Алашты алаңдатқан сауал

Наурызкөжені ұлттық бренд етіп, меншіктеп алуға неге асықпай жүрміз?



Ғарифолла ЕСІМ, академик:

– Ұлттық салт-дәстүрдің жанашыры ретінде айтарым, наурыз­ көженің үлкен мәні бар. Наурызкөже, ең алдымен, ұлтты, елді біріктіретін тағам түрі. Мәселен, бұрынғы кезде ата-бабаларымыз бұл тағам түрін ауыл болып дайындайтын. Үлкен қазанға әзір­ленген көжеден бүкіл ауыл адамдары дәм тататын. Бір қазаннан ас ішкеннен кейін ауылдың бірлігі, ынтымағы жарасатын болған. Ауылдың ырыздығы да, берекесі де бірге кіріп, ынтымағы жарас­қан. Бұл ауылды, содан кейін елді біріктіретін тағамның түрі болып есептелінеді. Әрине, біз салт-дәстүрімізді ұмытқан халыққа жатпаймыз. Ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолын, дәстүрін кейінгілерге жалғастырып жатырмыз. Осы орайда наурызкөжені де ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып табылады. Себебі – бұл да біздің салт-дәстүрміздің ажырамас бір бөлігі. Бұл шаруамен шұғылданатын Тағамтану академиясы, басқа да институттар бар. Бәлкім, осы мекемелер бұл бастаманы келешекте қолға алар деп ойлаймын.



Майгүл Қайнарбаева, Қазақ тағамтану академиясының қызметкері:

– Менің ойымша, наурызкөжені бренд етіп, меншіктеп алудың қажеті жоқ. Тек оны салтымыздың бір тармағы ретінде қолдана білуіміз керек. Біз өз салттарымызды ұмыта қойған жоқпыз. Наурызкөжені жасауды да ұмытпаймыз деп ойлаймын. Бұл тағам түрінің адамның денсаулығы үшін тигізер пайдасы орасан зор. Мәселен, наурызкөжеге неше түрлі тағам түрін қосып әзірлейді. Бұл дегеніңіз – адамның ағзасы түрлі дәрумендермен қоректенеді де­ген сөз. Менің ойымша, ешқандай тағам түрі дәл осы наурызкөже­дей керемет жасалмайды. Оған қосатын барлық қоспалар адамның денсаулығы үшін өте маңызды. Көжені әр аймақ өз білгенінше, апаларымыздан қалған әдіс бойынша дайындайды. Мысалы, наурызкөжеге сүр етті қосып әзірлейді. Одан кейін түрлі дәндерді салады. Бұлардың барлығы ауыр тағамдар болғандықтан, оның артынан айран немесе езілген құрт қосады. Міне, осылайша тағам адамның ағзасына тез сіңеді. Көріп отырсыздар, ата-бабаларымыз тағамды да адамның денсаулығы үшін пайдалы етіп жасайды.



Ғалия Қайдауылқызы, этнограф:

– Міндетті түрде меншіктеп алуымыз керек. Қазақ халқы — салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай халық. Мыңдаған жылдан бері келе жатқан дәстүрлерімізге қазіргі күні әлем жұртшылығы қызы­ғу­шылық танытып отыр. Дейтұрғанмен, кейде маған «осы біз мәде­ни байлығымыздың қызығын көріп отырмыз ба, жоқ па?» деген ой келеді. Себебі, қарап отырсаңыз, қазақтың небір тамаша ойын, би, тағам түрлері жатжұрттың қанжығасында кетіп жатыр. Мәселен, қымызымызды немістер меншіктеп алса, төбетімізге түрік­мендер, «Қаражорға» биімізге қытайлар, тоғыз құмалақ ойыны­мызға француздар қызығып отыр. Осындай жағдайда енді наурызкөжемізден де айрылып қалуымыздың қаупі бар. Менің ойымша, бұл – өте дұрыс бастама. Сондықтан бірауыздан сіздердің бастамаларыңызды қол­дап, наурызкөжені ұлттық бренд етіп, меншіктеп алуымыз қажет деп санаймын. Әрине, бұл үшін, ең алдымен, негіз керек. Мамандар бас қосып, ақылдасып, бұл мәселені кеңірек талқылауы қажет дер едім.




Көрілген: 2304    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.03.2014, 10:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30