Алашты алаңдатқан сауал

Көлікті сақтандыру тарифін Ресеймен теңестіру Қазақстан үшін тиімді бола ма?



Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Негізі Кедендік одақ, Еуразиялық одақ аясында бірге болып, ортақ нарықта жұмыс жасаған соң, егер тиімді болатын болса, базбір тарифтердің бірдей болғаны дұрыс. Әрине мұның бәрі әр елдің экономикалық жағдайына, хылықтың тұрмыс-тіршілігіне орайластырылып жасалуы тиіс. Көлікті сақтандыру тарифін Ресеймен теңестіруге келсек, бұл дұрыс болар. Өйткені, қазіргі арадағы айырмашылық салдарынан Қазақстандақ көлік иелері Ресейге өткенде 7000 теңге төлеуі тиіс, ал ресейліктер болса, бар болғаны 900 теңге төлейді екен. Ал, енді Ресейге жүк тасымалдайтын көліктер бір жылда бірнеше рет өтуі мүмкін. Әр өткен сайын жеті мың теңгеден төлей берсе, ол қомақты ақша болып шығады. Түбінде ол шығындардың барлығы Ресейден әкелінетін тауар бағасына қосылады. Яғни тауар бағасының сәл болса да қымбаттауына ықпал етеді. Ал, сақтандыру полисінің бағасы қымбаттағанмен жылына бір рет төлеу біздің азаматтар үшін тиімді болады. Сондықтан бұған қарсы болмаған дұрыс. Әрине, сақтандыру полисінің қымбаттауы жалпы көлік иелеріне сәл ауыртпалық салар, десе де жылына бір рет төленетін болған соң, бұған түсіністікпен қарау керек.




Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:

– Бұл біздің Ресеймен арадағы келісімдерді дұрыс жасай алмағандығымыздың салдыры. Бұл дұрыс емес. Біз Кедендік одақта да кей тұста ұтылып жатырмыз. Неше түрлі сылтаумен біздің тауарларды Ресей нарығына кіргізбей отыр. Мұның бәрі келісім-шарт жасасқанда зерделенуі тиіс еді. Біздің ел әлемнің жүзден аса мемлекетімен сауда-саттық жасайды. Біздің елдің көліктері Еуропаға да барып жатыр. Бүгін Ресеймен теңестіреміз деп сақтандыру полисінің бағасын қымбаттатсақ, ертең еуропа елдерімен теңестіреміз деп тағы да қымбаттатуымыз керек пе? Әр елде тарифтер халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайына, мемлекеттің экономикалық дамуына орай жасалады. Егер Ресейде сақтандыру тарифі қымбат болса, ол елдің әлеуеті жоғары. Неге біз оларға теңесуіміз керек, олар неге бізге теңеспейді? Сақтандыру тарифі арзандаса, ол ресейліктерге де тиімді болмай ма? Егер тарифті Ресеймен теңестірер болсақ, ол қарапайым халыққа кәдімгідей сезілетін болады. Біз қандай шара қолдансақ та, алдымен халықтың мүддесін ескеруіміз керек.




Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, қаржыгер:

– Қазақстан мен Ресей Кедендік одақта бірге. Енді Еуразиялық одаққа кіргелі отырмыз. Меніңше, мұндай жағдайда, одақтастардың арасында біріңғай тариф болғаны дұрыс. Қазіргі таңда, сақтандыру тарифінде бірыңғайлық болмауы себепті, біздің көліктер Ресей аумағына кіргенде 7 мың теңге төлейді екен. Мысалы, бір жылда Ресейге қанша көлік кіріп- шығып жатыр. Сонда қанша ақшаны Ресейге беріп жатырмыз. Егер бірыңғай тариф болса, сол ақша өзімізде қалмай ма?! Әрине, көліктің сақтандыру бағасының артуы қарапайым халыққа ауыртпалық түсірер, бірақ біз сол одақтың пайдасын да көріп отырмыз ғой. Ортақ нарық болған соң кей тұста ұтып, кей тұста ұтылып жатармыз. Ал, көлікті сақтандыру тарифінің теңесуінен біз ұтпасақ, ұттырмаймыз. Сондықтан бұл ұсынысты қолдаймын.




Көрілген: 2658    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.05.2014, 15:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30