Алашты алаңдатқан сауал

Қазақстандықтарды отандық автокөлік сатып алуға ынталандыру үшін не істеу керек?



Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:

– Қазақстандықтарды отандық автокөліктерге ынталандыруды ең алдымен еліміздегі осы саламен айналысатын мамандар ойлауы керек. Олар халықтың арасына өнімін кең таратуы үшін түсетін пай­дадан гөрі халықтың көңілінен орын алуды ойлап, біршама же­ңілдіктер жасауы қажет. Шынын айту керек, қазір отандық кө­ліктердің бағасы қымбат. Тіпті отандық су жаңа автокөліктер Ре­сейдің көліктерінен 1,5 есе қымбат көрінеді. Ал мұндай бағаны кез келген қазақстандықтың қалтасы көтере бермесі белгілі. Біз халықты отандық көлікті алуға ынталандыру үшін ең алдымен бағасын қолжетімді етуіміз керек еді. Әрине, алғашқы кезде табыс болмаған соң өнімнің құнының қымбат болуы да заңдылық. Бірақ сол бағасын реттеудің жолдарын қарастыру керек еді. Дәл қазір отандық ав­токөліктердің алушысы тек мемлекеттік мекемелер болып отыр. Олардың өзі күштеумен алады. Бұлай бола берсе, отандық көлік саласын дамыта алмай қаламыз. Сондықтан түрлі жолдарын қарас­тыру керек.




Дайрабай ҮСІПБАЕВ, «Қазимпэкс Ақтау» қорының директоры, экономист:

– Бұл жерде басты нәрсе – отандық автокөліктің бағасы. Екіншіден, автокөліктердің қосалқы бөлшектерінің жоқтығы. Менің жолдасым Қостанайдан құрастырылған отандық автокөлік сатып алып, бір бөлшегі сынып кеткен соң екі ай көлігі жүрмей, бос, қаңтарылып тұрды. Себебі отандық автокөліктің қосалқы бөлшегін ел айналып таба алмады. Кез келген көлік шыққан соң, оның қосалқы бөлшегі де шығуы керек. Темір болған соң ұрыл­май, соғылмай, сынбай тұрмайды. Сол кезде ауыстыратын бөл­ше­гі болмаса, көлік тұрып қалады. Бұл да болса отандық көлік­теріміздің бір мәселесі болып тұр. Тағы бір айта кетер жайт, отан­дық автокөліктеріміздің бағасы мен шетелдік көліктердің бағасы деңгейлес. Сосын бәрі сапасы да тексерілген, бөлшегі де оңай табы­латын шетелдік көлікке ұмтылады. Егер өзіміздің көлік ар­зандау болып тұрса, отандық өнімге жүгірер еді. Дәл қазіргі таңда отандық көліктердің кең таралуына осындай мәселелер қолбай­лау болып тұр деп ойлаймын.




Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер:

– Халықтың сұранысына ие болуы үшін ең алдымен отандық өнімнің сапасы мықты болуы керек. Сапасы шетелдікінен озып тұрса, бәрі отандық көлікке ұмтылар еді. Тіпті шетелдіктердің өзі біздің көлікке қол жеткізуге асығар еді. Көбінесе су жаңа отандық көліктен гөрі бірнеше жыл мінілген болса да, шетелдік көлікті алуға ұмтылады. Бағасы бірдей болса да, сапасы мықты шетелдік көнеге қызығады. Жапонияда он жыл мінілген көліктің отандық су жаңа көлікке қарағанда ұзағырақ мінілетінін қазір кез келген отандасымыз айтады. Сондықтан ең алдымен отандық көліктің сапасын арттыруымыз керек. Екіншіден, отандық көліктердің сапасына қарамастан, бағасы қалтаңды тесіп жібере жаздайды. Мұның өзі көпшілікті қашыратындай себеп. Қазақстандықтарды отандық автокөлік сатып алуға ынталандыруды жолға қою үшін сол баға мен сапаға мән беру керек.




Көрілген: 1047    Пікірлер: 1

сейсенбі, 24.12.2013, 13:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30