Алашты алаңдатқан сауал

Кездейсоқ жүктіліктің алдын алу үшін мектептерге жыныстық тәрбие сағатын енгізу керек пе?



Бақыт Түменова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:

– Кездейсоқ жүктілік – қазіргі біздің қоғамдағы ең бір түйткілді мәселелердің бірі. Дәрігерлердің деректеріне сүйенсек жылына елімізде 130 мыңға жуық жасанды түсік жасалады, соның 30 мыңға жуығы Алматы қаласында екен. Түсік жасатқандардың ең жасы 13-14 жастағы жасөспірім қыздар. Бүгінде 14 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы, 15-17 жастағы қыздардың  21 пайызы жыныстық қатынас тәжірибесіне ие. Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік Еуропамен салыстырғанда 3-4 есе көп. Сондай-ақ елімізде 21 мың АҚТҚ дертін жұқтырған адам болса, соның 40 пайызы 15-29 жас аралығындағы жастар. Осындай түрлі себептерден елімізде 17 мың отбасы бала сүйе алмай отыр. Ал мемлекет тарапынан қазір жыл сайын бір отбасына денеден тыс ұрықтандыру үшін 900 мыңдай ақша бөлінеді. Сондықтан біз мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін балаларымызға жыныстық тәрбиені 12 жастан бастап жүйелі, сауатты түрде жүргізуіміз керек. Мектептерде, балалар үйінде, интернаттарда жыныстық тәрбие сағатын жүргізуді міндеттеу керек.  




Нәйлә Тоқтарқызы, медицина ғылымының докторы, профессор:

– Ойнап жүріп от басқан жас қыздарымыздың көпшілігі кездейсоқ жүктілікке ұрынып, оның соңы жасанды түсікке немес сәбилерін бөбектер үйіне өткізуге әкеп соғып жатады. Бұл ең алдымен, қыз баланың денсаулығына зиян келтіріп, болашақ өміріне балта шабатын белгілі. Жоспарланбаған жүктілік әйел затын психологиялық күйзеліске ұшыратады. Егер біз қоғам болып ұлт болашағын ойласақ, қыз бала денсаулығы мен тәрбиесіне аса мұқият болғанымыз жөн. Қыз балаға ерекше күтім, дұрыс тәрбие қажет. Бүгінгі жасөспірім қыз – ертеңгі ана. Сондықтан мен дәрігер ретінде мектептерге жыныстық тәрбие сағатын енгізу дұрыс деп есептеймін. Желкілдеп өсіп келе жатқан жасөспірімдерге отбасында, білім ошақтарында жыныстық тәрбиені дұрыс беріп отырсақ, біраз мәселелердің алдын алған болар едік.




Гаухар Өтепбергенова, мұғалім:

– Біз балаларымызбен жыныстық тақырыпта сөйлесуге, олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз. Өйткені біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз. Алайда қазіргі ақпараттық заманда балаларымыз тез есеюде. Тіпті кейде олардың сөздеріне, әрекеттеріне қарап, кейбір нәрселерді үлкендерден кем білмей ме деп қаласың. Ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті, қажетсіз ақпараттарды екшеу мүмкін емес. Сондықтан осы жыныстық тақырыпты балаларымыз өздігімен әр жерден бір іздемесін десек, мектептерде арнайы тәрбие сағатын енгізудің еш зияны жоқ. Әр отбасындағыи менталитет әртүрлі, сондықтан кейбір ата-ана бұл тақырыпты баласына түсіндіре алмай жатады. Негізінен ата-ананың міндеті баласының әр нәрсеге қызығушылығын қадағалап, дұрыс бағыт беріп отыру. Ал мектепте жыныстық тәрбие сағатын психолог, дәрігер маманның қатысуымен өткізген дұрыс.

«Алаш айнасы»




Көрілген: 17362    Пікірлер: 1

жұма, 24.01.2014, 18:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30