Алашты алаңдатқан сауал

Асыл тұқымды мал басын аукционға салып сату қаншалықты тиімді?



Думан Нағашыбекұлы, Қалмақ және галловей асыл тұқымды ірі қара малдары республикалық палатасының директоры:

- Бұл әрине, асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін тиімді. Бүгінде әлем елдері малдың тегін мұздатып сақтайды да, артынша оны аукционға шығарып сатып, ел бюджетіне қомақты табыс түсіреді. Меніңше, осы әдісті жетілдірсек, елде аса жоғары өнімді малды көбейту жайы  анағұрлым жақсара түсер еді. Мұндай жаңашыл әдістердің оң нәтиже беретініне сену керек. Мысалы, бұл аукциондау қолында қаржысы бар, бірақ өзге елден асылтұқымды мал импорттауда құжаттарын ретке келтіре алмай жүрген фермерлерге ашылған мүмкіндік болар еді. Сондай-ақ осы тектес аукцион күмәнді мал ұрығын сатып алуға жол бермейді. Асылтұқымды төлді аукционнан бүкіл құжатымен, гендік анықтамасына көз жеткізіп барып сатып алған шаруалар немесе фермер-лер ол малдың асылтұқымды екеніне сенімді болады. Бұдан соң, бұл аук-циондар арқылы ел бюджетіне қомақты қаржы түсіруге болады. Мәселен, аукционда сатылған әрбір төлдің бағасы есептеліп, бір төл 3-4 мың долларға сатылатын болса, оның 10 пайызы салық есебінде мемлекет бюджетіне аударылады. Осының өзі бұл тәсілдің ұтымды екенін көрсетеді. Жалпы, мұндай аукциондау арқылы ел бюджетіне табыс түсіреміз, бұл – бір. Екіншіден, шаруалар ел атмосферасына бейімделген мал тұқымын сатып ала алады. Ал бұл үрдіс асылтұқымды мал өсірудің тетігін шешуді бір сәт жеңілдетпек.




Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:

- Таласымыз жоқ, аукционның пайдасы бары даусыз. Бірақ әр мәселенің екінші жағы болатынын ескерсек, бұл жерде ұтылатын тұстарымызды да екшелеп алуымыз қажет тәрізді. Мұндай аукционның көлеңкелі тұстары да бар. Біріншіден, мұндай аукционның қарапайым шаруаға келіп-кетері жоқ. Өйткені қарапайым шаруа қожалығын басқаратын фермерлердің ондай асылтұқымды мал төлін алатын қолында қаржысы да жоқ. Егер аукцион ұйымдастырушылар осы жағын ескеріп асылтұқымды малдың төлін аук-ционға арзан бағамен шығарса, онда басқаша сөз етер едік.  Бірақ өзіндік құны қымбат тұратын асылтұқымды мал аукционға арзан бағамен шығарылса, бұл жерде ұтыламыз. Оны өсіруге, төлді алуға, баптауға кеткен шығын ақталмай қалады. Бұдан соң бір айта кетерлігі – біздегі асылтұқымды мал өсірушілердің көбісі жекеменшік серіктестіктер, жекелеген компаниялар. Әрине, кез келген жекелеген компания, жекеменшік серіктестіктер алдымен өз мүддесін көздейтіні жасырын емес. Демек, мұндай мал төлін аукциондау тек сол қолында ақшасы барлардың аясында ғана өткізілмек. Ал бұл қарапайым шаруа үшін жабық тақырып болғандықтан, мен бұл жерде аса ұтатын, тиімді нәрсе көріп тұрған жоқпын. Меніңше, бұл жерде асылтұқымды мал өсірудің балама тетіктерін қарастырған жөн шығар. Ол үшін қолында қаржысы жоқ, бірақ бойында қайраты бар шаруаларға мүмкіндік берілуі керек.




Мәкен Тойшыбеков, ҰҒА академигі:

- Қайсыбір елдер малдың эмбриондарын, малдың өз басын аукционға сатып салуды жақсы меңгеріп алды ал бізде бұл үрдіс жетіле қойған жоқ. Мемлекеттік тұрғыда ойлап қарасақ, біздегі мал басының 90 пайызы жекенің қолында. Республика бойынша асылтұқымды мал өсірумен айналысатын орталықтар саусақпен санарлық. Бұл жерде біздің ең ұтылып отырған тұсымыз – асылтұқымды мал өсіруді тек бірді-екілі шаруашылықтарға, серіктестіктерге міндеттеп тастағанымыз. Ал шынтуайтында, бұған мемлекеттік тұрғыда мән бергеніміз абзал. Жалпы, асылтұқымды мал өсіруге байланысты мемлекеттік үлестің көбеюіне бұл салаға мемлекеттік тұрғыда бақылау орнататын кез жеткеніне баса назар аудару керек.  Мал тұқымын асылдандыруда тұқымдық мал көрмесін және аукциондарды  ұйымдастыруға, мал тұқымдарын әртүрлі аймақтар мен облыстар бойынша аудандастыру жұмыстарын жетілдіруге осы бастан мемлекеттік сипатта мән бергеніміз абзал.




Көрілген: 1647    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.03.2014, 15:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30