Алашты алаңдатқан сауал

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғындарға отшашуларды белгіленген арнайы орындарда ғана атуды міндеттеу керек пе?



Бақытжан МҰЗДАҚБАЕВ, Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны:

– Өз басым өрт қауіпсіздігін, тұрғындардың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету мақсатында отшашулар атуға белгіленген арнайы жерлерде ғана рұқсат беру керек деп ойлаймын. Өйткені жыл сайын отшашу­лар­дың кесірінен қаншама өрт оқиғалары орын алып жатады. Со­ны­мен қатар Жаңа жыл мерекесі кезінде балалардың отшашулардан жарақат алу жағдайлары да жиі орын алады. Сондықтан отшашулар ататын арнайы орындарды белгілеу қажет-ақ. Сондай-ақ арнайы белгіленген орындарға отшашумен айналысатын фирма өкілдері келіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, балаларға үйретіп жатса құба-құп болар еді. Өйткені біз қанша күрессек те, Қытайдың шыққан тегі белгісіз, сапасы күмәнді отшашуларының елімізге әкелуіне де, сатылуына да тосқауыл қоя алмай отырмыз. Пайданы көксеген кәсіпкерлер ол тауарларды жолын тауып әкеле береді.




Бақыт ӘЛІБАЕВА, Назарбаев зияткерлік мектебінің аға менеджері:

– Әрине, өрт қауіпсіздігінің алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген ұсыныс дұрыс-ақ. Бірақ адамдардың бәрін белгіленген арнайы орынға барып қана отшашу атуға мәжбүрлей алмаймыз ғой. Ол тіпті мүмкін де емес сияқты. Сондықтан, менің ойымша, отшашулардың сапасына аса көңіл бөлуіміз қажет. Сауда орындарында сапасыз өнімнің сатылуына жол бермеуіміз керек. Сонан соң отшашулардың сертификаты болуы шарт. Отшашулардың сыртында барлық қауіпсіздік ережелері жазылып тұруы тиіс. Балалардың қауіпсіздік ережелерді ескермеуі салдарынан жыл сайын төтенше оқиғалар орын алып жатады. Сондықтан ата-аналар балаларға қауіпсіздік ережелерін ұғындыруы қажет және балаларды бақылап отырған абзал. Өйткені қашан да баланың аты – бала.




Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:

– Отшашулардың кесірінен жыл сайын қаншама тө­тен­ше оқи­ға­лар орын алып жатады. Әсіресе Жаңа жыл ме­рекесі кезінде бала­лардың жарақат алу жағдайлары кө­бейеді. Сондықтан да тұр­ғын­дардың қауіпсіздігін қам­та­­масыз ету үшін отшашуларды бел­гіленген арнайы жер­лерде ғана атуға рұқсат беру дұрыс сияқты. Ондай орын­дарды табу да қиын емес. Қалаларда ірі сауда орындары көп. Олардың алдында алаңқайлар да бар. Сауда орын­да­рының бас­шы­ларымен келісіп, мәселені шешуге бо­лады. Бұл сауда орындары үшін де тиімді. Өйткені сол алаңға жиналған тұрғындардың қан­шасы сауда жасайды, демек, сауда орталықтарының жұмысы қыза түседі. Осы­лай бір оқпен екі қоянды атып алуға болады. Тек оған жергілікті билік тарапынан ықылас болса болғаны.




Көрілген: 1066    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2013, 14:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30