Алашты алаңдатқан сауал

Айыппұл көлемі 50 мың теңгеден асқан жүргізушілердің көлігін айыптұраққа күштеп тоғыту негізді ме?



Кәрім Абдолдинов, отставкадағы полиция майоры:

– Үкіметтің мұндай қатаң шара қолдануына жүргізушілердің өздері итермелеуде. Сол айыппұл дегеннің өзі қайдан шы­ғады? Жол ережесін бұзып, баршаға ортақ тәртіпке бағынғысы келмегендердің өздеріне өздері жасап отырғаны бұл. Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғалары көбеймесе, азаяр емес. Осындай келеңсіздікті тізгіндеу мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға айыппұлдар көлемі де арттырылған болатын. Десек те, егер жүргізуші айыппұлды бір тәулік ішінде төлесе, оның көлемін 50 пайызға дейін төмендетіп, ал егер ол 7 күннің ішінде өтесе, айыппұлдың көлемі 30 пайызға қыс­қа­ра­тындай етіп жүргізушілерге бар мүмкіндік жасалған-ды. Осылай көлік иелерін айыппұлды дер кезінде төлеуге ынта­ландырмақ болды. Алайда одан да еш нәтиже шықпай отыр. Ондай болса, айыппұл көлемі 50 мың теңгеден асқан жүр­гізушілердің көлігін айыптұраққа күштеп тоғыту негізді. Өйткені төленбей жатқан айыппұлдар көлемі барған сайын артып, ол өз кезегінде айтарлықтай проблемалар тудыруда.




Таир Назханов, Адвокаттар форумы мен «Бэст» адвокаттық кеңсесінің төрағасы:

– Бұл дұрыс емес. Былайша айтқанда, адамның құқын бұз­ған­дық. Құзырлы орындар мұндай Ата Заңымызға қайшы келетін іс-әркетті соңғы кездері жиі жасайтын болып жүр. Көлік те – жыл­жы­майтын мүлік сияқты адамдардың жеке иелігіндегі меншігі. Ондай болса, жеке мүлікті соттың шешімінсіз алып қойып, айыптұраққа қамап қоюға ешкімнің құқығы жоқ. Тіпті Астана қаласы Жол поли­циясы басқармасы басшылығының:

– Көлік иесі айыптұрағына автокөлігін өз еркімен қоюға қар­сы­лық білдірсе, эвакуатордың көмегіне жүгінетін боламыз. Мұның бәрі заңға сәйкес істелініп жатқан шаралар, – деген мәлімдемесінен ха­бар­­дармын. Ол қандай заң? Тағы қайталап айтамын, жеке мүлікті тар­тып алу үшін сот шешімі болуы тиіс. Міне, заңдарымыз осылай дейді. Мұндай заңға томпақ келетін жағдай туындап жат­са, жүр­гі­зу­­ші­лердің өз құқықтарын қорғағандары абзал. Менің ойымша, айып­­пұлды төлетудің басқа амалдарын қарастырған жөн. Сөз со­ңын­­да айтарым, мұндай шара қолданудың дұрыс-бұрыс­тығын, заң­ға қайшы келетінін-келмейтінін бұдан былай про­куратура тексерулері тиіс.




Шалатай Мырзахметов, Мәжіліс депутаты:

– Әрине, мұндай жаза қолдану көпшілікке ұнай қоймайды. Наразылық таны­тып жүргендер де жоқ емес. Алайда қоғам заңға бағынып, оның талап­тарын бұлжытпай орындау мәдениетіне үйренгенше осындай қатаң шара қол­дануға тура келеді. Мен өз басым мұны негізді деп санаймын және қолдаймын.

Жол ережесін бұзған екенсің, «қолыңмен істегенді мойныңмен көтер» деген бар қазақта. Айыппұл салынды ма, хаттамадағы айыппұл көлемін толық және дер кезінде төле. Сонда құқық қорғау органы қызметкерлері мұн­дай мәж­бүрлікке бармаған болар еді. Жалпы, осы іспетті әкімшілік жаза қол­данудың тиімді жағы бар, яғни бір емес, екі бірдей айыппұл төлеген жүргізуші тағы қайтара жол ережесін бұзбауға тырысады. Әйтпесе бізде қалай, жүр­гізушілерге айыппұлы бар екенін осылай бір ескертіп қоймасаң, «сен тимесең, мен тиме» деп немқұрайдылыққа салынып, жүре береді. Төленбей жатқан айып­пұлдар көлемі барған сайын артып, соған жауапты құзырлы орындар жұмысына кесірін тигізіп жатыр. Олардың да жұмыс сапасын қадағалайтын орган бар емес пе?




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0

жұма, 20.12.2013, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30