Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тәуелсіздіктің қай тұстарын нығайту керек деп ойлайсыз?

15 желтоқсан 2012, 12:49


Ерлан АРЫН, Павлодар облысының әкімі:
– Меніңше, 21 жылдың ішінде тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл орайда айтарлықтай жетістікке жете алдық. Мұның бәрі тікелей Елбасымыздың арқасы деп ойлаймын. Ол кісі мемлекетімізге тәуелсіздікті өз қолымен алып беріп, оның нығаюына талмай еңбек сіңіруде. Енді, сол игі істі жалғастырып, сол кісінің идея­сын қолдауымыз қажет. Халық осы мақсатта бірігіп, бірлесе жұмылса, тәуел­сіздігіміздің барлық қыры нығая түседі. Егемендіктің тұғыры биіктеп, тәуел­­сіздігіміз мәңгілік болады. Онан кейін тәуел­сіздік ұғымы ұрпақ санасына мәңгілік қашалып қалуы үшін рухымызды биіктеткеніміз жөн. Рух дегенім – біздің тіліміз, рух дегенім – біздің іскер­лігі­міз. Сондықтан да, рух арқылы салт-дәстүрді да­мы­­тып, өзге елдермен терезесі тең елге айнал­ға­нымызды түсінетіндей дәрежеге жетсек деймін.


Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК, «Жас-өркен» ЖШС-нің директоры:
– Меніңше, кез келген мемлекет тәуелсіздігінің үш тағаны – экономика, сая­сат, идеология. Ошақтың үш бұтындай осы үш тағанның бірі болмаса, тәуелсіздік әлсірейді. Қазір экономикамыз бен саясатымызды жүйеге келтіріп алдық. Енді басым бағытты идеологияға бұратын кез келді. Идеологиядағы ұлт мәсе­лесіне көбірек назар аударуымыз қажет. Себебі кейбір көрші мемле­кет­те­ріміз эко­номикалық мәселелері әлсіз болғанымен, идеологиялық бағытта айтар­лықтай жұмыстар атқарып жатыр. Мысалы, қазір көрші Қырғызстанның өзін­де қара­пайым губернатордан бастап, жоғарғы шенді шенеуніктерге дейін қырғыз тілін білуі керектігі жөнінде заң қабылдамақ. Олар қырғыз тілін біл­мей­тін жоғарғы шенді шенеуніктерге айыппұл салмақшы. Сонымен қатар мем­лекеттік қызметке орналасқысы келетін талапкердің бәрін қырғыз тілінен емти­хан тапсыруға мін­деттемек. Тіл дегеніміз – ұлттық идеологияның бөлін­бей­тін бөлшегі. Біз де сол себепті тәуелсіздікті нығайту үшін осындай қадамдар жасауы­мыз қажет. Яғни, тіл, діл, дін сияқты мәселелерде мықты болуымыз керек. Дінге аса мән бер­ме­геніміз себепті еліміз біраз зардап шегіп қалды. Қазір кеш те болса, сол олқы­лықтың орнын тол­ты­рып жатырмыз. Сондықтан да, тәуел­­сіздікті нығайтамыз десек, идео­ло­гиялық мәселелерді дер кезінде қолға алған жөн.


Оразалы СӘБДЕН, экономист:
– Меніңше, өнімді өзіміз өндірмей тәуелсіздікті нығайта ал­май­мыз. Сол себепті де, өзіміздің өндіріс орындарымызды, өзіміз­дің тауар өндірушілерді қолдайтын кез келді деп ойлаймын. Сонда ғана біз тәуелсіз ел ретінде бәсекелестікке қабілетті бола аламыз. Сон­дық­тан да ауыл­шаруашылық саласына баса назар аударған жөн. Өйткені әлем алдында мал өнімдері мен бидайымыз біздің брендіміз бол­ған. Осы салаларды дамытып, өнімді шетелге сатуды жүйелеп, өнді­­ріс мамандарын дайындау керек. Екіншіден, тәуелсіздіктің тұғы­рын бекемдейтін руханият саласы кенжелеп қалды. Кеше ғана Түркістанды рухани орталыққа айнал­дыру жөнінде мега-жоспар ұсындым. Онда руха­ни-техно­логиялық кластер жасау мәселесін қам­­тыдым. Бір жағынан елімізді Түр­кістан арқылы рухани, екінші жағы­­нан Кентау қа­ла­сы арқылы тех­но­логиялық кластерді дамы­туды жолға қоюға бо­ла­ды. Мұны айтып отырған себебім, біз тәуел­сіздікті нығайту үшін әр­­қай­сымыз осын­дай идеялар төңі­ре­гін­де еңбек еткеніміз жөн секілді.