Алашты алаңдатқан сауал

Еңбек қауіпсіздігін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін қалай арттыруға болады?



Сиязбек МҰҚАШЕВ, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының экс-төрағасы:

– Еңбек қауіпсіздігін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін ең алдымен заңдық тұрғыдан арттыру керек. Рас, заңдар да бар. Бірақ сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Кәсіподақтарға заңдық тұрғыдан құқық беру керек. Сол құқықтың негізінде салалық кәсіподақ ұйымдары еңбек қауіпсіздігінің сақталуына, қауіпсіздік ережесі бұзылған жағдайда жұмысшының барлық құқықтарының қорғалуына толықтай атсалыса алатындай болуы тиіс. Қазір «кәсіподақ ұйымдарының мекеменің ішкі жұмысына араласуына болмайды» деген секілді тыйымдар олардың мүмкіндігін шектеп отыр. Кеңес одағы кезінде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы салдарынан жұмысшы қайтыс болса Мәскеуден комиссия құрылып, келіп тексеретін. Еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты мекеменің кінәсі дәлелденсе, мекеме басшысы қатаң жазаланатын. Тіпті еңбек қауіпсіздігінің сақталмағаны анықталса ол мекеменің жұмысын уақытша тоқтатып қоятын. Қазір осы бір тәртіптер қожырап кетті. Еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына жиі куә болатын болдық. Тағы бір айта кетер жайт, жұмысшылардың өздерінің қауіпсіздігіне сақ болуға, өздерінің денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға үйретуіміз керек. Заң мен жоғары жақтан бақылау еңбек қауіпсіздігінің толықтай сақталуына кепіл бола алмайды. Сырттан келіп прокурор бір рет қана тексеріп кетуі мүмкін. Ол сол жерде еңбек қауіпсіздігінің жыл бойына сақталуына жауап бере алмайды. Сондықтан ең алдымен жұмысшылар өздерінің өміріне өздері жауапты. Жастарды жұмысқа кіріскен күннен бастап еңбек қауіпсіздік ережесін сақтауға үйретуіміз керек.




Мырзабек БЕКБЕРДІ, заңгер:

– Шынын айту керек қазір елімізде кәсіподақ ұйымдары мүлдем жұмыс істемейді деуге болады. Мәселен құрылыс компаниялары кәсіподақ ұйымдарына жұмысшылардың жарналарын аударып отырмақ түгілі құрылысшыларының жалақысын уақытылы бермейді. Тіпті жұмысшыларымен еңбек келісімшартын жасаспайды. Еңбек қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы салдарынан жұмысшы қандай да бір оқыс жағдайға ұшыраса, құрылыс басшысы «оны танымаймын» деп шыға келеді немесе біршама уақыт бұрын жұмыстан шығып кеткен дей салады. Ал мұндай жағдайда кәсіподақ ұйымының еңбек қауіпсіздігі мәселесіне араласа алуы да мүмкін емес қой. Қазір еліміздегі еңбек қауіпсіздігінің шын бет бейнесі осындай. Сондықтан жалпы жұмыс беруші мен жұмысшы, кәсіподақ ұйымы арасындағы қарым қатынасты, өзіндік міндеттерін айқындап алатын заң керек секілді. Сол заң толықтай орындалғанда ғана кәсіподақ ұйымының мәртебесі көтерілер еді.




Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:

– Қазір кәсіподақ ұйымдарының рөлі өте төмен. Бұрын олар жұмысшылардың құқығын қорғаудан бастап, олардың жылына бір рет шипажайда демалуына дейін қамтамасыз ете алса, қазір олар аты бар, заты белгісіз ұйымға айналды. Ал кәсіпорындар жанынан құрылған кәсіподақтар сол мекемелерге тәуелді. Өзі тәуелді болып отырған кәсіпорынға ол қалай қарсы жұмыс істей алад?! Тәуелді болған соң, көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Сондықтан кәсіподақ ұйымдарына мәртебе, арнайы құзірет, құқық берерліктей заң қабылдамайынша, олардың рөлін арттыру мүмкін емес.




Көрілген: 2766    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 30.04.2014, 14:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30