Алашты алаңдатқан сауал

Қазақстанда жыл сайын 80 мың сәби анасының тар құрсағында тұншығып өледі

  • Қазақстанда жыл сайын 80 мың сәби анасының тар құрсағында тұншығып өледі

    Қазақстанда жыл сайын 80 мың сәби анасының тар құрсағында тұншығып өледі

Қазақстанда жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалады. Бұл тек ресми дерек. Ал жасырын, заңсыз жолмен, арнайы білімі мен лицензиясы жоқ мамандардың қолымен іске асатыны қаншама? Ол тек жай ғана аборт емес, ананың денсаулығы мен баланың өміріне балта шабу деп хабарлайды 31 арна.


80 мың сәби жыл сайын анасының тар құрсағында тұншығып, жатырдан шықпай жатып өледі екен. Ресми статистикаға қарағанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 4 миллионға жуық аборт жасалған. Бұл - Қазақстандағы қазақтың үштен біріне тең сан. Өкініштісі, бұл түсіктердің тек 3-4-ақ пайызы ана өміріне қауіп төнгеннен кейін, медициналық нұсқаумен орындалған. Қалғаны - жүктілікті қасақана тоқтату.


Қорқынышты статистиканы экономист Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасына жазған екен. Оқырмандардың дені аборт бедеулікке апарады деген пікір қалдырған. 44 жылдан бері медицина саласын зерттеп, акушерия жəне гинекологияға айтарлықтай үлес қосқан профессор Сәдуақас Мұстафаев аборттан кейін ананың құрсақ көтеруі екіталай деген халық пікірін қостап отыр. Жасанды түсік қыз-келіншектердің денсаулығымен қатар психикасын да мүгедек етіп, араға жылдар салып, айықпас дертке жетелейді дейді ол.


"Біріншіден адамның психологиясына өте қатты әсер етеді. Өйткені оған бара жатқанда адам шешу керек, соны жасауға келісу керек. Ол біледі осының жаман екенін, бірақ соны жасайды. Қатты толғанады, ойланады, бірақ ішінде қалады ол. Екіншіден, күйзеліс болады. Үшіншіден, физикалық тұрғыдан адамның ағзасына түсетін дақ. Жасы 50-60-қа келгенде, шығып жатқан аурулардың барлығы сол кезінде жасаған аборттарына байланысты. Сондықтан аборт адамдарды жібермейді", - дейді Мұстафаев.


Әрбір үшінші әйелдің абортқа даяр болуы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің шешілмегенінің көрінісі дейді профессор Айгүл Ісмақова. Жастарға мемлекет тарапынан жағдай жасалмай, ана мен баланың құқығы қорғалмай, жасанды түсік мәселесінен ажырай алмаймыз дейді ол. Сондықтан маман пікірінше, шарасыз шарананы өз қолымен өлтірген ана ғана емес.


"Отбасылы болып, не болмаса ол жалғыз басты ана болып, бала көтеріп қалса да жағдайын үкімет жасайтын заң тетіктері жоқ. Сондықтан қыз бала өз-өзімен қалғанда осындай сұмдыққа барады. Оны мәжбүрлеп отырған біз, біздің заңдарымыз, біздің немқұрайлығымыз, біздің келешекке осылай салғырт қарап отырғанымыз", - дейді Филология ғылымдарының докторы, профессор Ісмақова.


www.nur.kz/kk/1181416-qazaqstanda-zhyl-sayyn-80-mynh-sabi-anasyn.html 




Көрілген: 1238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.07.2016, 22:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30