Алашты алаңдатқан сауал

Украинадағы дағдарыс қазақстандық байларды үркітпес үшін қандай шара қолданылуы керек?

  • Украинадағы дағдарыс қазақстандық байларды үркітпес үшін қандай шара қолданылуы керек?

    Украинадағы дағдарыс қазақстандық байларды үркітпес үшін қандай шара қолданылуы керек?

 




Ілияс Исаев, қаржыгер:

–Қазақстан осы кезге дейін сыртқа кетіп жатқан қаржыны бақылауда ұстау үшін нақты қадамға бара қойған жоқ. Сондықтан біз дәл бүгінгідей жағдайды пайданала отырып, қазақ еліне тиесілі барлық қаржы операцияларын бақылауды тезірек қолға алуымыз керек. Одан бөлек заң шеңберінде жұмыс істеп жатқан қаржылық топтарға мемлекет тарапынан кепілдік берілуі керек. Және ол кепілдеме құжаттық негізде  болғаны абзал. Неге десеңіз бүгінгі күні қазақстандықтардан бөлек, көптеген елдің бай азаматтары тұрақты мемлекетті, тұрақты экономиканы, тұрақты саяси жүйені іздеп жүргені аян. 

Ал Украинадағы жағдайға байланысты АҚШ билігі Ресейге қатысты экономикалық санкция жариялауын одан әрі үдете беретін болса, онда Кедендік одақ шарттарына сәйкес қазақстандықтардың иелігіндегі қаржының еркін жүріп-тұруына түрлі кедергілерге тап болары сөзсіз. Одан бөлек шетелдерге инвестиция ретінде салынуы тиіс қаржының да жетер жеріне жетпей қалуы әбден мүмкін. Ал бұл сайып келгенде біздің елдің де  экономикасына кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық.




Айдос Бәделұлы, саясаттанушы:

–Әрине бұл мәселе бойынша шара қолдану керек-ақ. Себебі, мемлекет үшін  олигархтардан келер пайда сөз жоқ өте көп. Оған Украинадағы жағдай дәлел бола алады. Күні кеше ғана қазынасы босап қалған Украина үкіметінің уақытша басшысы елдегі бай-манаптарды жинап алып,  қаржылай көмек сұраған-тын. Және олар мұндай қадамға бекер барған жоқ.  Өйткені мұндай бастамалар кей жағдайларда әлдебір мемлекетті тығырықтан алып шыққаны туралы тарихтан мәлім. Сондықтан байлардың елдегі саяси ахуалға алаңдап капиталдарын өздері таңдаған жерлеріне, елдеріне жібере берсек, бұл саяси элитаның мүмкіндігін пайдалана алмау болып есептеледі. Үкімет осыны ескере отырып, байлардың қаржысын ел аумағында сақтауға, еркін, әрі қауіпсіз жағдайда айналымға түсуіне кепілдік беруі керек. Ал бұл жолда нақты қандай шара қолдану керектігін мен айта алмаймын.




Жомарт Сәрсембаев, экономика ғылымының профессоры:

–Тұтас әлем елдерін дүрліктірген Украинадағы ауыр жағдай расында да қарапайым халықтан бөлек, байлардың да үрейін ұшырғаны рас. Осыған байланысты кейбір азаматтар қазақстандық  банктерде сақталған  ақшаларын қайтарып алғаны да рас. Олардың арасында өте ауқатты азаматтар да бар. Енді біз сол азаматтардың қаржысы елде қалдырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Билік те қарап жатпай қаржы алпауыттары қаржысына ешқандай да қауіп төнбейтініне сендіруі  керек деп ойлаймын. Ал ол қалай жүзеге асырылатын мен айта алмаймын. Мүмкін ондай кепілдемені Үкіметтенің өзі беруі керек те шығар. Әр салымшымен жеке-жеке кездесіп, билік пен жеке тұлға арасында арнайы құжатқа қол қойылуы қажет болар.

Елде неғұрлым көп ақша қалсағ экономикаға да соғұрлым пайдасы тиер еді.




Көрілген: 1517    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.03.2014, 18:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30