Алашты алаңдатқан сауал

КСРО-дан қалған мұра мәселесін қайтадан қарау мүмкін бе?



Мақсат Жақау, саясаттанушы:

– 1991 жыл декларация бойынша, әр ел өз аумағындағы мүлікке ие болып қалды. Кейбір әскери нысандар келісімшарт арқылы жалға берілді. Сондықтан, КСРО-дан қалған мұра мәселесін қайта қарау мүмкін емес. Кейде билік ауысқанда кейбір келісімшарттар бұзылып жатады. Бірақ, бұл өте қиындықпен жүзеге асырылады. Неге? Өйткені, аса үлкен стратегиялық маңызы бар обьектілерге қатысты жасалған келісімдерді бір мемлекет қана бұза салады деуге сену қиын. Егер де, бір ел әлдебір келісімді біржақты бұза салса, бұл қадам геосаяси мәселеге ұласып, күрделеніп кетеді. Қайдан білесіз, мұндай обьектілер белгілі бір дәрежеде сол мемлекеттің тұтастығына, тәуелсіздігіне кепілдік беріп отырған шығар. Қандай жағдайда болса да, бұл эмоциямен шешілетін шаруа емес. Егер де бір ел «КСРО-дан қалған мұраны өзім иеленемін, алып кетемін» десе, жаңаша дипломатиялық қарым-қатынас арқылы жалға алуына немесе сатып алуына болады деп ойлаймын.  




Дос Көшім, саясаттанушы:

– Мысалы, Кеңес Одағының шет елдерде елшіліктері, түрлі нысандары, үйлері, құнды құжаттары бар еді. Оның бәрінің заңды мұрагері  Ресей болып қалды. Сондай-ақ, Ресей тарапы КСРО-ның барлық қарыздарын мойнына алды. Қысқасы, КСРО барлық мұрасы 1991 жылы шешіліп қойған болатын. Ал, мұның сыртында қалған мәселелер мемлекеттердің екіжақты келісімі арқылы шешілуге тиіс. Ал, оны 20 жылдан кейін қайта қараудың қажеттілігі жоқ.  Себебі, құжаттық, заңдық, экономикалық және саяси мәселелерді толығымен өз шешімін тапқан. Ал, кейбір шекаралық нүктелер (қазақ пен қырғыз, қазақ пен өзбек, қазақ пен орыс шекаралары) бірте-бірте өз шешімін тауып жатыр. Ресей империялық көзқарасынан айырылмаса, бұл мәселені болашақта көтеруі әбден мүмкін. Бірақ, мұндай талпынысы халықаралық аренада ешуақытта мойындалмайды деп ойлаймын.




Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:

– Бұл жайт 1991 жылғы Алматы декларациясында қаралып, негізгі мұрагер Ресей деп танылды. Ал, әр тәуелсіз ел өз аумағындағы бар мұраға және осыған дейінгі иелік еткен шекараға ие болып қалған еді. Сондықтан да, бұл мұра мәселесін ТМД көлемінде қайта қараудың қажеті жоқ. Кейбір жекелеген мәселелерді ғана екі мемлекет арасындағы келісіммен шешуге болады. Демек, әр ел өз аумағындағы мұраға ие деген сөз. Егер де бұлай болмаса, елдер арасындағы соғыс оты тұтанып кетуі мүмкін. Бір қызық мысал айтайын. КСРО мен Қытай шекарасы арасында шешілмеген 14 нүкте болған екен. Оның екеуі Қазақстан аумағына тиесілі. Бұл нүктелер КСРО-ны былай қойып, қарама-қайшылықтардың салдарынан Патша үкіметі мен Цин империясы кезінде де өз шешімін таппаған екен. Ол екі нүкте тәуелсіздік алғанан кейін өз шешімін тапты. Сондықтан да, қандай мәселе болмасын әр ел өзінің мәселесін өзі қарауға тиіс.


Арнайы «Алаш айнасы» үшін




Көрілген: 1994    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 17.03.2014, 17:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30