Алашты алаңдатқан сауал

Жанар-жағармай бағасының төмендеуі уақытша құбылыс па?

  • © baq.kz

    © baq.kz

Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты:



– Бензин бағасына қатысты мәселе осы жылдың қаңтар айының соңында Мәжілістің Үкімет сағатында қаралып, сонда Энергетика министрі Владимир Школьник мәселеге жан-жақты түсініктеме берген-ді. Министр өзі­міз­дегі мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге қой­ылуына байланысты, Қазақстанға көр­ші­лес Ресейден арзан бағалы жанар-жағармай алу мәселесі қаралып жатқанын айтқан-ды. Министрдің пікірінше, айрықша сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің шектік сату бағасы 109 теңге көлемінде белгіленген. Бірақ жанар-жағармай құю бекеті қожайындарының бензин бағасын түсіруіне болатынын, алдағы уақытта жанар-жағармай құнының түсетінін мәлімдеген-ді. Айтқаны келіп, АИ-92 маркалы бензин бағасының құны 109 теңгеден – 107, 104, тіпті кейбір жерлерде103 теңгеге дейін түсті. Рас, жанар-жағармай сататын бекет қожайындарының бензиннің әр литрін Үкімет белгілеген шектік бағамен сатуға бейіл екені ақиқат. Сондықтан Үкімет пен аймақтағы жергілікті басқару органдарының мұны қатаң бақылауда ұстағаны абзал. Бұл – біріншіден! Екіншіден, әлемде мұнай бағасының құлдырауы жанар-жағармай бағасының арзандауына ықпал етпей қоймайды. Үшіншіден, дағдарыс орын алып отырған бүгінгідей кезеңде бензин бағасының төмендеуін уақытша құбылыс деп айтудың өзі қиын. Себебі әрбір елдің экономикалық дамуы, оның ішінде, жанар-жағармай бағасы құнының қандай шекте болатыны ең алдымен әлемдік дағдарысқа тығыз байланысты.


 


Назрахмет ҚАЛИ, қоғам қайраткері:



– Бірер күннен бері бензин құны төмен­деп, жүргізушілер қауымы бір жасап қалды. Егер осыдан үш-төрт ай бұрынғы жағдайға назар аударсақ, жүргізушілер көп қолданатын АИ-92 бензинінің бір литрінің құны бірден128 теңгеге шарықтап, көлік жүргізушілер не істерін білмей дағдарып қалғаны бар. Арада уақыт өте келе АИ-92-нің құны 115 теңгеге түс­ті. Ал осы сәрсенбіден бері осы маркадағы бензиннің бір литрі 107-104 теңгеден сатыла бастады. Ал АИ-95/96 маркалы бензиннің бағасы 148-ден 157 теңгеге дейінгі аралықта белгіленіп отыр. Әрине, бұл қарапайым халық үшін тиімді. Дегенмен бір жылдың ішінде жанар-жағармай бағасының қырық құбылуы, меніңше, қолдан жасалып отырған қитұрқылық сияқты. Себеп қайсы десеңіз, дүниежүзінде мұнайдың бағасы барынша арзандап, шектік деңгейге жетті. Мұндай кезде бензин құнының арзандамауы тіпті де мүмкін емес. Бәрі де Үкіметке байланысты. Сондықтан ел Үкіметінің қарапайым жүргізушілерді әбігерге түсірмей, бензин бағасын талапқа сай реттеп тұрғаны абзал.


 


Жанділдә ЖАҚЫПОВ, заңгер:



– Жанар-жағармай бағасының бір жыл ішінде сан мәрте өзгеруі, яғни қымбаттауы – елімізде қолданылып жүрген заңдардың шикілігі. Егер заң талапқа сай қолданылса, еліміздің барлық аймақтарында бензин құны Үкімет белгілеген бағада болуы тиіс еді. Алайда заңның орындалуын қадағаламағандықтан, Үкімет шарасыздық танытуда. Мұны пайда­ланған жанар-жағармай бекеттерінің қожалары бензин бағасына өз биліктерін жүргізуде. Өр­кениетті елдерде мұндай әрекетке жол беріл­мейді. Ең бастысы, бензин бағасы да заңмен белгіленіп, заңға сәйкес өзгеруі тиіс. Ал заң жұмыс жасамаған жерде бейберекетсіздік орын алатыны даусыз. Демек, қаншама дағдарысты кезең болса да, жүзеге асырылған іс-шаралар тәрізді жанар-жағармай бағасы да заң арқылы реттеліп отырылғаны жөн.


aikyn.kz

Автор: Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ




Көрілген: 2173    Пікірлер: 0

сенбі, 07.02.2015, 14:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30