Алашты алаңдатқан сауал

Меценаттықты жандандырудың қандай жолдарын ұсынасыз?



Жұлдыз АЙТБАЕВА, «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті:

– Қайырымдылықты біз, ең алдымен, күнделікті мәдениетімізге, қалыпты жағдайға айналдыруға тырысуымыз керек. АҚШ-та «қайы­рым­ды­лық күні», «рождестволық сыйлық беру күні» секілді акциялар өтеді. Сол секілді біздің елімізде де «Алтын жүректі азаматтар күні» не­месе «Жақыныңа жәрдемдес» деген секілді қайырымдылық күн­де­рін ұйымдас­тыру керек. Сол күні әркім қолынан келгенінше айна­ласына қайырымдылық шарасын жасауы керек. Ең алдымен, осын­дай атаулы күн болса, келе-келе бұл қоғамның үрдісіне еніп, ме­ценат­тарға оң көзқарастың қалыптасуына ықпал етер еді. Меценат­тардың әре­ке­тіне сәйкес, оларды түрлі салықтан босату, мемлекет тарапынан түрлі же­ңілдіктерге ие болатындай жағдай жасалса, бұл нәрсе ме­це­нат­тарды да ынталандыра түсер еді. Жалпы, меценат­тық­тың күнделікті өмі­рімізге дендеп енуі шын көмекке зәру адамдар­ды адаспай табуға да, меценаттардың көбеюіне де ықпал етер еді. Елі­мізде қомақты табысы бар компаниялар жетерлік. Бірақ солар жыл­дық табысының 2 пайызына да қайырымдылық жасамайды екен. Бұл еліміздің меценат тақырыбына мүлдем назар аудармайты­нын біл­дір­се керек.




Бахаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Әдемі-ай» компаниясының директоры, өнертанушы, коллекционер:

– Маған қандай да бір кештерге қайырымдылық жасауға өтініштер көп түсіп жатады. Қолымнан келгенінше өзімнің компаниямның кәде­сыйларын ұсынып, қайырымдылық та жасап жатамын. Бірақ бізде осын­дай қайырым­дылық жасаған азаматтарды дәріптеу, меце­наттар басқа­ларға көмек көр­сетсе, оларға қоғамның қамқорлығын көрсету жағы кем­шін түсіп жатады. Жасаған жақсылығын тіпті жасыр­ғысы келіп жататындар бар. Өйткені олар артық көзге түсіп қалам ба деп қорқады. Сон­дық­тан меценат жан­дарға қоғамның да оң көз­қа­ра­сы, қамқорлығы керек. Сонда меценат­тық күнделікті қалыпты жайт­қа, жалпы, қоғамның қан­шалықты қайырымды екенін байқауға мүмкіндік туғызар еді. Қарапайым мысал, түріктің сериалы біткен соң артынан сол сериалды түсіруге көмек көр­сеткен компанияларды жар­ты сағат бо­йына титрден көрсетеді. Демек, шетелде қайырымдылық дұрыс жолға қойылған. Және әрбір компанияның қайырымдылық жа­сап қалу­ға деген ұмтылысы байқалады. Біздің елімізде де қайырым­дылық жа­сайтын азаматтар жеткілікті. Ондай көмекке мұқ­таж­дар да көп. Ен­деше, меценаттыққа қоғам тарапынан бетбұрыс керек.




Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:

– Елімізде тумай жатып түрлі ауруларға шалдыққан кіш­кентай балалар меценаттың көмегіне зәру болып жата­ды. Шекара асып барып, ота жасату үшін қомақты қар­жы ке­рек. Ал ондай қаржы әке-шешесінің қалтасында бола бер­мейді. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ар­найы квота бөлгізуге кезек көп, құжат дайындау да ұзақ уақытты алады. Ал ауру баланың жағдайы оны күтіп тұр­май­ды. Сон­дықтан меценаттық шын мәнінде осындай сә­би­лерге керек секілді. Әйтсе де бүгінгі күні онсыз да қалта­сын­да ақшасы бар әншіге, спортшыға немесе пәленбай жас­қа келген про­фес­сордың мерейтойына біреулер қым­бат көлік мінгізіп жата­ды. Сондықтан еліміздегі үлкен ком­па­ниялардан бас­тап, қайырымдылық жасауға ынталы азаматтардың қайы­рым­дылығы бір қор арқылы шын мұқ­таж­дарға аударылып отыруы керек секілді.




Көрілген: 1057    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2013, 13:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30