Алашты алаңдатқан сауал

Мемлекеттік ЖОО-ларды жекешелендіру бәсекелестікті одан сайын төмендетіп жібермей ме?



Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президентi, педагогика ғылымының докторы, профессор:

– Дамыған елдерде ЖОО-лардың арасында шынайы бәсекелестік бар. Ал шынайы бәсекелестік бар жерде ЖОО-лар ең алдымен білім сапасын көтеруге тырысады. Олардың арасында арнайы рейтинг жасалады. Барлығы сол рейтинг бойынша жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылады. Өйткені халық рейтинг бойынша биіктен көрінген ЖОО-лардан білім алуға тырысады. Осылайша ол оқу орынының беделі үстем болады. Сондықтан ЖОО-лардың автаномия болуын құптаймын. Бұл оларды барлық жағынан дамытады. Оқытушы профессор, оқытушалар құрамы  да білім сапасын арттыруға ниетті болады. Оқу орны да оқытушыларының білімінің жоғары, сапалы болуына баса назар аударады. Осылайша кадрлардың білікті болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтеді. Ол ЖОО-лардың ұстаздары да білімін ұдайы жетілдіріп, ғылым мен өндірісті ұштастыруды көздейді, бәсеке күшейеді. Сондықтан ЖОО-лардың автаномия болып, жекеменшік негізде жұмыс істеуін қолдаймын.




Гүлфаридат АМАНҚЫЗЫ, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Өсімдік шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы:

– Мемлекеттік ЖОО-ларды жекешелендіруді қолдаймын. Және бұл процесс бәсекелестікті төмендетпейді керсінше, күшейтеді деп ойлаймын. Өйткені дәл қазір мемлекеттік ЖОО-лар ата-анасына сеніп алған бала секілді. Ұдайы мемлекеттен көмек күтеді. Өз бетінше әрекет етпейді. Мәселен ата-анасының қасындағы бала әке-шешесіне арқа сүйеп, соларға сеніп, өз бетінше әрекет етпейді ғой, сол секілді. Ал жекеменшік оқу орны өз бетінше әрекет еткеннен кейін, өзін-өзі дамытуға күш салады. Заманауи болуға ұмтылады, қабілетін ұдайы дамытуға тырысады. Сондықтан бұл жерде бәсекелестіктің бәсеңдеуін емес керсінше, күшеюін күтуіміз керек.




Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР Білім беру ісінің үздігі:

– Барлық нәрсе жүйенің қалай жүзеге асуына байланысты. Өзара бәсеке тудырып, жарысып дамуы да мүмкін. Кері кетіп, бәсеке түгілі білім сапасын да жоғалтып алуымыз әбден мүмкін. Сондықтан бұл жерде барлығы олардың қалай жекешеленуіне байланысты. Негізі мемлекеттік ЖОО-лар мен жекеменшік ЖОО-лар арасында бұрын ешқандай бәсеке байқалмайтын. Сондықтан бәсекелестік одан сайын төмендеп кете ме деп алаңдауға негіз жоқ секілді. Қайта жүйені жұмыс істете алсақ шынайы бәсекелестік енді қалыптасады деп ойлаймын. 




Көрілген: 2782    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.04.2014, 16:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30