Наурызға қатысты ырым-тыйымдарды білесіз бе?

Наурызға қатысты ырым-тыйымдарды білесіз бе?


Күләш АХМЕТОВА, ақын:
– Мен Наурыз мейрамында дастарқан мәзіріне қатты мән беремін. Қазанымды аққа толтырып қойып, наурызкөже жасағанды жөн көремін. Жалпы, Наурызда нақ осы қазанды аққа толтыруға қатысты өзіндік ырым бар деседі. Мысалы, Шығыс халықтары күн мен түн теңелген күні үйіндегі бос қазандарының түгелін аққа толтырып қойып, оның бетін ашып қояды екен. Ондағысы «дас­тарқаным берекелі болсын, үйіме бақ-береке, ырыс енсін» деген ниеттен туындаса керек. Осылайша, ниеттеніп мен де  үй ішімді тазартып, қыстан қалған сүр етті асып қазан көтеріп, осы бастан наурызкөже жасауға кірісіп кеттім. Мұным дастарқанымыз берекелі, ырысымыз мол, ел іргесі аман болсын деген ойдан туындап отырған дүние. Жалпы, Наурызда ата-бабаларымыздың дені тазалыққа, кешірімділікке  айрықша мән берген. Міне, біздің де қазіргі тұста мән беріп келе жатқан дүниеміздің бірі осы іспетті дүниелер...


Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, сарапшы-маман:
– Менің бала кезімнен білетінім, Наурыз мейрамында басты назар аударылуы тиіс нәрсе мынадай ырым-тыйымдар болуы керек: Наурызтөл – наурызда туған мал басын қазақтар сатпайды. Мұны төл басы деп есептейді де мұндай төл басын ешкімге сыйға да бермейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына сойып, «малым ырысты болсын» деп ырым етеді.  Бұдан соң Наурыздағы бір ырым наурызкөк деп аталады.  Наурызкөк деген – осы айда ұшып келетін құс. Бұл құсты алғаш көргендер оны үркітпейді, қорқытпайды, үйінің төбесіне қонып тұрса отбасыма береке орнайды деп қуанады. Наурызшешек – бұл наурыз айында өсетін өсімдік. Бұл өсімдікті ырым етіп үйінде өсіргісі келетіндер көп. Бірақ бұл өсімдік қорының аздығынан қазірде «Қызыл кітапқа» енген. Ежелде жұртшылық бұл өсімдікті сақтап, өсіру мақсатымен көктем шыға өсімдіктің тұқымын алдырып еккен. Қазір біз мұның орнына жас талдарды егіп, ырым жасап жүрміз. Наурызша – қайсыбір аймақтарда наурызда жеңіл үлпілдек қар түседі. Мұны қалың қауым наурызша – деп атайды. Мұндай қар жауса, жаңа жылдың келе жатқанының ырымына балайды. Наурыз айында келесі бір аймақтарда  жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып, саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді.


Қамаш СЕЙІТЖАНОВА, 20 баланың анасы:
 – Ертеде шығыс елдері Наурызды «мұхаррам» деп атаған. Оның мәнісі: осы қасиетті айда табиғатты ластауға, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, ғайбат сөзге, ішімдікке, тағы басқа жағымсыз істерге тыйым салынған. Наурыз әдептілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді дарытатын, дамытатын, ұлықтайтын күн есебінде ерекшеленген. Бұл күндері Наурыз мейрамында мал сойылмайды, жалпы қан шығармайды. «Өсер төлге, көбейер малға кесірі тиеді, мал басы кемиді» деген тыйым бар. Сонымен бірге Наурыз мерекесі күні шаш, тырнақ алмайды. Өйткені адамның қара тырнағынан бастап, шашына дейін жаңарып, түлейді. Наурыздың бірінші күні, яғни Ұлыстың ұлы күні кір жумайды, жолға шықпайды, құрылыс бастамайды, іс тікпейді, мылтық атпайды, қақпан құрмайды, тұзақ салмайды. Бұл күн –  тіршілік әлемінің тойы. Бұлақтың көзін ашу, тал егу –  Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады деген ырым бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста