Алашты алаңдатқан сауал

Жер телімдеріне қатысты алаяқтарға жазаны қатайту керек пе?



Дәурен АРЫН, заңгер:

– Жалпы, бүгінде жер мәселесі – ушығып тұрған дүние. Қазір қара­­пайым қазақта ұлтарақтай да жер жоқ. Жердің денін бай-манаптар меншігіне алып алды. Ал енді, қане, солардың ол жерлерге дүрілдетіп кәсіп­орын салып, істі жүргізгені? Бұл мәселені шешу үшін жерден есесі кеткен қазақтарға жер берілуі тиіс. Одан кейін жер салы­ғын гектарына 1000 теңгеге дейін көтеру қажет. Мұндайға көнбесе латуфиндистер жер­­ді мемлекетке қайтаруы қажет немесе сол бос жерлерге ауқымды инвестиция салып, тіршілік нәрін беруі керек. Бұдан соң жер телімдерін орынсыз саудаға салған алаяқтарға қатысты заңға қатаң өзгерту енгізген абзал. Жалпы, осы көлемді жер телімдерін сатуға мүлде қарсы болуы­мыз керек. Мысалы, Германия, Израиль, Малайзия тәрізді елдер жерді негі­зінен басты өндіріс құралы ретінде пай­даланады. Жерді ол елдерде қан­дай да бір инвестор халық игілігі үшін жалға алс, мемлекетке көлемді салық төлейді, тапқан пайдасын бөліседі, пайдаланған жерін үне­мі ты­ңайтып, тіршілік нәрін жүргізіп, жай­натып отырады. Ал бізде бұл жайт­тар­дың керісінше екенін ескер­сек, жер телімдеріне қатысты заң­бұзу­шылық әрекеттерді қатайтқан абзал. Мұның кезеңі әлдеқашан жеткен.




Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист-сарапшы:

– Бізде қазір қалалы жерлердегі жер телімдерін қойып, ауылдық жер­лердегі жер телімдерінің мәселесі өте өзекті болып тұр. Бүгінде елімізде 120 млн гектар жер ауыл шаруашылығына пайдалануға берілген. Оның 40 млн гек­тары егістік алқап болса, қалған 80 млн гектары – жайылымдық жерлер. Қазір­ осы жекелеген қолдағы жайылымдық жерлердің жай-күйі бас қаты­рар­лықтай деңгейге жеткен. Өйткені біз жерді пайдаланудың сауатты әдіс-тәсілін меңгере алмай отырмыз. Бүгінде біздің шаруаларға пайдалануға берген жайылымдық жерлеріміздің 80 пайызы жарамсыз саналып отыр. Басты себеп: жекелеген шаруаның жерді күтіп-баптауға қауқары жоқ. Техникалық қуат­тылығы жарамсыз. Сарапшылардың дені «мұндай жарамсыз жайылымдық жерлерде мал шаруашылығын өркендету мүмкін емес» деп дабыл қағуда. БҰҰ-ның деректеріне қара­ғанда, еліміздің 272,5 млн га жерінің 179,9 мил­лионы шөлейттенуге дейін жеткен көрінеді. Елде 90-жылдары 180 млн гектар жайылымдық жер бол­ған. Ал қазір ол жерлердің үлесі азайды. Деректер бүгінде ауылдық-аумақтардың өзінде біраз отбасылардың жерсіз қалып отыр­ғанын көрсетеді. Мұндайда қалалық жерлердегі жер телімі туралы ауыз ашудың өзі ұят. Ушығып, асқынып кеткен бұл мәселені шешу үшін бастысы қатаңдатылған жаңа Жер кодексі керек.




Марал ТӨРТЕНОВА, саясаттану ғылымының кандидаты:

– Жалпы, жер мәселесін реттейміз десек, алдымен жер телім­деріне қатысты алаяқтыққа жол берген шенеуніктерге қатысты заң қабылдануы керек. Нақ осы мәселеге қатысты жергілікті әкімдердің жауапкершілігін күшейту қажет. Бұдан соң ірі көлемде жекенің қолына өтіп кеткен жер телімдерінің 60 пайызы мемлекет меншігіне қай­та­рылуы тиіс. Қарапайым бұқараға жерді несиеге беру үрдісі жалғасын табуы керек. Ең бастысы, «Жер кодексін» қайта қарап, жоғарыда аталған ұсыныстарды кодекске енгізу мәселесі қарастырылғаны абзал. Бұл үрдістердің де бос жатқан жер телімдерін игеруге, қарапайым бұқараның жер теліміне біртіндеп қол жеткізуіне өзіндік жол ашатыны даусыз. Жер телімдерін несиеге беру үрдісін жетілдірсек, қазірде керекті-керексіз банктен қарыз алып, оны өтей алмай жүрген қарапайым бұқараның жер алуына, сөйтіп, өзіне пайдалы дүние алуына жағдай жасалынған болар еді. Жер теліміне қатысты кез келген мәселе арнайы зерттеліп, сараптаудан өтуі тиіс. Заңды қатайту қажет. Мұның артықтығы болмайды.




Көрілген: 1055    Пікірлер: 0

сенбі, 21.12.2013, 13:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30