Алашты алаңдатқан сауал

ҚР-да 2015 жылы авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылды

  • ҚР-да 2015 жылы авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылды

    ҚР-да 2015 жылы авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылды

Қазақстанда өткен жылы авторлық құқықты бұзған 7 сайт жабылды деп мәлімдеді бейсенбіде әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департамент директоры Абзал Естаев.


"Өткен жылы бізге мәлімет берілді, шамамен 7 сайт авторлардың өтініштері бойынша жабылды. Олар Бас прокуратураға тікелей шағым түсірген және өткен жылы бізде инвестициялар және даму министрлігінде әлі комитет бар болатын, ал қазір бұл жаңа ақпарат және коммуникация министрлігі", — деді Естаев журналистерге.


Оның мәліметінше, қазіргі уақытта авторлық құқықты бұзған сайттар саны өзгермеген. "Алайда жартыжылдық қорытындысы бойынша көрсеткіш басқа болуы мүмкін, осының бәрі көптеген авторлар олардың құқықтары бұзылып жатқанын білмейтініне байланысты болып отыр", — деп қосты әділет министрлігінің өкілі.


Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 4 жылда авторлық құқық бойынша төлем соммасы 2 еседен астам өскен.


"Қоғамда авторлық құқықты және өзге де құқық иелерін қорғаудың өзектілігіне авторлық құқықты тіркеудің өсімі дәлел, мысалы 2014 жылы шамамен 2400 авторлық құқық, 2015 жылы — 2,5 мың авторлық құқық тіркелген. Соңғы 4 жылда авторлық құқық бойынша төлем соммасы 2 еседен астам өскен: егер 2011 жылы сыйақы мөлшері 267 миллион теңгені құраса, 2015 жылы—800 миллионға жуық болды", — деді Естаев "Авторлық және сабақтас құқықтарды күзету және қорғау" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.


today.kz/kz/news/tyinyis-trshlk/2016-07-07/721572-r-da-2015-zhyilyi-avtorlyi-yityi-bzan-7-sajt-zhabyildyi/ 




Көрілген: 1362    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.07.2016, 19:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30