Алашты алаңдатқан сауал

Бітімгершілік миссиясына қатысатын қазақстандық жауынгерлерге қандай мәртебе тағайындау керек?



Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы:

– Меніңше, бітімгерлерді жіберу туралы халықаралық құжат да­йын­далуы керек. Мәселен, бұл құжатты БҰҰ-ның жарғыларының негізінде жү­зеге асыруға болады. Осы арқылы кез келген соғыс уақытында не бей­бітшіліктік күзет мақсатында жарақат алған сарбаздарға әлеуметтік па­кет қарастыруға болады. Сонымен бірге бұл құжатта қалыпты меди­ци­налық сақтандырумен қатар, адам өмірін сақтандыру келісімшарт­­тары жасалғаны дұрыс. Бәлкім, қазірдің өзінде тәжірибе жүзінде мұндай мәселелер қаралған болуы мүмкін. Сол себепті халықаралық миссия ая­сында жүрген бітімгерлердің мәртебесін халықаралық құжатпен бекі­т­іп, оған қоса ішкі заңдардың көлемінде де жоғарғы әлеуметтік жеңіл­дік­тер мен мәртебелік дәрежелерді қарастырғанымыз жөн. Өйткені біз ха­лық­аралық дәрежедегі түрлі әскери шараларға арнайы шақыртумен не­месе міндеттемемен барып жатқан жоқпыз. Керісінше, өзіміздің ха­лық­аралық міндеттемелерімізді атқару, әлемдік алдыңғы қатарлы тә­жіри­­белермен машықтану, үйрену үшін барамыз. Сондықтан да алды­мен бітімгерлердің мәртебесін өз еліміздің ішінде бекітіп алғанымыз жөн.




Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері:

– Бітімгершілік миссиясына қатысатын қазақстандық сарбаздарға жаңа көзқараспен қарайтын уақыт жетті. Неге десеңіз, біз қазір тәуелсіз және көптеген халықаралық ұйымдарға мүше мемлекетпіз. Еліміз түрлі елдерге бітімгершілік келісімшартпен әскери жұмысқа сарбаз жіберіп келеді. Ол әскерилер бүгінгі саясатымыздың шеңберінде шекара асатындықтан, олардың елге келгеннен кейінгі әлеуметтік жағдайы мен денсаулығына мемлекет қарайласуға міндетті. Бұл орайда Еуропадағы дамыған елдердің Әскери доктринасына қарап, сол мемлекеттердегі қабылданған жеңілдіктерге мән беріп, өз ыңғайымызға келетіндей етіп, Әскери доктринамызға жаңа баптар енгізуге тиіспіз. Қазір отандық патриотизмді насихаттау ісі кенжелеп келеді. Бәлкім, бұл берілетін мәртебе сол патриотизмді арттыруға өз ықпалын тигізетін шығар. Құдайға шүкір, біз өзіміздің Әскери доктринамызды қабылдап алдық. Сол доктринаға бітімгершілік мәселесінің осындай шетін тұстарын енгізіп, БҰҰ секілді халықаралық ұйымдардың назарына іліктіргеніміз жөн. Соғыстың аты – соғыс. Егер де бітімгершілікке барған әскерге арнайы статус бере алмасақ, олардың денсаулығы қалай болмақ? Мысалы, біз Ауғанстанда болдық. Ауған соғысының ардагерлеріне арнайы статус берілген. Сондай мәртебені бітімгершілікке барған әскерилерге Әскери доктрина аясында беруге болады деп ойлаймын.




Қуаныш ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ІІМ Ішкі әскер қолбасшысының баспасөз хатшысы:

– Бітімгершілік миссиясына барған қазақ­стандық жауынгерлерге мәртебе беру ісімен Қорғаныс министрлігі арнайы айналысуы қажет секілді. Себебі бітімгершілер өз өмірлерін бәй­геге тігіп, соғыс даласына барды. Олардың қан­шамасы денсаулықтарынан айырылды? Соғыс болған соң, рухани һәм психологиялық тұрғыда әртүрлі күрделі жағдаяттар орын алуы мүмкін. Сондықтан мемлекет олардың мәртебесін белгілеп, әлеуметтік және психологиялық жағда­йы­на қарайласуы тиіс. Егер де бұл мәселе заң шең­берінде шешілсе, мемлекетке аса қиын­шы­лық туғызбайды. Сондай-ақ бұл мәселеде ха­лықаралық тәжірибеге сүйенуге тиіспіз.




Көрілген: 1106    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.12.2013, 14:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30