Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Соңғы кездегі криминогенді оқиғалардан экстремизмнің ізін көруге бола ма?

13 сәуір 2011, 11:41


Асхат БЕКЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Құқық қорғаушылар соңғы кездері Алматыда орын алған шулы қылмыстық оқиғалардың діни астары жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан біз де бұл туралы кесіп-пішіп пікір айта алмаймыз. Дегенмен БАҚ арқылы аталған қыл­мыс­тық топ басшысының Нұр-Мүбарак университетінің түлегі екенінен хабардар бо­лып жатырмыз. Бұл мәселені әлі зерттеу керек деп ойлаймын. Одан бөлек, елімізде қыл­мыс­тық жолмен алынған, ұрлық пен қоқан-лоқы көрсету арқылы жиналған қа­ра­жаттың кейде экстремистік топтарды қаржыландыруға жұмсалуы әбден мүмкін, біз­де де ондай фактілер бар деп ойлаймын. ІІМ қызметкерлері орын алған қылмыс­тар­дың діни астарын ашып, оны қоғамдық талқылауға тастағысы келмейді, көп жағ­дайда өз еріктерімен жұмыс жасайды. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Ауруды жа­сыр­ғанмен, өлім әшкерелейді. Меніңше, құқық қорғаушылар қай қылмыстың артында кім­дер тұрғанын, қай топтардың қандай елдермен байланысы бар екенін, қаражат­тың қайдан келгенін және қайда кеткенін, қылмысқа барушылардың көбіне ваха­бит­тер болатынын ашып айтуы керек. Сонда халықтың да көзі ашылады. Ата-аналар бала­ларын тыйып, жастар аяғын байқап басатын болады. Әйтпесе біз жастарға оның теріс жол екенін ескертпей жатып, шалыс басқаны үшін өз азаматтарымызды жаза­лаумен ғана айналысып кеттік.

Марат БАШИМОВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Елімізде экстремистік тенденция бар. Ол соңғы кездердегі қылмыстық оқиғалардан да айқын байқалып отыр. Бірақ ол баспасөз үшін, жалпы халық үшін ашық айтылып жатқан жоқ сияқты. Дегенмен мен барлық қылмыстық оқиғалардың діни экс­тре­мистік астарын ашып, халықты үр­кітудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Экстремизммен күреске де жүйелі жұмыс керек. Онымен күреске тек құқық қор­ғау органдары ғана емес, басқа да ме­кемелер атсалысу керек. Әсіресе бі­лім беру мекемелері жастардың түр­лі ықпалды топтарға еріп кетпеуін қа­дағалауы тиіс.

Мұрат ТЕЛІБЕКОВ, Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі:
– Соңғы кездері діни экстремизммен байланысты қылмыстық оқиғалар жиі көрініс беріп жатыр. Меніңше, біз жастар мәселесіне, жастардың діни көзқарасы мәселесіне самарқаулық танытып отырмыз. Салғырттығымызды былай қой­ған­да, сол экстремистік жолға өзіміз итереміз. Меніңше, бізге діни білім беру мә­селесін қайта қарау керек. Қарап отырсақ, Нұр-Мүбарак университетінің ұс­таз­дарының барлығы Мысырдың, Таяу Шығыс елдерінің ислам үлгісін, ортодок­саль­ді исламның қатып қалған формасын студенттерге таңады. Ол мемлекет­тер­де қазір не болып жатқанын көріп отырмыз. Жалпы, мен діни университет­тер­дің болуын аса қолдамаймын. Себебі әдетте мұндай оқу орындарының сту­дент­тері өзінің замандастарынан оқшауланып, өздерін қатарластарынан бө­лек­тейді. Көбіне өзге дін өкілдеріне немесе дін ұстанбайтын адамдарға төзім­ділік­пен қарай алмайды. Сондықтан діни оқу орыннан гөрі өзге білім меке­ме­лерінің жанынан дінтану факультеттерін ашып, жастар өзінің замандастарымен аралас-құралас болып, олармен қатар ойлай алатындай болғаны дұрыс.