Алашты алаңдатқан сауал

Шыққан мезгілі 20 жылдан асқан ұшақтарды сатып алуға тыйым салу керек пе?



Әмірбек ТӨГІСОВ, генерал-майор, әскери сарапшы:

– Әрине тыйым салу керек. Онсыз да 20 жыл қызмет еткен ұшақтарда не қауіпсіздік қалды дейсің?! Темір де тозады. Рас, бүгінгі күні қолданыстағы ұшақтардың 80 пайызы осынша уақыт қызмет еткендер. Оның бәрін бірден жаңалау мүмкін емес. Алайда, алдағы уақытта ондай ұшақтарды сатып алмау арқылы, біртіндеп ұшақ паркін жаңалауға болады. Қазіргі қолданыстағы техника белгілі бір мерзім өткенде толығымен күрделі жөндеуден өтіп тұрады. Егер қандай да бір бөлшегі сыр берсе, әрі қарай қолданбау туралы ұйғарымға келу керек. Дегенмен уақыт өте мұндай ұшақтардан толықтай арылуымыз керек. Жасыратыны жоқ сондай ұшақтардың кесірінен елімізде бірнеше рет апатты жағдайлар да тіркелді. Адам шығыны да орын алды. Егер шыққан мезгілі 20 жылдан асқан ұшақтарды сатып алуға тыйым салмасақ, әлі де апатты жағдай орын алып, адам шығыны бола бермек. Ескі техникаларды сатып алуды қоюымыз керек.


 

Тоқтамыс МЕҢДЕБАЕВ, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор:

– Жаңаның аты жаңа ғой. Бірақ жаңа ұшақтар тым қымбат. Дәл қазір шыққанына 20 жыл болған ұшақтарды сатып алуға тыйым салып тастасақ жаппай жаңа сатып алу қалтамызға салмақ түсіреді, әуе компанияларының бюджеті де оны көтермейді. Еліміздегі әуе компанияларының бірнеше жылда бір жаңа ұшақ сатып алуға шамасы жетер, ал жаппай жаңалауға бюджеттері көтере бермейді. Айта кетер жайт жаңа ұшақ сатып алса міндетті түрде әуе компаниялары билеттің құнын қымбаттатады. Ал бұл айналып келгенде халықтың қалтасына салмақ түсіреді. Сондықтан жаңасы керек деп ауызды аша бергеннен гөрі, ескіні ретін тауып, сапасына сай пайдалануды көздеу керек секілді. Негізі ескі ұшақтарды күрделі жөндеуден өткізіп, уақытылы мұқият тексеруден өткізіп тұрса, пайдалануға болады. Тек оны тексеруден өткізетіндердің жауапкершілігі болуы керек. Айта кетер жайт бәрібір тек ескіге арқа сүйемей еліміздегі әуе компанияларына біртіндеп ұшақтарын жаңартуды міндеттеуіміз керек.




Бақытбек СМАҒҰЛ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз дамыған елу елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырған ел ретінде басқалардың қаңсығын таңсық көргенді қоюымыз керек. Дамыған елу елдің қатарына кіргіміз келсе ең алдымен осындай нәрселерге мән беруіміз керек. Яғни халықтың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы керек. Өркениетті елдер қатарына ұмтылуымыз керек. Ал ескі құсқымен қалай біз өркениетті елдер қатарына ұмтыламыз деп айта аламыз?! Ұшақтарымыз ескі болса, онымен жұмыс істейтін мамандарымыз да сол қалыпта қала береді. Яғни барлық жағынан жаңармаймыз. Айта кетер жайт алдағы уақытта сол ұшақтарды өзіміз жасауды алдымызға мақсат етуіміз керек. Өйткені Отандық өнім бәрібір сенімді. Оның үстіне соншалықты қымбатқа түспейді. Біз басқаға иек артқанға әбден жаман үйреніп алдық. Ескі ұшақтарды сатып алып та, апатқа ұшырап та көрдік. Енді тек жаңаға ұмтылуымыз керек.




Көрілген: 2495    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2014, 15:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30