Алашты алаңдатқан сауал

Пиктерді жеке басқарушы компаниялармен алмастыру арқылы коммуналдық шаруашылыққа серпін бере аламыз ба?



Болат ДІНІСТАНОВ, Алматы қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы:

–Жоқ, ол мүмкін емес. Біз ПИК-терді жеке компанияларға беру арқылы тұралап қалған коммуналдық шаруашылық мәселелерін толық шеше алмаймыз. Біріншіден, бұл Қазақстанның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына қайшы келеді. ПИК дегеніміз – қоғамдық ұйым, ол ұйымды тұрғындар өздері құрады. Егер ПИК-терді жеке басқарушы компанияларға беретін болсақ, онда тұрғындар ПИК төрағаларын таңдау құқынан айрылады. Сондықтан Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылысы ұлттық палатасы мамандарының бұл көтерген ұсынысы негізсіз деп есептеймін. Елімізде тозығы жеткен үйлердің шатырынан бастап жертөлесіне дейін толық жаңарту үшін «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2020 жылдарға арналған» бағдарламасы қабылданған. Осы бағдарламаның негізінде көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілуі керек. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қыруар қаржы қарастырылған. Бұл ретте үйлерді жөндеу үшін банктер 001 пайызбен несие береді. Оны тұрғындар 7-8 жыл ішінде қайтарып беруі керек. Енді оны алып келіп, жеке басқарушы компанияларға беретін болсақ, бұл заңға қайшы келеді. Негізі ПИК-терге қатысты әркім әртүрлі ұсыныстар айта береді. Бірақ заңның шеңберінен шығуға болмайды.




Артық СЕЙІТҚАЛИЕВА, «Адал» тұтынушылардың құқын қорғау бірлестігінің төрайымы:

–Негізі ПИК-тердің атқаратын функциясы біреу ғана, ол – барлық заңдық актілер мен нормативтерді қолдана отырып, халыққа қызмет ету. ПИК-тер онсыз да әкімдікке қарамайды, оларға есеп бермейді, төрағаларды әкімдер сайламайды. Демек, ПИК төрағалары ақшасын алып отырған тұрғындардың алдына барып есеп беріп, ақысына қарай жұмысын істейді. Былайша айтқанда, ПИК-тер онсыз да жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде жұмыс істеп келеді. Енді оларды тағы да жеке басқарушы компанияларға беретін болсақ, одан не өзгереді? Мен осыдан кейін коммуналдық шаруашылық қызметі жақсарып кетеді деп айта алмаймын. «Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосынды өзгермейді» демекші, олардың орнын ауыстыра бергеннен ештеңе өнбейді. Одан да қазіргі ПИК-тердің жұмысын дұрыс жолға қою керек деп есептеймін. Бұл жерде ең бастысы, мейлі ол тұрғындардың өздері сайлаған қоғамдық ұйым болсын, жеке басқарушы компания болсын, алдымен олардың жұмысына деген жауапкершілігін арттырып, бақылауды күшейтуіміз тиіс. Әйтпесе қаншама жүйені қайта құрып, қайта жабу дегенді бастан өткердік. Егер тиісті органдардың ықпалы мен ПИК-терге қойылатын талап күшейтілсе, барлық мәселе өздігінен шешіледі.




Тасбай СИМАМБАЕВ, қоғам қайраткері:

–Қазақстанда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы өте өзекті мәселеге айналып отыр. Тозығы жеткен көппәтерлі үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, көптеген пәтерлер қирап тұр. Шатырынан су ағып, жертөлелерінен қолқаны қабатын жағымсыз иіс шығады. Бұл мәселелерді шешу өте қиын. Мұны ПИК-тер де, жеке компаниялар ешқашан толық шеше алмайды. Олардың қауқары жетпейді. Сондықтан коммуналдық шаруашылық қызметін мемлекет өз мойнына алуы тиіс. Қазақстан – өте бай мемлекет. Мұнай да, газ да, темір де, уран да, былайша айтқанда,

жер қойнауы Менделеев таблицасындағы элементтерге толған Қазақстанда тозған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу еш қиын емес. Оған мүмкіндігіміз толық жетеді. Тек ниет пен бастама керек. Мұны мемлекет өз мойнына алмай, тозған үйлердің мәселесін шешу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан ПИК-терді жеке компанияға алмастырып, елді алдарқатудың керегі жоқ. Одан да мемлекет мұны өз қолына алып, нақты ретке келтіруі керек деп есептеймін.




Көрілген: 1737    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.01.2014, 15:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30