заңды жалғасы болуы тиіс. Яғни, егер бала қандай да бір жағдайда ата-ананың қамқорлығынсыз қалса, оны балалар үйіне тапсырмай, туыстарының қамқорлығына беру керек. Бұл тұста, құжат рәсімдеуде де ешқандай қиындық болмауы тиіс. Сонан соң, ол балаға мемлекет жәрдемақы төлеп тұруы керек. Өйткені, балалар үйінде тәрбиеленсе де Үкімет ай сайын сол бала үшін балалар үйіне ақша бөліп отырады емес пе? Демек, сол ақшаны туысының қолында тәрбиеленіп жатқан балаға беру тетігін қарастыру керек. Егер еш туысы болмаса, әрине, ондай баланы балалар үйіне табыстаудан басқа амал жоқ. Баланың үйсіз-күйсіз қаңғырып жүруіне жол беруге болмайды.




Надежда ВЛАДИМИРОВА, «Бота» ҚҚ Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы департаментінің бас маманы:

– Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасауымыз керек, бұл – басты мақсат. 1989 жылғы Балалар құқығы Конвенциясында «балалар отбасында тәрбиеленуі тиіс, ал мемлекет пен әлеуметтік қызмет органдары соған көмектесуі керек» деп айтылған. Конвенция қабалданғалы бері әлеуметтік қызмет саласында көптеген өзгеріс болды. Балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызмет органдары бар күш-жігерін отбасының қиындықты жеңіп, бала тәрбиесімен айналысуына мүмкіндік жасауға бағыттауы тиіс, отбасына басқа айырбас іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан, әлеуметтік жетімдік мәселесін шешу үшін мемлекет пен қоғамдық ұйымдар нашар отбасыларға көмектесуде күштерін біріктірулері керек. Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибелерді ескеріп, әлеуметтік қызметкерлер бұл бағытта отбасылық-бейімдеу тұрғысынан келіп, әлеуметтік жетімдік мәселесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Егер баланы туған отбасында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, онда баланы балалар үйіне емес, балама отбасына беру туралы шешім шығарады. Отбасы тек әке, ана және баладан ғана тұрмайды. Сол отбасының қалыптасуына, бала тәрбиесіне атсалыса алатын олардың туыстары, ет жақын адамдары бар. Бұл тәсіл баланы үйреншікті ортада қалдыруға ықпал етеді. «Бота» қорында таңдай қақтырарлық әлеуметтік бағдарламалар бар. Кейбір үмітсіз жағдайлардың өзінде, қоғамдық ұйым қызметкерлерінің бір жыл не одан да көп жұмыс істеуі арқасында, отбасы дағдарыс жағдайынан шығып, бала ата-анасымен қалады. Өзге ТМД елдерімен салыстырғанда, Қазақстан – бай ел. Бізде бұл бағытта жемісті жұмыс атқаруға талпыныс та, мүмкіндік те бар. Балалар үйінің отбасын алмастыра алмасы анық, сондықтан отбасымен жұмыс істеу керек. Мұндай тәсіл өзге елдерде жоқ.




Көрілген: 2729    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.02.2014, 16:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30