Мектеп оқулықтарын жеке авторларға жаздырмау керек пе?

Мектеп оқулықтарын жеке авторларға жаздырмау керек пе?


Алма ӘБІЛҚАСЫМОВА, Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының директоры, педагогика ғылымының докторы, профессор:
–Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы мекемелер, білім ұйымдары жыл сайын стандарт жазып, кей жағдайларда бекітілмеген стандарттармен оқулық жаз деп, оған сәйкес оқу бағдарламаларын шым-шытырық жасап, оқулық жазатын авторлардың әбден есін алды. Осыдан кейін авторлардың жазған оқулықтары ешқандай сын көтермейтін болды. Оның үстіне қазір мектептерге оқулық жазатын авторлар әбден шаршады. Мен өзім «Оқулық» орталығында біраз жыл басшылық еттім. Дұрыс, оқулық жазуды жеке авторларға бермеу керек. Білім және ғылым министрлігі, не болмаса педагогикалық жоғарғы оқу орындары бәйге жариялап, оқулық жазатын авторларды таңдап, осы арқылы авторлардың жауапкершілігін көтеріп, бірлесіп жұмыс істеу арқылы бұл мәселені кешенді түрде шешуі қажет. Сонда ғана оқулықтардың сапасы артатын болады. Сонымен бірге оқулық шығарудың барлығын мемлекет өз қолына алуы тиіс. Мұның барлығын мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеп отыру қажет.


Ұлжалғас ЕСНАЗАРОВА, педагогика ғылымының докторы, профессор:
–Бұл сұрақ өте орынды көтеріліп отыр. Мен мұны қолдаймын. Оқулық жазатын авторлардың барлығын бір орталыққа біріктіріп, мемлекеттік стандарт бойынша жұмыс істеуге талпынуымыз керек. Бұл ретте негізі мектеп оқулықтарын жазатын автор ең бірінші мектептің жүйесін білгені жөн. Сонымен бірге олар өзінің жазған оқулықтары арқылы мектептерде эксперимент ретінде оқушыларға сабақ беруі тиіс. Өйткені оның жазған оқулығын оқушы түсіне ме, түсінбей ме, осы жағына ерекше мән беруіміз керек. Кейбір оқулықтарда параграфтың мәтіні 9-10 бетке дейін созылып кетеді. Кейде оқулықтарда оқушының жас ерекшелігі ескерілмей жазылғанын байқайсың. Жалпы мен өзім оқулық теориясынан докторлық қорғаған маманмын. Бұл ретте ерекше айтарым, оқулықтар ғылыми стильде жазылмауы керек. Егер оқушыға түсінікті етіп жазсақ, онда олар оқулықты қызығып оқитын болады. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі, оқу орындарының ректорлары, баспа басшылары авторлармен бірлесе отырып, оқулыққа қатысты кез келген мәселенің ортақ шешімін тауып, оқулықтарды кешенді түрде зерттейтін тұрақты комиссия құрып, мұны мемлекеттік деңгейде шешу қажет. Сонымен бірге дамыған елдердің барлығында өз тілінде ойлап, өз тілінде жазатын адамдарға ғана оқулық жазуға рұқсат береді. Бізде де оқулық жазуға мемлекеттің қаражаты кететіндіктен, оқулықтың барлығы ең алдымен қазақ тілінде жазылуы тиіс. Одан кейін егер жақсы болып жатса, өзге тілдерге аударылуы керек. Осы жағына да аса мән бергеніміз жөн.


Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты:
–Негізі оқулық жазу оңай емес. Ол үлкен табандылықты, біліктілікті қажет етеді. Сондықтан болашақ ұрпақ білім алатын мектептерге тарайтын оқулықтарға бір адамның автор болуы дұрыс емес. Оны бірнеше автор бірлесіп, талқылап, талдап, керек десеңіз, Білім және ғылым министрлігі, баспа басшылары, оқу орындарының басшылары біріге отырып, сапалы оқулық жасап шығаруға бар мүмкіндігін салуы тиіс. Бұл ретте оқулыққа қатысты сын көп айтылса, тек авторлардың емес, Білім және ғылым министрлігінің де, баспалардың да жауапкершілігін бірге қарауымыз керек.
Сонда ғана оқулық мәселесі ретке келетін болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста