Алашты алаңдатқан сауал

Жоғары оқу орнына түсу емтиханын компьютер арқылы қашықтан тапсыруға дайынбыз ба?



Қали ӘБДИЕВ, Ұлттық тестілеу орталығы директоры міндетін атқарушы:

– Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп бітірушілер 2015 жылға қарай жоғарғы оқу орнына түсу үшін бөлек емтихан тапсырады деп қарастырылған. Яғни, мектеп бітіру және студент атану үшін түлектер екі мәрте сынақтан өтеді. Министрліктің жұмыс тобы, арнайы мамандар аталған қос сынақты компьютер арқылы онлайн түрде тапсыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жекелеген топтар үшін қашықтан комьютермен емтихан тапсыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жалпы мектептерде мұндай қажеттілік жоқ деп ойлаймын. Қазірдің өзінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін осындай технологиялар енгізілген. Университетке түсу үшін онлайн емтиханды қолдануға болады. Әзірге бұл жоспар ғана, болашақта әлі де жетілдіріле түседі.  




Советхан ҒАББАСОВ, жазушы, педагогика ғылымының докторы:

– Біздегі бір кемшілік, қай салада болсын кез келген жүйені ғылыми негізде зерттеп алмай жатып жүзеге асыруға асығамыз. Осындайдан халық арасында түсінбестік туып,  түрлі пікір қалыптасады. Қандай да бір жүйе әкімдік үкімдік негізде қабылданады. Сондықтан жоғарғы оқу орнына түсу емтиханын компьютер арқылы қашықтан тапсыру жүйесін енгібес бұрын осы жүйені зерттеп, оның нәтижесін халыққа жеткізіп алса, сонда көпшілік оның пайдасы мен зиянын түсінеді. Бұған алдын ала үлкен дайындық жасау керек. Ал мектеп бітіру мен жоғарғы оқу орнына түсуге арналған емтихандарды екі бөлгенін дұрыс деп санаймын. Он жылдық білім бөлек бағаланып, жоғарғы оқу орнына түсуге арналған емтиханның бөлек болғаны балаларға жеңіл болады деп есептеймін.




Бақытжан МОЛДАХАНОВ, мұғалім:

– Жылда оқушылар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері ҰБТ-ға қатысты жаңалықтарға құлақтарын түріп, қандай да бір өзгеріс болып қала ма деп елеңдеп отырады. Биылғы жылы ҰБТ өзгеріссіз өтетінінен хабардар болдық. Алайда келесі жылы Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты біраз өзгерістердің болатынын айтып отыр. Меніңше, білім саласына қай министр қандай өзгеріс енгізем десе өз еркінде. Басшылық реформа жасаудан жалықпайды, білім саласының қызметкерлері мен оқушылар олардың бұйрығын орындаудан танбайды. ҰБТ-ға қатысты осы уақытқа дейін қаншама қайшы пікірлер айтылды. Солардан бірдеңе өзгерді ме? Сол сияқты егер министрлік жоғарғы оқу орнына түсу емтиханын онлайн түрде компьютермен тапсырамыз десе оған да көнуден басқа шара жоқ. Бұл жүйеге дайын болсақ та, болмасақ та егер министрлік мақұлдаса біз бас тарта алмаймыз. Ал менің жеке пікірім, жоғарғы оқу орнына түсу емтиханын қашықтан компьютер арқылы тапсыруға толық дайын емеспіз.




Көрілген: 2676    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 31.03.2014, 16:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30