Алашты алаңдатқан сауал

Көлеңкеде қалып қойған, дәстүрлі әншілердің беделін көтеру үшін арнайы одақ құру қажет пе?



Ләззат ЖАНАМАНОВА, дәстүрлі әнші:

– Бұл орынды көтеріліп отырған мәселе. Расында да, дәстүрлі әншілер эстрада әншілері секілді тойдан тойға шапқылап, қосымша қаражат таппайды. Олардың әлеуметтік мәселесі де көп жағдайда шешілмей қалып жатады. Мұң-мұқтажын тыңдайтын орта да жоқ. Өкінішке орай, журналистер қауымы да, дәстүрлі әншілер туралы арнайы хабарлар дайындап, жеке-жеке сұқбат ала бермейді. Жаңа ән дүние келіп, осы салада айтарлықтай оң өзгерістер орын алса да насихатталмай жатады. Мұның барлығы дәстүрлі әншілер мен бишілер еңбегінің лайықты дәрежеде насихатталмауынан болса керек. Есесіне шет елдіктердің біздің дәстүрлі әнімізді естісе ішкен асын жерге қоятындай дәрежеге жеттік. Дәстүрлі әншілер мен күйшілер жылына бір рет болса да, шет елге барса болды, зор қошеметке ие болып қайтатынын көріп те жүрміз.. Соған қарамастан, біздің елде дәстүрлі әншілердің өзара жиналып, шығармашылық жайын сөз ететін ортасы жоқ. Сол себепті, біз кей жағдайда әріптестеріміздің үйлеріне кезекпен барып, басқосуға мәжбүрміз.. Ал егер сіз айтқандағыдай одақ құрылатын болса, онда түйіні шешілмеген көп мәселелердің беті ашылып, ұлттық дәстүрімізді одан сайын жаңғыртуға мүмкіндік туар еді. 



Жаңыл МЕРСИМОВА, ақын, актриса:

– Дәстүрлі әншілердің одағы міндетті түрде құру керек. Онсыз біз ата-бабамыздан мирас болып қалған салт-дәстүрімізден ажырап қалуымыз мүмкін. Ол одақтың қызметі қазіргілерге қажет болмағанымен, кейінгі ұрпаққа ауадай қажет болады. Олай дейтінім, кейінгі кездері бүкіл әлем эстрададан жалыққандай, сол себепті әр ұлт пен ұлыс өзінің төл өнерін насихаттауға көшкені байқалуда. Егер біз бүгіннен бастап дәстүрлі өнерімізге толыққанды қолдау көрсетпесек кейін өкініп қалуымыз да мүмкін. Себебі, қазіргі уақытта, үндістің сырнайы, сығанның биі, бразилияның дауылпазы, якуттың ырғақты әуені әлемді «жаулап» алуда. Сол өнердің арқасында елге келетін туристер саны да арта түскені айтылып та жатыр. Біз ше, біз осы күні қандай әндерді тыңдаймыз? Аспанмен асқақтап, бозторғайдың қанатынан сорғалаған әсем ән, әсем күйлер қайда қазір?! Ал екі көзі алақтап, етегі далақтап өнер көрсетіп жүрген эстрада «жұлдыздарының» концертіне мың мыңдап ақшасын шығындағандар, дәстүрлі әншілердің тегін концертіне бармайды. Ол да сол насихаттаудың болмауынан. Ал одақ құрылса дәстүрлі әншілердің де күні оңынан туатынына сенімдімін.




Майра ІЛИЯСОВА, продюсер, әнші:

– Ондай одақ дәстүрлі әншілермен қатар, эстрада әншілеріне де керек-ақ. Сондықтан сұрағыңды «Әншілерге ортақ одақ құру керек пе?» деп қойсаң дұрыс болар еді. Себебі, бүгінде  эстрада әншілерінің басында да күрмеуі шешілмеген мәселелер жетіп артылады. Нақтырақ айтсам, бізде жас әншілерді қолдайтын, олардың құқын қорғайтын мекеме де, ұжым да жоқ. Соның салдарынан небір талантты жастарымыз түрлі қиыншылықтарға тап болып, жанбай жатып, өшіп қалып жатыр. Және ол одақтың жеке ғимараты да болғаны абзал. Себебі, кез келген өнерпаз оның өзін сөйлейтін, қорғайтын мекеменің барын білуі керек. Қажет болған жағдайда ақыл-кеңес те берілуі керек деп ойлаймын.




Көрілген: 3891    Пікірлер: 0

жұма, 28.03.2014, 15:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30