Алашты алаңдатқан сауал

Еліміздегі діни ахуалға қандай баға бересіз?



Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор: 

– Бүгінгі таңда елімізде орын алып отырған діни ахуалды күрделі деп айтуға болады. Өйткені, хрестияндық діни секталар мен вахобистік нанымдағы исламдық діни ағымдардың қатарына кіріп жатқан жастардың қатары көбейіп барады. Бұған қарсы тұру үшін ұлттық салт-дәстүрді, қазақи болмысты, діни  танымды сақтайтын механизмдер қажет. Ондай механизмдерге білім саласын, ғылыми зерттеу саласын, құқықтық-әділет саласын,  конституциялық шеңберді жатқызуға болады. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Конституция бойынша дін мемлекеттен бөлек. Ешбір діни ағымға қолдау жасамайды. Азаматтардың діни бостандығын шектемейді. Мемлекет және дін, мемлекет және өркениет тұрғысынан қарайтын болсақ, қазақ мемлекеттілігі негізінде қазақ мәдениеті жатыр, ал қазақ мәдениетінің негізінде қазқи ислам жатыр. Қазақ халқының діни ұстанымы – ханафи масхабы. Діни ахуалды бақылап отыру үшін зиялылық ұстанымына бірнеше функциялар енгізілуі тиіс. Мен ондай функциялардың он бірін ұсынғам. Соларды негізгілері: реттеушілік, ұлттық бірегейлікті қамтамасыз ету, діни танымдарды бақылау, діни қызметкерлердің қызметін реттеу. Егер осы функцияларды амалға асырса, Қазақстан сыртқы әлемнен қол үзбей, өзінің ішкі проблемаларын өзі шешетін деңгейге жетер еді. Бұрын қазақ тектік тұрғыдан үшке бөлініп келсе, енді діни нанымның салдарынан жік-жікке бөлініп барады. Бұл аса қауіпті құбылыс.




Лимана ҚОЙШИЕВА, Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімінің басшысы:

– Егемендік алған алғашқы жылдарда адамдардың адасып, неше түрлі балгерлер мен бақсылардың, діни ағымдардың жетегіне еруі көп болды. Бертін келе, баспасөз ақпараттық құралдарында бұл мәселе жиі көтеріліп, адамдар алданғанын, адасқанын түсініп, тура жолға түсті. Мұны зерттеу нәтижесі көрсетіп отыр. Соңғы кезде Сирияға барып, соғысқа қатысып жүрген қазақстандық жиһадшылар жайлы жиі айтылып жүр. Алайда, олардың бәрін «діни наным үшін барғандар» деп кесіп айтуға болмайды. Бұл терең зерттеуді талап ететін жағдай. Кейбір дерек көздері, олардың арасында ақша табу мақсатында, келісім-шарт негізінде барғандардың да бар екенін айтады. Олар сол арқылы өздерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, күнкөрісін оңалтуды мақсат етеді. Жалпы, әлеуметтік жағынан дұрыс қорғалмаған топтағы азаматтардың діни ағымға кіріп кету ықтималдығы жоғары. Бір әлеуметтк мәселесін шешіп беру арқылы оларды діни ағым қатарына тартып алуы мүмкін. Өйткені, кей жағдайда адам отбасын, бала-шағасын асырап-бағу үшін ойланбай қадам жасауы кәдік. Дегенмен, соңғы кездегі дінге қатысты заңға енгізілген өзгерістер оң нәтиже бергені байқалады. Діни ахуал мемлекеттің бақылауында деуге болады.




Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Осы уақытқа дейінгі қоғамда ұлттық мәміленің болмауы, мемлекеттік саясаттың ақсауы, діни мәселелерге қатысты «сен тимесең, мен тиме» деген ұстанымның салдары бүгінгі таңда қазақтың ұлттылығына, қазақтың мемлекетіне үлкен қауіп төнгізіп отыр. Сарапшылармен бірге отырып есептегенімізде, жат діни бағытты ұстанатын оннан астам жамағат өлілдері жұмыс істеп жақанына көз жеткіздік. Олар тек діни нанымдарын ғана уағыздап қоймай, қай елдің өкілдігі болса, сол елдің саяси бағытын, этно-мәдени ерекшеліктерін де насихаттайды. Қыздарымыздың хиджап кию соның бір көрінісі. Оның араб әйелдерінің киімі екені әмбеге аян. Бұл дәстүрлі қазақи исламның әлсіздігін көрсетеді. Егер дәл осылай кете берер болса, мұның үлкен қауіп тудырары хақ. Қазіргі таңда, белгілі бір мақсаттармен, исламға үлкен материялар, ұғымдар сенім-нанымдар араласып отырғанын ескерсек, бұған бей-жай қарауға болмайды. Ең қауіптісі, өз ішімізде соларға қолдау көрсетіп отырған беделді адамдар бар. Міне, соларды анықтап, жамағатымен қоса қазақ қоғамынан аластату керек. Бұл болуы мүмкін лаңкестік әрекеттердің жолын кеседі. Сондай-ақ, жастарымыздың өзге елдерге барып, өзінің, бала-шағасының өмірін өлімге тігіп, жиһад жасауына жол бермес еді. Сондықтан, менің ойымша, осы мәселеге қатысты іс-қимыл атқаратын барлық органдардың бірлесе, бір-бірімен байланыса отырып, жүйелі, жұмыла жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган қажет сияқты. «Бұл ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің жұмысы, басқаның жұмысы» деп қарап отырмай, бірлесе жұмыс істеу керек. Ал, олардың жұмысын үйлестіріп отыратын құзіретті мемлекеттік ұйым қажет. Мысалы екі мыңыншы жылдарда дін мәселесімен сотталғандардың көбі әсіре діншілдердің уағызына еріп, кітап, парақша таратып қамалғандар екен. Ал, олардың арғы жағында тұрғандар жазадан тыс қалып, жымысқы әрекеттерін әлі де жалғастырып жүр.




Көрілген: 1744    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2014, 15:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30