Алашты алаңдатқан сауал

Қазақ әйелінің образын әлемге танытатын фильмдер неге аз?



Ділдар МАМЫРБАЕВА, прозашы:

– Қазақ тарихында, көркем әдебиетте қазақ әйелі, аналары туралы шығармалар өте көп. Алайда осындай образдарды фильм арқылы бола ма, әйтеуір қалай болса да ашып көрстеу жағы кемшін түсіп жатады. Мысалы, Құнанбайдың анасы, Абайдың әжесі Зеренің образы қандай ғажап. Өкінішке орай, кейбір жастарымыз викториналық сұрақтарда «Абайдың әжесі кім» деген сұрақ келіп қалса, жауап бере алмай жатады. Сондай-ақ Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпаны» тек қазақ әйелінің образы ғана емес, түгелдей бір ұлтты алға сүйрейтін, өркениетке жеткізуге тырысқан тамаша образ. Тізе беретін болсақ, көркем әдебиеттегі қазақ әйелінің орны ерекше. Меніңше, осы образдардың кез келгені фильмдерге арқау боларлықтай. Қазақ әйелін әлемге танытатын фильмдер түсіру болашақтың еншісінде деп ойлаймын.  



Дидар АМАНТАЙ, жазушы:

– «Қазақфильм» киностудиясы құрығаннан бастап қазақ әйелдерінің образын сомдауға арналған фильмдер түсіріп келеді. Сонау алғашқы фильмдердің режиссерлері басқа ұлттың өкілдері болса, да сценарийін Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов секілді тұлғалар жазған. Қазақ кино тарихында алғаш қазақ режиссер түсірген фильм ол Шәкен Аймановтың «Махаббат дастаны». Осы фильмде Баянның бейнесі қазақ қызының образын көрсетеді. Одан кейін Сұлтан Қожықов «Қыз-Жібек» фильмін түсірді. Қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі Мәжит Бегалин Мәншүк Маметова жайлы фильм түсірді. Міне, осы фильмдердің бәрі қазақ әйелдерінің, аналардың образын ашып көрсететін құнды картиналар. Соңғы жылдары да қазақ фильмдері көптеп түсірілеуде. Солардың ішінде Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мыңбала» фильмінде Құралай арқылы қазақтың батыр қыздарының образы шынайы көрсетілген. Болашақта әлі де бұл мәңгілік тақырып қазақ киносынан шет қалмақ емес.



Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ, кинодраматург:

– Егер тарихты қазбалайтын болсақ, қазақ әйелінің образы Томиристен басталу керек. Ал Томирис секілді ержүрек қыз туралы фильмді  түсіруге қыруар қаржы керек. Голливуд түсіретін мұндай тарихи фильмдерге жүз миллион доллар, тіпті одан да көп қаржы бөлінеді. Осы уақытқа дейін «Қазақфильм» қал-қадірі жеткенше Мәншүк, Әлия туралы, қазақ аналарының образын ашатын басқа да біршама фильмдер түсірді. Ал ешбір басқа елдер ана туралы арнайы фильм түсірген емес. Менің арманым – қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова туралы фильм түсіру. Алайда бәрі қаржыға келіп тіреледі. Әйтпесе қазір бізде мүмкіндік бар, жас, дарынды режиссерлер де бар.




Көрілген: 3031    Пікірлер: 1

жұма, 07.03.2014, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30