Алашты алаңдатқан сауал

Банктердің бірігуінен не күтуге болады?



Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:

– Банктер өз қызметін толық атқара алмаса немесе кейбір активтері дұрыс жұмыс істемесе ол банктер банкротқа ұшырауы ықтимал. Банктердің банкротқа ұшырауы оның салымшыларының ақшасының күйіп кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. Негізі банктер қаржыларын жұмыс істете алмай банкрот болып жатса өз еріктерімен жабылуы керек. Мұндай жағдайда оның салымшыларының мүддесін ешқашанда, ешкім ойламайды. Сондықтан мемлекетіміз банктер банкротқа ұшырап, жауапкершіліктен жалтарып кетпесі үшін оларды біріктіру жүйесін ойлап тапты. Яғни банктерді біріктіру арқылы олар өз активтерін беріп, салымшылардың қаржысын сақтауға мүмкіндік туады. Сондықтан банктердің бірігуінен қорқудың қажеті жоқ. Банктердің бірігуіне олар бірін бірі жұтып жатыр деп күдікпен де қарамауымыз керек. Қайта басқарушысы ауысқан соң олардың ертеңіне үмітпен қарауға болады.




Сапарбай ЖОБАЕВ, қаржыгер:

– Банктердің жұмыс істеу талабы бойынша олардың негізгі қорындағы жұмыс істейтін қаржысы көп болуы керек. Халықтың дипозитке салған қаржысы немесе несиесінің қайтарымы емес, банктің өзіндік қаржысы мол болуы керек. Қазір еліміздегі банктерге осы тұрғыдан талап күшеюде. Негізі бұл талапқа елімізде төрт-ақ банк сай келеді. Сондықтан еліміздегі банктер бірігуге мәжбүр. Олардың бірігуі еліміздегі банк жүйесін күшейтеді. Экономикамызға да айтарлықтай пайдасын тигізеді. Халыққа да қаржысын жұмыс істетудің тиімді тәсілдері ұсынылуы мүмкін. Рас, банктердің бірігуі олардың азаюына әсер етіп, бәсекелестікті төмендетуі мүмкін. Бірақ қызу жұмыс істемейтін саны көп банктен, сапалы қызмет көрсететін, сенімді, санаулы банк болғаны дұрыс шығар. Рас салымшылардың қаржысы мемлекет арқылы кепілдендірілген. Сонда да болса олардың сенімді, сапалы жұмыс істейтін банкте тұрғаны дұрыс. Сондықтан банктердің бірігуі қызмет сапасын көтереді деп ойлаймын.




Кенесары ҚАПТАҒАЕВ, қоғам қайраткері:

– Біздің еліміздегі банктер тиімді жұмыс істеп, қорындағы ақшаны өз беттерінше көбейтіп, өздерін дамытуды білмейді. Мәселен мен осы уақытқа дейін үш рет банктен есепшот ашып, үш рет банк күйіп кетіп, қаржымды жоғалттым. Біздің еліміздегі банктер жақсы қырынан көзге түсіп, жұмыс істеп, халықтың сеніміне ие болудың орнына шетелден төменгі пайызбен несие алып, оны халыққа жоғары пайызбен беріп, халық арқылы күн көруге машықтанған. Ақшаны тиімді жұмыс істетуді білмейді. Сосын олар күшейіп кете алмайды. Күшейіп кете алмағаннан кейін еріксіз бірнешеуі бірігуге мәжбүр болып отыр. Бәлкім алдағы уақытта бірнеше банктің бірігуі олардың қаржылық тұрғыдан күшеюіне ықпал етер деп ойлаймын.




Көрілген: 1958    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.04.2014, 15:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30