Алашты алаңдатқан сауал

Тұрғын үй ауласын тұрғындарға жалға беру дұрыс па?



Болат ДІНІСТАНОВ, Алматы қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы:

–    Қазір бұл ұсыныс талқылану үстінде. Негізінен бұл мәселе кеңінен талқылауды қажет ететін, артық-кем тұстарын асықпай саралайтын мәселе. Өйткені еліміздегі тұрғын үйлердің аулаларының көлемі әртүрлі. Аулаларды абаттандыру, тазалап, ұстап тұру әр тұрғынға қаншадан түседі, тұрғындардың шамасы жете ме – деген секілді мәселелердің бәрі есепке алынуы керек. Қазір ПИК-тер онсыз да аулаларды өз жауапкершілігіне алған. 2005 жылы «Алматы аулалары» деген бағдарлама аясында Алматы қаласы бойынша 3000-ға жуық аула жөндеуден өткен болатын. Бірақ алдағы уақытта тұрғын үйлердің аулаларының жауапкершілігін толықтай үй иелерінің мойнына іліп тастауға болмайды. Бәрін жан-жақты ойластыру керек. Мәселен бұрынғыдай аулаларға бей берекет дүңгіршек қою мәселесі қазір тоқтаған. Бірақ тұрғын үй иелерінің өздері аулаларды автотұраққа айналдырып алды. Қалаларда көпқабатты паркингтерді көптеп салмай бұл мәселені шешу қиын. Дегенмен әлі де болса тұрғын үй аулаларын тұрғындарға жалға беріп қоюға ерте. Арнайы мемлекеттік бағдарлама жасалуы керек, оны іске асырудың механизмдерін толық талдаудан өткізу керек. 



Нұрлан ЖАМАДІЛОВ, Алматы қалалық құрылыс және бағалау колледжінің директоры:

–    Жоқ, менің ойымша тұрғын үй аулаларын тұрғындарға жалға беру дұрыс емес. Мәселен тұрғын үйдің шатыры, жертөлесі жалпы тұрғындарға ортақ қолданыстағы дүниелер. Сол секілді тұрғын үй аулалары да тұрғындардың онсыз да меншігіндегі иелік. Ендеше тұрғын үйлердің аулаларын олардың өзіне жалға беру дұрыс емес. Ал аулаларға әлдекімдердің дүңгіршек немесе сауда үйін орнатып алуы мүлдем бөлек мәселе. Тұрғын үйлердің орналасуы, құрылыс ережелері заңдылықтарына сәйкес әр үйдің ауласы өзінің меншігі. Демек тұрғындар жалға алмай-ақ ауа алмасуы үшін, күннің жарығы емін еркін түсуі үшін бос алаңдар сақталуы керек. Ал оны ескермейтіндер заң алдында жауап береді. Сондай-ақ осыған дейін Пәтер иелері кооперативін құрып, тұрғын үйлерді солардың қолына беруден  ешнәрсе ұтқан жоқпыз. Қазір ПИК-тер төңірегінде дау көп. Есесіне тұрғын үйлер тозып барады. Ал аула сыртқы көрініс. Егер ертеңгі күні аулаларымыз да азып тозып кетпесін десек, тұрғын үй ауласын тұрғындарға жалға беру туралы ойламауымыз керек. Бүгінде тұрғын үйлерге жауапты көптеген мекемелер бар. Қалалық әкімдік жандарында арнайы бөлімдер бар. Егер бәрін жекешелендіре берсек олардың не керегі бар?! Олар халықтың салығымен құрылып, солар арқылы жұмыс істеп жатыр ғой. Ендеше осындай мәселелерді шешумен айналыссын.



Тайыр НАЗХАНОВ, заңгер:

–    Тұрғын үй ауласын тұрғындарға жалға бергеннен кейін ертеңгі күні ешкімнен жауапкершілік талап ете алмай қаламыз. Тіпті тұрғындардың біреуі жалдық ақысын төлеп ауланы өз жекеменшігіне алып алуы, онда қалаған нәрсесін ашып алуы да мүмкін. Сондықтан біз тұрғын үй аулаларын тұрғындарға жалға беруден ештеңе ұтпаймыз. Қазір ПИК-тер тұрғын үйлерге қоса, олардың аулаларына да жауапты болып отыр ғой. Осы қалыпта жалғаса беруі керек. Одан әрі мәселе туындататынай ештеңе көріп тұрғаным жоқ.




Көрілген: 1993    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.02.2014, 15:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30