Алашты алаңдатқан сауал

«Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жас шамасына шектеу қою керек» деп есептейсіз бе?



Әбді ҚИЯЛБАЕВ, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты оқу орталығының бастығы:

– Мен осы салада біраз жылдан бері қызмет етіп, ғылыми еңбектер жасап жүрген маман ретінде айтатын болсам, бұл жерде қоғамдық көлік жүргізушілерінің төменгі жасын еңбек өтілімен бағалауымыз керек. Мәселен, қоғамдық көлікті қанша жылдан бері жүргізіп келеді, еңбек өтілі қанша, осыған шектеу қоюымыз керек. Яғни Д категориялы көлікті үш жыл немесе төрт жыл жүргізген жүргізушілерді ғана автопарктерге жұмысқа алған жөн. Бұл – бір. Екіншіден, жоғары шектеу. Бұл ретте жүргізушінің еңбек өтілінен бөлек, психо-физиологиялық жағдайына қарауымыз тиіс. Адамның жасы ұлғайған сайын физиологиялық белсенділігі төмендей бастайды. Қимыл-реакциялары әлсірейді. Сондықтан қоғамдық көлік жүргізушілерінің жоғарғы жасын да шектегеніміз дұрыс. Мысалы, 55 жастан асқан адамдарға да қоғамдық көлікті жүргізуге рұқсат бермеуіміз керек. Сонда ғана қоғамдық көліктің қауіпсіздігі біршама артатын болады.




Дәулетбек ЖАНБОТАЕВ, «Алтын ғасыр» техникалық байқау орталығының басшысы, полиция подполковнигі:

– Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жас мөлшеріне міндетті түрде шектеу қоюымыз керек. Себебі қоғам­дық көлікпен болатын жол-көлік апаттарының көбі еңбек өтілі аз жастардың арасында жиі орын алады. Мен қанша жылдан бері жол полициясында қызмет еттім. Сонда байқағаным, ауылдан келген еңбек өтілі жоқ жастар қалаға келіп, қоғамдық көлікке отырады. Олар аялдамадағы жолау­шыларға таласып, бір-бірімен жарысып жүреді. Сондықтан олардың жас ерек­шеліктеріне шектеу қойғанымыз дұрыс деп есептеймін. Кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүр­гізушілерді ғана қоғамдық көлікке отырғызған жөн. Себебі адам тасу деген оңай емес. Адам өмірімен ойнауға болмайды.




Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, техника ғылымының докторы, профессор:

– Әрине, шектеу керек. Өйткені бүгінгі жастар бұрынғы уақытпен салыс­тырғанда, көбіне физикалық-психологиялық, моралдық жағынан әлсіз. Қазіргі жастардың көлік қозғалысына епсіз, көлік тығынында бірден ашуға бой алдырады. Сондықтан автобус паркі басшылығы жастарды жұмысқа аларда өте сақ болғаны жөн. Олардың жүргізуші куәлігі барына қарамастан, жұмысқа ең алғаш келген жасты бір ай сынақ мерзімінен өткізуі керек. Қоғамдық көлікті бұрыннан жүргізетін кәсіби маманның қасына отырғызып, үйретуі тиіс. Содан кейін ғана автопарк ішінде құрылған комиссия мүшелері арқылы жұмысқа алатын жасты қосымша арнайы тестіден өткізуі керек. Себебі жүргізуші куәлігін алған бір бөлек те, ал қоғамдық көлікті басқару, жүргізу мүлдем қиын. Өйткені ол жүргізуші куәлігін қалай алды, мүмкін, сатып алған шығар. Сатып алмаса да кейбір адамдар теориялық жағынан жақсы білгір болады да, практикалық жағына келгенде тәжірибесіз болып жатады.




Көрілген: 1259    Пікірлер: 0

сенбі, 07.12.2013, 12:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30