Алашты алаңдатқан сауал

Айырбастау пункттерін банктердің құрамдас бөлігі ету арқылы осы саладағы заңсыздыққа тосқауыл қоюға бола ма?



Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

– Валюта айырбастау пункттеріндегі алыпсатарлыққа жол бермеуге тиіспіз. Елбасы «Барлық деңгейдегі әкімдер мұны бақылауға алып, ал тиісті мемлекеттік органдар тұрақты мониторинг жүргізіп, қалыптасқан экономикалық жағдайда алыпсатарлықпен айналысқандарды лицензиясынан айыруға дейінгі қатал шараларды қолдануды» тапсырды. Ел экономикасын долларсыздандырудағы тиімді тетіктің бірі - айырбас пункттерінің қызметін реттеу екендігі белгілі. Әрине, біз кәсіпкерлерге қысым көрсеткелі отырғамыз жоқ. Барлығын өркениетті жолмен шешкіміз келеді. Мәселен, айырбастау пункттері қандай да бір банктің құрамдас бөлігі бола алады. Жалпы айтсам, бұдан басқа да механиздер бар, солардың тиімдісін тәжірибеде байқап көру керекпіз. Қалай дегенде де, айырбастау пункттерінің қызметін реттеу қажет болып тұр. Сол арқылы заңсыздыққа тосқауыл қоюға әрине болады. Тағы бір ескерте кетейін, Ұлттық банк айырбастау пункттерінде шетелдік валютаны сатып алу мен сату бағамының ауытқу шегін белгіледі: доллар бойынша - 2 теңге, евро бойынша - 3 теңге екендігі де қазір баршаға аян. 




Тоқтар Есіркепов, экономика ғылымының докторы, профессор:

– Меніңше бұл асығыс шешім. Өйткені нарық заманында валюта айырбастау пункттерінің жекеменшікте болғаны жөн. Ал Ұлттық банктің айырбастау пункттерін банктердің құрамдас бөлігі етуі бұл – әкімшілік жол. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Айырбастау пункттерін реттеуді негізі нарықтық жолмен шешкен тиімді.

Айырбастау пункттерінің дәл девальвация болған күні долларды қымбатқа сатқандары заңды құбылыс. Ондай жағдайдың орын алатынын Ұлттық банк білмеді емес, білді. Нарық дегеніміз осы емес пе? Әлбетте бұл Ұлттық банкке ұнамады. Ондай болса, осындай «әттеген-ай» дегізер жағдайдың алдын алуды долларды еркіне жібермес бұрын ойлау керек еді. Қысқасы өз басым, айырбастау пункттеріне қатысты болып жатқан заңсыздықтарды шешудің жолы – оларды банктердің құрамдас бөлігі ету дегенге күмәнім бар. Басқа механиздерін қарастыру керек.




Уәлихан Төлешов, саясаттанушы:

– Әрине «айырбастау пукттерінде орын алып жатқан заңсыздықтарға қалай да тосқауыл қою керек» дегендеріне қосыламын. Алайда банктердің құрамдас бөлігі ету – тым артықтау. Демек, Ұлттық банк валюта айырбастау пункттерін банктер арқылы бақылап, қадағалап отырмақ қой? Мұндай проблеманы нарық заңдылығымен шешкен ұтымды. Айырбастау пукттері де нарықтың экономикалық нысандарының бірі. Ондай болса, олардың да дамуына мүмкіндік берген дұрыс. Сөз болып отырған нысандардың да қаржы операцияларын жүзеге асыратын орындар екендігін ескерсек, «олардың жұмыстарын реттеу үшін» барлығын бірдей қатаң бақылауға алып, еркіндігіне шектеу қоюға болмайды. Балама жол қашан да болуы шарт. Айырбастау пункттеріне долларды сатып, оны алуда емін-еркін жұмыс істеулеріне мүмкіндік беру – заңсыздық емес. Ал егер «асыра сілтеушілікке жол бермейміз» десек, онда барлыған ортақ, нақты ереже-тәртіп енгізсек те жетіп жатыр. Сол шартты бұзғандарды жазалап жатса, бұл әрине дұрыс.




Көрілген: 1755    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2014, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30