Алашты алаңдатқан сауал

Елімізде жанармай тапшылығы болуы мүмкін бе?



Ақмарал ҚАЛМҰРАТОВА, «Organіc» тәуелсіз мұнай өнімдерін зерттеу орталығының директоры, химия ғылымының кандидаты, мұнай өнімдерінің сәйкестігін растайтын эксперт-аудитор:

– Менің болжамым бойынша алдағы уақытта жанармай тапшылығы болмайды. Мәселен біз бұрын қанша мұнай зерттесек, қазір де сол мөлшерден ауытқыған жоқпыз. Аймақтағы мұнай өңдеу зауыттары да бұрын қанша мөлшерде мұнай өңдесе әлі де сол мөлшерді ұстап тұр. Ең ірі Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы мұнай өндіру зауыттары еш үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Елімізде мұнай қоры жеткілікті. Жыл өткен сайын өндіретін мұнай көлемін де арттыруды ойлап отырмыз. Сондықтан мұнай тапшылығына алаңдауға негіз жоқ секілді. Қайта алдағы уақытта мұнай өңдеу зауыттарының санын арттыру жайы сөз болуда. Демек біздің мұнай тапшылығына алаңдауымызға негіз жоқ. Қайта мұнайға қатысты мәселелердің шешілуіне үміттенуіміз керек. Тиісті орындардан да осыны талап етуіміз керек. Қосымша Ресей мен Қытайдан да жанармай тасылып жатыр. Алдағы уақытта көрші елдерден бас тарта отырып, өзіміздің зауыттарымыздың өз елімізді толықтай қамтамасыз етуіне күш салуымыз керек. Жалпы дәл қазір жанармайға қатысты алаңдауға негіз жоқ. Жанармайдың қымбаттауына мүдделі топтар елімізде болып жатқан әртүрлі өзгерістерді пайдаланып жанармай тапшылығы туралы әңгіме тудырып отыр деп ойлаймын. 




Дайрабай ҮСІПБАЕВ, «Қазимпэкс Ақтау» қорының директоры, экономика ғылымының кандидаты:

– Негізі зауыттарымыз толыққанды жұмыс істеп тұрса халқымызды жанармаймен қамтамасыз етуге жетеді. Бірақ көбінесе мұнайды бағасына қызығып шекара асырып жатады. Сондықтан ең алдымен халықтың қамтамасыз етілуіне басымдық беруіміз керек. Қазір девальвация, Ресейден келетін жанармай мөлшері азайды, анау мынау деп түрлі жалған нұсқалар айтып мәселе тудырудың қажеті жоқ. Өзімізді өзіміз қамтамасыз етуге, жанармай бағасын қалыпта ұстауға шамамыз жетеді. Сондықтан тиісті орындардан осы мүмкіндікті талап етуіміз керек.




Тоқтамыс МЕҢДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:

– Дәл қазір мемлекет тарапынан жанармай тапшылығын тудырмауға, оның бағасын өсірмеуге қатысты іс-шаралар жасалуда. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Арасында жанармай тапшылығын тудыруға, бағасын өсіруге мүдделі топтар сондай әрекеттер жасауы мүмкін. Бірақ оның бәрі уақытша. Осыған дейін де бірнеше рет осындай дүрбелең туып уақытша жанармай тапшылығы туындағаны, жанармай бағасының өскені белгілі. Бірақ көп уақыт өтпей артынша бәрі қалыпқа келді. Сондықтан қазір де дүрбелеңге ерудің қажеті жоқ. Кейде халықтың өзі дүрбелеңге қосылып, жанармай тапшылығын тудырып, жанармай бекеттерінің алдында кезекті көбейтіп осыған мүдделес адамдардың ойының жүзеге асуына себепші болып жатады. Сондықтан жанармай тапшылығы туындауға негіз жоқ деп, халықты дүрмекке ермеуге шақырамын.




Көрілген: 1670    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.04.2014, 15:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30