Алашты алаңдатқан сауал

Мектептегі спорттық нормативтер оқушылар үшін тым ауыр емес пе?



Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, спорт журналисі:

– Негізі біз балаларымызды спортқа балабақшадан бастап бейімдеуіміз керек. Спорттың адамға, адам денсаулығына пайдасы болмаса зияны жоқ. Ол нормативтер адамның мүмкіндігіне қарай белгіленіп отыр. Демек қалыпты жағдайдағы адам денсаулығы, физикалық мүмкіндігі сол нормативтерге сай болуы керек. Бұл жерде бар мәселе нормативтердің ауырлығында емес, балаларымыздың денсаулығының сол нормативке сай еместігінде болып отыр. Қазір мектептегі  денешынықтыру пәні аптасына үш рет өтеді екен. Біз қайта сол денешынықтыру пәнін аптасына төрт рет өтетіндей мүмкіндік қарастыруымыз керек. Сонда ұрпағымыздың денсаулығы шымырлана түседі. Біздің бүгінгі күні көптеген жігіттеріміздің әскерге жарамай жатқаны да сол физикалық тұрғыдан әлсіздігінен. Жастарымыздың аурушаң болуы да спортпен аз айналысатынынан деп ойлаймын. Сондықтан өз басым мектептегі спорттық нормативтерді жеңілдетуге келіспеймін. Қайта біз балаларымызды сол нормативтерге сай қылуға тырысуымыз керек.




Айдарбек ЕРМЕКОВ, Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:

– Расында да мектептегі спорттық нормативтерді жеңілдету керек. Өйткені ол нормативтер өте ауыр. Мәселен ұлттық деңгей деген бар. Ол нормативті әр сыныптағы баланың 1-2-еуі ғана орындайды. Онда да толық емес, кейбір нормативтерін ғана орындайды. Ал президенттік деңгейді орындау тіпті ауыр. Жобаға келмейді. Сондықтан балаға бағаны нормативке, сол норматив талаптарын орындауына қарай емес, салыстырмалы түрде қоюға мәжбүрміз. Мәселен 11-сыныптың баласы президенттік норматив бойынша 100 метр қашықтықты 13 секундта жүгіріп өтуі керек. Бұл нормативті орындауға көп баланың физикалық мүмкіндігі жете бермейді. Тағы бір мысал, 4 сыныптың оқушысы яғни 9-10 жастағы бала 30 метрге 5 секундта келуі керек. 4 сыныптың ұлына да, қызына да бірдей осы талап қойылады. Сондай-ақ 6-7 сыныптың оқушылары  орнында тұрып 1 метр 70 сантиметр ұзындыққа секіруі керек. 9-10 жастағы балаларға да бұл тапсырманы орындау мүмкін емес. Сондықтан мектептегі спорттық нормативтерді жеңілдетуді қолдаймын.




Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР Білім беру ісінің үздігі:

– Жасыратыны жоқ, қазір біз балаларымызға өте көп салмақ салып жібердік. Мәселен бұрын балалар 4-5 сыныптан бастап көбейту таблицасын үйренетін болса, қазір екінші сыныптан бастап көбейту таблицасын үйренеді екен. Бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқиды. Бұрын осы төртінші сыныптан таблицаны, 5-сыныптан ағылшын тілін бастап үйреніп-ақ көштен қалмап еді. Сол секілді мектеп жасындағы балаға физикалық тұрғыдан да салмақ салуға болмайды. Сондықтан Дариға Нұрсұлтанқызының мектептегі спорттық нормативтерді жеңілдету туралы ұсынысын мен қолдаймын. Өткенде, денешынықтыру сабағынің барысында 8 сынып оқушысы есінен танып, қалап, қайтыс болғаны жайлы ақпарат құралдары жазды. Дәрігерлер «артық ауыртпалық салдарынан қайтыс болған» деген диогноз қойыпты. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды. Мектеп бағдарламасы ауырлаған сайын баланы мектепке тару қиындай береді. Балаға артық талап қоятын болсақ, оның білім алуға деген құлшынысы кеми береді. Сондықтан оқушыға мүмкіндігін ескере отырып талап қою керек.




Көрілген: 3525    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 09.04.2014, 14:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30