Альтернативті әскери қызметтің артықшылығы көп

Альтернативті әскери қызметтің артықшылығы көп

Әскери қызметті өтеу – еліміздегі әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы. Әйтсе де бүгінгі күні Қарулы Күштер сапына мерзімді әскери қызметке шақырылған жастардың 70 пайызы денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамайтынын статистика көрсетіп отыр. Мамандар «Егер ер-азаматтарымыздың денсаулығына көңіл бөлмесек, алдағы уақытта тіпті Қорғаныс министрлігінің сұранысын қанағаттандыра алмай қалуымыз да әбден мүмкін», – дейді. Әйтсе де айтпағымыз бұл емес. Осы мәселенің саладағы парақорлыққа себеп болып отырғандығы. Бүгінгі күні денсаулығына байланысты әскерге жарамсыз жастардың бірқатары пара беріп, әскерге баруға ынталы болса, енді баз біреулері, керсінше, пара беріп әскерден қалуды қалайды. Айналып келгенде мұның бәрі әскери билеттің саудаға түсіп, саладағы жемқорлықтың көбеюіне себепші болып отыр. 
Таратып айтар болсақ, әскерге жарам­сыз жастардың арасында асқазан, бауыр, бүй­рек және варикозды аурулар белең ал­ған. Мамандар варикозды аурудың кө­беюінің себебін ер жігіттердің көбіне ауыр жүк көтеріп, ауыр еңбекпен айналысуынан іздесе, басқа аурулардың негізгі себебі: спирттік ішімдік ішу, темекі тартып, на­сы­бай ату секілді зиянды әдеттер себеп бо­латын көрінеді. Әйтсе де денсаулығы жа­рам­сыз болса пара беріп әскерге барғысы келетін жастар жетерлік. Қызметін құқық саласымен байланыстырғысы келетін жас­тар, мүмкіндігінше, сарбаз атанып, әс­кери билетке қол жеткізуді көздейді. Көздегеніне жету үшін тиісті орындарға пара ұсынуға тырысады. Өйткені елімізде әскери билетсіз қызметке қабылдамайтын салалар жетерлік. Тіпті әскерге барғысы келетіндер ғана емес, әскерден қалғысы келетіндер де пара ұсынуға тырысады. Дерек көздеріне сүйенсек, көбінесе ұлттық компанияларда немесе басқа да «майлы жіліктің», яғни жақсы қызметтің басын ұстаған жастар әскери міндетін өтеп келгенше қызметінен айырылып қалуға қор­қып, әскерге бармау үшін тиісті орын­дарға пара ұсынуға тырысатын көрінеді. Осы­лайша бүгінгі күні Қорғаныс ми­нистр­лі­гінің осы саласындағы қалыптасқан жү­йе қоғамдағы парақорлық пен жем­қор­лықтың кең тарауына ықпал етіп отыр. 
Осы орайда, кейбір елдердің тә­жі­ри­бе­сіне сүйенсек, күрделенген мәселенің күр­­меуін оңай шешер едік. Мәселен, көр­ші өз­бек елінде, альтернативтік әскери қыз­­мет түрі қалыптасқан. Әскерге жа­рам­сыз деп танылған азамат Қорғаныс ми­нистр­­лігінің арнайы есепшотына бел­гі­лен­ген мөлшерде қаржы құйып, бір ай ар­найы әскери қызметін өтеп, әскери би­лет­ке қол жеткізе алады. Яғни біздегідей «май­табан болсаң боссың» деген қағида жоқ. Аталмыш жүйе, ең алдымен, елі­міз­дегі барлық азаматтардың әскери билетке қол жеткізуіне мүмкіндік туғызады.
Еліміздегі әскерге шақырылған жас­тар­дың 70 пайызының денсаулығы сарбаз ата­нуға жарамсыз екенін ескерсек, осынша азаматтың әскери билеті жоқ еке­нін де байқауға болады. Екіншіден, әс­кер­ден қалғысы келетіндердің мемлекеттік бюджетке құйған қаражатын осы салаға қайта құю арқылы, яғни әскерді өз қаржысымен қаржыландыру арқылы қорғаныс саласына бюджеттен бөлінетін қаржыны да  үнемдеуге мүмкіндік туады. Ең бастысы, осы саладағы жемқорлықтың аза­юына септігін тигізеді. Әскери комис­са­риат қызметкерлеріне беретін параны заңды түрде мемлекет қоржынына са­лу­дың тиімділігін осы саланың мамандары да жоққа шығармайды.
Баһадүр КЕЛІМБЕТОВ, саясаттанушы:
– Бүгінде қоғамымызда әскерден қа­­ламын деушінің де, барамын деу­ші­нің де мәселесі бар. Және мәселені шеш­­кісі келетіндер тиісті орындарға па­ра ұсыну арқылы бұл тығырықтан шы­ғуды көздейтіні рас.  Шын мәнінде, олар­ды пара ұсынуға осы салада қа­лып­тасқан жүйенің өзі мәжбүрлеп отыр. Ер-аза­мат аяғы майтабан болса мем­лекеттік қыз­­мет істемеуі керек пе? Не­месе на­ғыз өз кә­сібін үйренетін ша­ғында жас ма­­ман­ның бір жыл уақытын әскери қызметке жұм­сауы қаншалықты тиім­­ді?! Шыны керек, кейде әскерге бар­­ғы­сы келетін жастарды әскери ко­мис­­са­риат «орын толып қалды» деп ке­рі қай­тарып жа­тады. Амал жоқ «ке­ле­сі ша­­қырылымға» деген бір жапырақ қа­ғ­азды қолына ұс­тап қала береді. Сонда ол әскери би­лет үшін қызметке тұрмай қан­ша уақыт тиісті орындардың «ықы­ласы құлап» әскерге жібергенін күтіп оты­руы керек пе? Сондықтан біз аль­тер­нативті әс­ке­ри қызмет түрін қол­да­нысқа ен­гі­зуіміз керек. Талай елде сәтті қол­да­нылып жүрген бұл жүйе осы саладағы мәселе­лер­дің шешілуіне түрт­кі бо­лады. Ал альтернативтік әс­ке­ри қыз­мет­тен түскен қаржы толық мер­зім­ді қыз­мет атқаратын әске­рилерге жұм­­­салады. Осы­лайша осы салаға жұм­­салатын қар­жыны да үнемдеуге мүм­­кіндік туар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста