Алашты алаңдатқан сауал

Субсидияларды капиталы қомақты агрофирмаларға емес, ауылдағы шаруаларға қалай жеткізу керек?



Көпмағамбет Елемесов, мал шаруашылығы ғылымының докторы, прфессор ҰҒА академигі:

- Бұл қазірде өте күрделі мәселе болып отыр. Расымен де субсидиялардың басым бөлігі капиталы қомақты агрофирмаларға кетіп жатыр. Ал ауылдағы шаруаға «аспаннан киіз жауса да ұлтарақ бұйырмайдының» кебі келіп отыр. Қазір Үкіметтің ауыл шаруашылығын субсидиялау ауқымы кеңейді. Бұл ретте атқарылып жатқан шаралар баршылық. Дегенмен, құжатбастылықтың салдарынан шаруалардың басым бөлігіне ештеңе бұйырмай жатыр.  Мысалы, Үкімет қазірде алдында шағын ғана мал  бар шаруаларды қолдау жобасын қолға ала бастады. Бұған дейін субсидия мал басының саны 600-700 басты құрайтын, жайылымдық жері ауқымды, ірі-ірі шаруа қожалықтарына ғана берілетін болса, келер жылдан бастап қолында 50-100 бас малы бар, жайылымдық жері де анағұрлым ауқымды емес шаруаларды қолдауды ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарлап отыр. Егер бұл сауатты жүзеге асырылатын болса, ауылдағы талай ағайынның қолына қаржы тиіп, олардың өнім шығару қабілеті артып, шағын кластерлер жасауға мүмкіндік ашылар еді. Жалпы, кез келген дүниені сапалы етіп шығару үшін алдымен оған шағын кластер жасақтау маңызды. Ендеше бұл арада «Үкіметтің шағын шаруа қожалықтарын қолдауға арналған жобалары аяқ шеніне дейін сауатты жүзеге асады» деп үміттену керек. Сонда бұл мәселе шешімін таба бастайды.




Бақтияр Садықов, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:

- Қарағанды облысының, Шет ауданында нақ осы мәселеге қатысты мынадай бастама бар: жергілікті әкімдік ауылдағы шаруаларға арзандатылған несие беріп, сол арқылы ауыл шаруашылығына қажетті техника, тұқымдық тағы басқа дүниелермен шаруаларды қамтиды. Ал артынан шаруалар соны субсидия арқылы төлеп несиесін жауып жатады. Міне, осы жүйені тетікке қосу керек. Бұл қолында қаржысы жоқ, бірқатар шаруалардың шаруасын жеңілдетіп, үлкен нарыққа шығуына, өнім өндіру қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін тетік. Қазірде шаруаларға ең қажетті дүние техника. Ал олар жаңа техниканы сатып алуға қымбатсынады, ескі техникамен еңбек өнімділігі артпасы тағы анық.  Жаңа техниканы шаруалардың қолына беру үшін арзандатылған несие жүйесін тетікке қосқан дұрыс. Себебі ауылға банктер несие бере бермейді. Кепілдік затының құны тым арзан болса шаруаға несиеге жолау тіптен уайым. Сондықтан арзандатылған несиені шаруаға беріп, артынан Үкімет оны субсидиялап жабу керек. Бұл шаруаның қолына қаржы беруде өте тиімді тәсіл.




Думан Нағашыбекұлы, Қалмақ және галловей асыл тұқымды ірі қара малдары республикалық палатасының директоры:

- Бұл жерде жергілікті әкімдердің белсенділігі артуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер шаруалардың өнім өндіру қабілетінің артуына, нарықта болып жатқан құбылыстарды меңгеруіне жағдай жасауға ұмтылуы керек. Шаруалармен тығыз байланыс орнату арқылы олардың қолына қаржы беруде құжатбастылықтан, қағазбастылықтан арылту қажет. Сондай-ақ «біздегі субсидияны тек 500-600 бастан асатын малы бар ірі шаруа қожалықтарына ғана бағыттайтын жүйеге өзгерістер енгізу керек» деп ойлаймын. Қорасында 50-60-100 бас малы бар шаруаларды қолдау қазірде өте маңызды. Осы шағын шаруашылықтарды қолдау арқылы біз ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру қабілеттілігін арттыра аламыз. Шағын шаруашылықтарды, үй шаруашылығындағы мал басын өсіруді қолдау арқылы біз олардың үлкен нарыққа шығуына ықпал етеміз. Сондықтан қазіргі кезде өнім капиталы қомақты агрофирмаларды жан-жақты субсидиялағаннан гөрі, өнім өндіру қабілеті төмен ауылдағы шаруаның қолтығынан демеуге тиіспіз. Демек жергілікті әкімдіктердің әрекет етуі бұл жерде өте маңызды.




Көрілген: 1641    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.04.2014, 13:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30