Парыз

Керекуде биылғы айт бұрынғы айттан өзгерек

Павлодар облысының 12 аудан, үш қаласында Алланың 91 үйі бар екен. Бір ғана облыс орталығы Павлодар қаласында алты мешіт орналасқан. Солардың ішінде ерекше сән-салтанатымен көз тартатыны – жергілікті жұрт «көк мешіт» атандырған Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт.

Салынғанына cанаулы жылдар өтсе де, елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелге танымал болған Мәшекең атындағы мешіт тоғызыншы Құрбан айт мерекесін өзгеше өткізді. Біріншіден, осы жылы салғаннан бері жөндеу көрмеген мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Демеушілік танытқан иманды азаматтардың арқасында әйелдердің намаз оқитын бөлмелерінің төбелері қайтадан жабылды. Осындай көтеріңкі көңілмен мұсылмандардың ұлық мерекесін қарсы алғалы отырғанда мешіт ұжымын «биылғы айт, бұрынғы айттан» өзгерек дегізген ақпарат жетті. Жыл сайын Құрбан Айт мерекесінің бастауы таң намазы оқылысымен құрбандыққа шала­тын малдарын алып, мешітке ағылатын жама­ғатқа биыл мешіт ауласында тышқақ лақ та бауыздамау туралы жоғарыдан нұс­қау беріліпті. Санитарлық-ветери­нарлық Заңға сәйкес жұртшылық осы жұмыстарды атқа­ратын «Акоба» және «Ет-продукт» атты қос мекемеге қарай құрбан малдарын же­тек­теді. Орталық мешіттің имамы Жолдас қа­жы Қоспақұлы облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдағанын айтады. Яғни «санитарлық-ветеринарлық тәртіптерді қатаң сақтаймыз. Арнайы СЭС мамандары мешіттің асханасында жағдай­ды қадағалап отырса» делінген хатта. Имамның айтуын­ша, былтырғы жылы мешітте 120-ға жуық қой құрбандыққа шалыныпты. Соның 15-20-сы ғана мешіттің үлесіне қалса, қал­ғандарын түгелдей дерлік жұртшылық алып кетеді екен.

«Негізі, құрбандыққа шалатын малды Алланың үйінің маңында бауыздау дұрыс болар еді. Жамағат та соған үйреніп алған болатын. Енді амал жоқ, заңның аты – заң. Мемлекет пен дін екі бөлек болса да, мешіт қоғамдық орын ғой. Биыл Құрбан айтқа шалынатын малдарды арнайы қасапханаға апару қажеттігін жұртшылыққа түсіндірдік. Жұрт та одан құлағдар болды. Былтыр 120-дай қой сойылған болатын. Біз ол қойларды сойып, жуып-тазалап беретінбіз. Бізге ол құрбандыққа шалынған малдың терісі, ішек-қарны, қаны, яғни қоқысы ғана қалатын. Біз одан ешқандай пайда көр­мейміз. Сол өзімізге қалатын он бес, жиыр­ма қойдың өзін түзету мекемелеріне, пан­сионатқа, жетім балалар үйіне бөліп бе­ре­міз. Өзіміздің мешіттің медресесіне қалса қалады, болмаса ол да жоқ. Бір қуантарлығы, намаз оқып, дінге бет бұрған жастар көбейіп келеді. Біздің міндет соларға дұрыс бағыт сілтеу, адастырмау», – дейді орталық мешіттің имамы Жолдас Қоспақұлы.




Көрілген: 3727    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2010, 12:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31