Алашты алаңдатқан сауал

Учаскелік инспекторлар жетіспеушілігінің туындауына аттестацияның әсері болған жоқ па?



Орынғали ЕСЕНҒАЗИЕВ, Алматы қалалық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник:

– Әрине, бүгінгі таңда ішкі істер органында кадр тапшылығының орын алып отыруына былтыр өткізілген аттестацияның да тікелей әсері болды. Біздің кезімізде әрбір ішкі істер бөлімінде жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізетін бастықтың орынбасары болатын. Ол жеке құрамның саяси біліктілігін арттырумен, физикалық тұрғыдан дайындығымен, әр қызметкердің заңдық тұрғыдан біліктіліген жетілдіру жұмыстарымен шұғылданатын. Заңға енгізілген өзгерістермен таныстырып, соңынан сол бойынша қызметкерлерден емтихан алатын. Білмегенін қайта оқытатын. Аттестация деп 15-20 жыл қызмет атқарып келген қаншама тәжірибелі мамандарды жұмыстан босатты. Егер 15-20 жыл істеген қызметкер аттестациядан өте алмаса, оған ең алдымен басшылық кінәлі. Демек, басшылық жеке құраммен дұрыс жұмыс істемеген. Ал жаңадан келген жас маман тәжірибе жинақтағанша қанша уақыт өтеді?! Құқықтық салада тәжірибенің маңызы зор. Міне, енді 1700-ден астам учаскелік инспектор жетіспей жатқанын министрдің өзі айтып отыр. Учаскелік инспектор жоқ болса, қылмыс көбейеді. Яғни, қылмыстың көбеюіне өзіміз жол ашып отырмыз.  




Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:

– Иә, Ішкі істер министрінің мәліметінен хабарым бар. Менің білуімше, министр халық санына шаққанда учаскелік инспекторлардың жетіспейтіндігін сөз етті. Бұл «сонша бос орын тұр» деген сөз емес. Әрине аттестациядан кейін кадр тапшылығы да бой көтерді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша зерттеу жасаған біздің әріптестер мұндай проблеманың орын алғанын анықтап, ол мәселені Мәжіліс қабырғасында көтерген болатын. Ал аттестация кезінде біреулерінің денсаулығы талапқа сай болмай және басқа да әртүрлі жағдайлармен тәжірибелі мамандар қызметтен кетті. Олардың орнына келген жас мамандарда тәжірибе жоқ. Салыстырмалы түрде айтқанда, мысалы, тамақтың еті болмаса, дәмсіз болатыны сияқты қазірге жас мамандардың жұмысы тұшымсыз болып тұрғаны рас.




Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөз текке айтылмаған ғой. Ішкі істер органдарында өткен аттестация туралы талай әңгіме есітіп жүрміз. Ол жерде есеп айырысудың да, жемқорлықтың да болғаны жайлы қаңқу әңгіме көп болды. Халық санына шаққанда Қазақстанда полиция қызметкерлерінің саны аз емес. Бұл жөнінен алдыңғы қатардамыз. Әрине, реформа қажет. Алайда, реформа полицейлер жұмысының жақсаруына ықпал етуі тиіс. Мысалы, учаскелік инспекторды сайлауда тұрғындардың пікірін ескеру деген сияқты дүниелер болуы қажет. Учаскелік инспектор басшылық алдында ғана емес, халық алдында да есеп беруі керек. Ол учаскелік инспекторлардың халықпен тығыз жұмыс істеуіне түрткі болады. Егер полиция өкілі халыққа жақын болса, жұмысының жемісті болары анық. Қазір қарапайым халық полицейден бойын аулақ ұстағанды жөн көреді. Бізде учаскелік инспекторы кім екенін білмейтін ауылдар бар. Өйткені, жер шалғай, бірнеше ауылға бір инспектор. Қылмыс бола қалса тұрғындар қайда хабар берерін де білмейді. Тіпті өзіміз қалада тұрып, учаскелік инспекторымыз кім екенін білмейміз. Ең болмағанда, учаскелік инспектор кіреберістегі хабарландыру ілетін жерге байланыс телефонын жазып қойса ғой, бір жағдай бола қалса, тұрғындар лезде хабар бере қояр еді. Сондықтан учаскелік инспекторлар халықпен тығыз байланыста болуы қажет.




Көрілген: 1587    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2014, 15:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30