Ұлттық мәселеде қазақ зиялылары неге самарқау?

Ұлттық мәселеде қазақ зиялылары неге самарқау?


Қабдеш Жұмаділов, жазушы:
– Біздің ұлттық интелегенциямыз біртекті емес. Ұлттық мәселе көтерілетін кезде оларды бір саптан таба алмай қаламыз. Неге? Оған себеп зиялыларымыздың арасында биліктің немесе лауазымды тұлғалардың қас қабағына қарайлайлайтындар, ешкімнің де көңілін жыққысы келмейтіндер көп. Олар негізінен күнкөріс қамымен жүр деуге де болады. Ал, екінші топтағы зиялылар шама-шарқынша халықтың сөзін сөйлеп жүр. Оларды самарқау деп кінәлай алмаймын. Қазір біздің тарапымыздан дүркін-дүркін ұлттық проблемалар көтеріліп жатыр. Мысалы, дәл қазір біз жер жайы, оралман мәселесі, тіл проблемалары тұрғысында шырылдап жүрміз. Бірақ, соны елеп-ескеретін құлақ табылмай тұр. Сондықтан да, «зиялылар самарқау» деп, барлық игі жақсыларды бір шыбықпен айдауға болмайды. Онан да осы екі бағыттағы интелегенция өкілдерінің басын бір қазанға сиғызу мәселесіне толғанғанымыз дұрыс. Кеңестік дәуірде Лениннің «Әдебиет – партияның үстін бір бөлігі» деген сөзі бар еді. Содан болар, ол кезеңнің билігі идеологиялық мәселелерде жазушылармен санасып отырды. Қазір әдебиет, сол әдебиетті жасайтын зиялылар мінбедегілерге қажетсіз болып қалды.  


Сайын Борбасов, саясаттанушы:
– Зиялылардың ұлттық белсенділігі жайлы айтылғанда біржақты көзқараста болмауымыз тиіс. Мәселен, мен ғалым адаммын. Әр жыл сайын ұлттық проблемаларды көтерген бірнеше мақала жариялап отырамын, шәкірттер тәрбиелеймін, кітап дайындап жатырмын. Жалпы, осындай ауқыммен ұлт үшін қызмет істеп жүрміз деп ойлаймын. Десе де, біздің интелегенцияның саяси белсенділігі төмен екені рас. Сондықтан да, қазір ұлттық құндылық мәселелері актуальді мәселе болып тұрған жоқ. Меніңше, интелегенцияның ұлтқа қызмет етуін екіге бөліп қарастыруымыз қажет. Бірінші – өз шығармашылығы арқылы халыққа қызмет жасау. Екіншісі – интелегенция өкілі ретінде кез-келген саяси оқиғаларға үн қосу. Біздің интелегенция осы екінші жайтқа келгенде ақсап жатқан сияқты.


Әшірбек Сығай, сыншы:
– Бұқараның алдына шығып жүргеннің бәрін интелегент деп айтуға болмайды. Қоғамдық сананы түйсіне білетін, халық алдындағы жауапкершілікті, ұлт алдындағы парызды сезіне білетін азамат қана зиялылық деңгейіне көтеріледі. Ал, біз оқу бітіріп, қолына қалам ұстағандардың, Алматы мен Астанада жүргендердің бәрін зиялы деп айтып жүрміз. Нағыз зиялы ауылда жүрген шығар. Мәселен, Түркістанда жездем бар. Сол кісі бүкіл жер жүзіндегі проблемалардан бастап, ауылдың жайына дейінгі барлық мәселелерге өз көзқарасын білдіріп отырады. Елдік мәселеге келгенде аудан басшыларына да өз сөзін өткізе алады. Енді сол кісімен үлкен қалада тұрып, әлеуметтік жағдайын жақсартып алған, тапқан-таянғанын кертіп жеп жатқан, ұлттық мәселеге келгенде жұмған аузын ашпайтын көкелерімізді салыстыра аласыз ба? Зиялылық деген туабітті қабілет. Ол қан арқылы келеді. Өкініштісі сол, біз зиялы деп жүрген азаматтар бала-шағасының амандығы, шаңырағының тыныштығы үшін елдік мәселеде жалтақтық танытып алып жүр. Тіпті, ұлттық мәселе айтылған ашық хаттарға қол қоюға қорқатындар, қол қойып алып, тайқып кететіндер де жоқ емес. Меніңше, оларды да кінәлай беруге болмайды. Өйткені, біздің зиялылардың көбінің айта-айта тауы шағылған, меселі қайтқан...
«Алаш айнасы» үшін Қанат Бірлікұлы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста