Алашты алаңдатқан сауал

Қазақстан мен ЕО әріптестік келісімі жаңа жобасында қандай мәселелер қамтылуы керек?



Ілияс Исаев, экономист:

– Бізге Еуропаның жаңа техникасы мен технологиясы, заманауи ғылымы, дамыған мәдениеті қажет. Ал, Еуропа бізден шикізат ретінде уран, мұнай, темір рудалары, астық секілді өнімдерді алғысы келеді. Бұл елдер негізінен Украинаның астығын тұтынатын. Укрианадағы саяси дағдарыс салдарынан Еуропа астықты басқа елдерден тасмалдауға мәжбүр болып отыр. Бұл орайда ең тиімді ел Қазақстан деп білемін. Ресей бізге ЕО елдерінің түрлі тауарларын импорттап келді. Енді Ресейге қатысты жарияланған экономикалық санкцияның салқыны бізге де тиеді деген сөз. Ресейден келетін өнімдердің саны азаяды. Сондықтан, тәуелсіз ел ретінде экономикалық мәселелерді жалтақтамай өзіміз шешуге тиіспіз. Ресейден келетін тауарлардың шектеліп жатса, ол өнімдерді алатын басқа елдермен келісім-шарт жасауымыз керек. Қазақстан мен ЕО арасында жасалатын жоба осы мәселелерді қамтыса деп ойлаймын.  




Оразәлі Сәбден, экономист:

– Елбасы халыққа арнаған жолдауында ғылыммен біте қайнасқан экономика жасау қажеттілігін айтқан болатын. Егер біздің экономикамыз ғылыммен байланысты дамыса, жаңа технологияға, жаңа ғылымға, жаңа идеяларға жол ашылады. Бұл бірінші мәселе. Екіншіден, әлем елдері жеріміз қаншалықты мұнай мен газға бай болса да, бізге аграрлық ел ретінде қарайды. Осы жобада негізгі басымдық ауылшаруашылық өнімдеріне берілуі керек. Өйткені, халқымыздың жартысынан көбі ауылды елдімекендерде тұрады. Осындай кездесулерді пайдаланып, ауыл шаруашылығындағы шағын кәсіпті, төрт түлік өнімдерін, астық шаруашылығын дамытуға, оны ЕО-елдеріне сатуға мүмкіндік алуға тиіспіз. Мамандар әріптестік келісімнің жаңа жобасында осы жайттарды назарда ұстаса, біз ұтылмаймыз. ЕО қазір Ресейге санкция жариялап жатыр. Санкцияның әсері бізге де тиері сөзсіз. Бірақ, біз – жеке мемлекетпіз. Тәуелсіз ел ЕО-пен келісімін жеке өзі ғана жасауы керек. Мұндай сәтте экономикалық қатынасты саясиландырып, екі алпауыттың арасында делдал болуға болмайды. Олар бізге ең алдымен Ресейдің экономикалық одақтасы деп емес, тәуелсіз ел ретінде қарайды. Егер де мұндай сәтте Ресейдің ықпалында қалсақ, олардың көзқарасы өзгеріп сала береді. Санкцияның зарары қандай болатынын мамандар есептеп, ол зардаптың алдын қалай алуға болатынын көрсетіп беруі керек. Мәселен, Ресейден келетін ЕО тауарларын Қытайдан алуға болатын шығар немесе ЕО елдерінен тікелей тасмалдаудың жолын табармыз. Бұл орайда ғалымдарды сарапшы ретінде пайдаланып, дұрыс шешім шығарғанымыз жөн.




Дәурен Бабамұрат, саясаттанушы:

– Қазіргіндей саяси ахуал ушыққан тұста Қазақстан ЕО-пен келісім жасауда өте сақ болуы керек. Себебі, мұндай кезде келісімнің экономикалық астарынан, саяси астары басым болып кетеді. ЕО Ресейге қысым жасау үшін Қазақстанды «ойыншық» ретінде пайдалануы мүмкін. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Еуропаға жол» деген бағдарлама қабылдаған болатынбыз. Сол құжатта Еуропа елдерімен қарым-қатынасымыз қандай болатыны түгелге дерлік жазылған. Біз сол ұстанымды ұстанып, ең алдымен жаңа жобаның саяси астарына үңілуге тиіспіз. Дәл қазіргі уақытта саяси мүдде тұрғысынан болмаса, ЕО Қазақстанға аса қызығып отырған жоқ. Өйткені, ол елдер негізінен бізден шикізат алады. Ол шикізаттың өзі Ресей арқылы тасмалданады. Сондықтан да, ЕО пен Ресейдің арасындағы теке-тірестен бойымызды аулақ салғанымыз дұрыс деп ойлаймын.


Арнайы «Алаш айнасы» үшін




Көрілген: 2690    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.03.2014, 16:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30