Парыз

Құрбандыққа мал орнына нан шалады

Құрбан шалу Ибраһим пайғамбардан бері келе жатқан құлшылықтың бір түрі. Алладан кінәларының кешірілуін тілеп мал бауыздау – жағдайы бар мұсылманға уәжіп амал болып есептеледі.

Исламда құрбандыққа төрт түлік мал ғана шалынады. Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды. Ал хрис­тиандарда қан шығарып, құрбан шалуға мүлдем тыйым салынған. Олардың құр­бандары қансыз құрбан деп аталады.

Сергей Снопков, Петр мен Павел шіркеуінің протейериі:

– Христиандарда осыдан екі мың жыл бұрын қан шығарып, құрбан шалуға тыйым салынған. Сондықтан мұсылман­дардағы­дай мал бауыздау христиандарда жоқ. Оның орнына қарапайым нанды құрбан ретінде беруге болады немесе шіркеулердегі жағы­латын шамдарды да құрбандық деп есеп­теген жөн. Құрбан шалудың белгілі бір уақыты да жоқ. Қалаған уақытта құрбан­дықты бере беруге болады.

Соңғы жылдары ислам дінін қабылдаған өзге ұлт өкілдерінің қатары қалыңдап келеді. Ет жеуден олар қазақпен бәсекелесе алмасы анық, бірақ құрбан шалудан олар да қалыс қалмақ емес. Себебі құлшылықта, жақсылық жасауда, қайырымдылық көр­сетуде жарысу жақсы амалдардан.

Максим Раздорский, Қызылжар қаласының тұрғыны:

– Мен осыдан алты жыл бұрын исламды қабылдадым. Бала кезімде шоқындырған екен, сондықтан мұсыл­ман болғанға дейін шіркеуге барып жүрдім. Есейе келе білім алып, исламның хақ дін екеніне көз жет­кізгендей болдым. Інжілде айтылған­дардың көбі қарама-қайшы келіп жатады. Исламның тура жол көрсетіп тұрғанын түйсігіммен түсіндім. Ал құрбандыққа келе­тін болсақ, ол – мұсылманға парыз амал. Сондықтан жылда қой сатып алып, құрбан шалып тұрамын. Әке-шешем мұсылман емес, бірақ менің таңдауыма олар қарсы болған жоқ.

Максим сияқты исламды қабылдап, құрбан шалатындар соңғы кездері көбейіп келеді. Бұл – қуанарлық жағдай. Ал бірне­ше қабат үйде тұрып, қымбат көлік мінетін өз ағаларымыздың бір ақсарбасты бауыз­дап, жетімдерге таратуға шамалары келмейтіндігі қынжылтады. Пайғам­барымыз­дың (с.а.у) «Кімде-кім мүмкін­шілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» деген қатаң ескертуін мешітке біреу өліп, ас бергенде болмаса, аттап баспайтын олар қайдан білсін?...




Көрілген: 3645    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2010, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31