Алашты алаңдатқан сауал

Талапқа сай келмейтін ескерткіштерді жасауға шектеу қою керек пе?



Тілеуберді БИНАШЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Телеарна, радиодан берілетін әндер қалай көркемдік кеңестің сүзгісінен өтіп барып эфирден берілетіні секілді бұрын қала көшелеріне, ауылдық жерлерге қойлатын ескерткіштердің барлығы дерлік көркемдік кеңестен өткеннен кейін ғана орнатылатын.Қазіргі таңда тек мүсіншілер ғана емес, кез келген адам суретші де, дизайнер де ескерткіш мүсін жасай беретін болды. Кәсіби маманның қолынан шықпаған ескерткіштің көрер көзге кемшілігі бірден көрініп тұрады. Ал осындай талапқа сай келмейтін мүсіндерді кез келген орынға орнатуға жергілікті әкімдер жол беріп отыр. Арнайы мемлекеттік тапсырыспен жасалатын ескерткіштерден бөлек көптеген ұсақ-түйек, мағынасыз, сапасыз ескерткіштер қала көшелеріне, ауылдық жерлерге қалай болса солай орнатылмау үшін тамыр-таныстық, «бармақ басты, көз қысты» әдетті қою керек деп есептеймін.



Марат ӘЙНЕКОВ, Қазақстанныңт еңбек сіңірген мүсіншісі:

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпаратр министрлігінің жанында тарихи-мәдени ескерткіштерді сараптап, таңдап, талдап отыратын арнайы комиссия жұмыс істейді. Көбіне мемелкет үшін маңызды ескерткіштерге мүсіншілер арасында байқау жарияланып, үлкен сыннан өткен мүсінші ғана ескерткішті жасауға мүмкіндік алады. Алайда қазіргі таңда қала мен далаға қойылып жатқан көптеген ескерткіштер министрлікке жетпей, оның құптауынсыз орнатылып жатыр. Бұл жерде меніңше, тамыр-таныстықтың рөлі күштірек болып тұр. Министрліктегікомиссияның құрамында белгілі суретшілер, мүсіншілер бар. Егер олардың алдарына талаптарға сай келмейтін, сапасыз жұмыс түссе, оны құптауы мүмкін емес деп ойлаймын. Ал жергілікті әкімдердің көбі  сапасыз ескерткіштерге қаржы бөліп, кез келген адамға ескерткіш жасауға мүмкіндік беріп отыр.




Әділжан ҮМБЕТ, журналист:

– Таяуда Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында облыс  әкімі Қырымбек Көшербаев ескерткіш орнатуға мораторий жариялады. Әкім қазір өңірдегі кейбір ескерткіштердің жүйесіз салынғанына, ретсіз орналасқандарына назар аударып, қатаң сынға алған болатын. Облыстағы кейбір ескерткіштердің тақырыптық деңгейі ашылмаса да кезінде жергілікті басшылар оларды орнатуға рұқсат беріп, қаржы бөлдірген. Ешқандай талғамнан шықпайтын бұл туындылар қарапайым жұртшылық тарапынан реніш те тудырады. Бұл билікке де, көпшілікке де сын. Былтыр ескерткіштерді талапқа сәйкестендіру үшін жұмысшы тобы құрылды. Соның нәтижесінде көзге қораш көрінетін 52 ескерткіш күрделі жөндеуден өткізілді. Міне, осындай іс-шара еліміздің барлық облыстарында қолға алыну керек деп есептеймін.




Көрілген: 2513    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2014, 17:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30