Алашты алаңдатқан сауал

Оқушылардың қайда жүргенін бақылап отыру үшін чип қолдану қажет пе?



Галия ЖҮСІПОВА, ОҚО Балалар құқығын қорғау департаментінің бастығы:

– Оқушылардың қайда жүргенін бақылап отыру үшін чип қолданудың қажеті жоқ.  Өйткені, ол баланың жеке басының құқығын бұзу болып табылады. «Балалар құқығын қорғау туралы» Халықаралық конвенцияда балалардың құқығы мемлекеттің құқығымен теңестірілген. Чип қолдану арқылы балалардың қатысуымен жасалатын қылмыстарды азайтамыз деген де бос сөз. Онда қылмысты азайтамыз деп бүкіл халыққа чип тағып қояйық. Бұл дұрыс емес. Балалардың қатысуымен жасалатын қылмысты азайтамыз десек, тәрбие мәселесіне аса мән беруіміз керек. Бала тәрбиесіне қатысы бар әрбір адам, ата-ана, туған-туыс, үлкен кісілер және жауапты мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып, тәрбие мәселесімен айналысуы тиіс. Ол «ананың міндеті, мынаның міндеті» деп бір-біріне сілтемей, жұмыла жұмыс атқаруы қажет. Дұрыс тәрбие алмған бала, тәртіп бұзуға бейім болады. Ең бастысы отбасылық тәрбие, ата-ананың тәрбиесі. Бәрімізге белгілі, ата-ана қомқорлығынсыз қалған балалар көп жағдайда заң бұзушылыққа ұрынып жатады. Сондықтан балаларға чип орнатуды емес, дұрыс тәрбие беруді қолға алған абзал.




Мырзабек БЕКБЕРДІ, заңгер:

– Чип орнату арқылы белгілі бір адамды бақылап отыру АҚШ-та қолға алынған. Бірақ оқушыларға емес, ол елде чип орнату арқылы қылмыскерледі бақылап отыру жүйесі енгізілген. Ата заңымызда «әрбір азамат еркін жүріп-тұруға құқылы» деп жазылған. Ал чип орнату – азаматтың еркін жүріп-тұруын шектеу болып табылады. Біреудің бақылап отырғанын білген адам өзін ешқандай еркін сезіне алмайды. Заңда мүліктік және мүліктік емес құқық деген түсінік бар. Яғни, оқушылардың қайда жүргенін бақылап отыру үшін чип қолдану деген, оның мүліктік емес құқығын бұзу болып табылады. Заң адамдардың азаматтық құқығын қорғауы тиіс. Расымен де балалар арасында, әлімжеттік, ұрлық өзге де заң бұзушылық көбейіп кетті. Чипті ұсынып отырғандар бәлкім осы мәселеге алңдаушылық білдіргендіктен айтып отырған болар. Мүмікін, шынымен де полицияда есепте тұрған балаларға чип қолануға болатын шығар. Бірақ ол, тек соттың шешімімен ғана жүзеге асуы тиіс.




Маргарита ӨСКЕНБАЕВА, балалар психологы:

– Американың бір фильмінде сондайды көргенім бар. Полиция есебінде тұрған баланың қолына арнайы білезік тағып қояды. Бала үйден белгілі бір қашықтыққа алыстаса, білезік шиқылдап белгі береді. Бұл кинодағы оқиға. Алайда ол елде ондай тәжірибе бар жоғын айта алмаймын. Десе де, баланы бақылап отыру үшін чип тағу дұрыс емес. Тіпті полицияда есепте тұрған балаға да ондай қолдану қате. Мысалы, бұзақылық жасап, полицияда есепте тұрған балаға чип тағып қойсаңыз өзге балалар оны қылмыскер деп мазақтауы мүмкін. Олар ондай сөзді ойнап айтпауы ықтимал, бірақ екінші бала оны дұрыс қабылдамауы мүмікін, өйткені балалардың психологиясы солай. Ал ондай сөзді кемсіту деп түсінген бала ауыр қылмысқа ұрынуы да ғажап емес. Яғни балаларды бөліп қарауға болмайды. Жалпы әлеуметтік теңсіздік те балалардың жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Қазір бар жерде бай болуды жарнамалайды. Бала соған жетуге талпынады. Бірақ кейбірі сол үшін қылмыс жолын таңдайды не болмаса бақамай қылмыс жолына түседі. Қазіргі кезде көптеген ата-ана тірішілік қамымен бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөле алмайды. Сондықтан мемлекет ата-анаға бала тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік беретіндей жағдай жасай алса, чипсіз-ақ мәселені оңтайлы шешуге болады.




Көрілген: 1786    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.03.2014, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30