Рух

Эволюциялық даму аясындағы революциялық реформалар

  • Эволюциялық даму аясындағы революциялық реформалар

    Эволюциялық даму аясындағы революциялық реформалар

Экономикалық  реформалар мен сыртқы саяси басымдықтарды  жүзеге асыру турасында айтсақ, Орталық  Азия елдері арасында Қазақстан «алдыңғы қатарлы мемлекет» деген мәртебеге ие. Халықаралық дағдарыс тобының  берген бағасы осындай.

Іссапармен біздің елде болып қайтқан аталмыш топтың вице-президенті Ален Делетроздың   «Орталық Азияда Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан мемлекет саналады.  Шынында да, Қазақстан – сыртқы саясатын халықаралық ынтымақ­тастық, көршілес мемлекеттермен татулық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп отырған   мемлекет. Ал ең маңыздысы,  Қазақстан  – Орталық  Азияда   экономи­калық реформаларының бағыт-бағдары айқын, дамуы тұрақты көшбасшы ел» – дегені Қазақстандағы жүзеге асып жатқан экономикалық реформалардың нәтижесі.

Негізі, сарапшылар біздің елдегі экономикалық реформаларды кезең-кезеңге бөліп қараса, ол 1991 жылдан бастау алады екен. Бұл – 1991-1992 ж., 1993-1994 ж., 1995-1997 ж., яғни сын сәт, 1998-1999 жылдар (даму стра­те­гия­сын анықтау) аралығы және 2000-жылдан бергі кезең (экономикалық тұрақтану жыл­дары).

Қазақстандағы КСРО экономикасынан кейiнгi ахуалдың құлдырауы бiрiншi кезең­нің еншісінде. Бұл – сыртқы және iшкi әлеу­меттік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық сая­саттың бағы жанбаған жылдар. Сол кездегі басты мақсат бұрынғы жүйенi өзгер­туге және ұлттық нарықтық экон­о­ми­каны құруға бағытталған-ды. Атап айтсақ, экономиканы ырықтандыру; әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту; сыртқы эко­но­микалық қызмет нысандарын кеңейту, яғни сырттан инвестициялар тарту; валю­та­лық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру, нақтысы – жеке сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгi­ле­рiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және ор­та­ша бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету.

Екiншi кезеңде жалғастырылған ре­фор­малардың мақсаты мына саясатты көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жекеменшiктi заңдастыру жағына ойысты; рубль аймағынан шығып, ұлттық валюта — теңгенi енгiзу; валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тап­шылығын жолға қою үшін қатаң шектеу ша­раларын жүзеге асыру; алтын-валюта қорларын еселей түсу. Дәл сол жылдары үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағ­дар­ламасын қабылдады. Бұл бағдарлама инфляция деңгейiн азайтуға және өн­дi­рiс­тiң құлдырауын шектеуге негізделген-ді.

Шешуші кезең – үшiншi кезең болса керек. Сол жылдары макроэкономиканы тұрақ­тандыру бағдарламасы қабылданып, өз кезегінде ол инфляцияны төмендетуге сеп болды. Дәл сол жылдары шетел капи­талы кеңiнен тартылды, рыноктар мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Бұл – нарықтық рефор­малар кезеңiнiң басты жетiстiктерi. Елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай орнап, Қазақстанның тәуелсiздiгi мәр­те­бе­сiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойын­дады. Сондай-ақ халықаралық қаржы инс­титуттары бізге айқара есік ашты.

Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жыл­ға дейiнгi даму стратегиясы қабыл­дан­ды. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақ­са­тында Президенттiң Жарлығымен 1998 жылы «ҚР дамуының 1998-2000 жыл­дар­ға арналған стратегиялық жоспары» бе­кi­тiл­дi, ол дүниежүзілік қаржы дағ­да­ры­сы­ның зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен эко­но­микалық өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвес­ти­ция­ларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы жүргiзiлдi. Өз кезе­гінде ол iшкi қорды ұлғайтып, ин­вес­тор­лардың қалыптасуына жағдай жасады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары өсіп, ол 2013 жыл басында 3183,2 млрд теңгені құ­рады.

Қазақстанның экономикалық өрлеу жолына түскен кезеңі – 2000 жылдардың бас шені. Жалпы ішкі өнім жылдан-жылға артып, елдiң экономикалық дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылуда. 2001 жылы Елбасы Жар­лығымен «Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стра­те­гия­лық жоспары» бекiтiліп, бәсекелестiк қа­бiлетi күштi экономика құруға бет бұрдық. Сөйтіп, стратегиялық маңызы бар нысан саналатын мұнай-газ және энергетика мен агро-өнеркәсiптiк секторларын оңтайлы реттеу сәтті жүзеге асып жатты. 2010 жыл­дар­дағы экономикалық өрлеу Қазақ­стандағы әлеуметтік ахуалға тиімді әсер етіп, жұмыссыздық қысқарды, халықтың ке­дей топтарының үлесi азая түстi.

Қысқасын айтқанда, Қазақстан бүгінде ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Эконо­ми­калық, әлеуметтік қуатты реформаларды же­дел де тиімді жүзеге асырудың арқа­сында біз әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің біріне айналдық. Гео­саяси кеңістікте Қазақстан әлемдік қоғам­дас­тықтың тең құқылы мүшесі. Мұндай тиімді әріптестікті, яғни саяси және эко­но­ми­калық қатынастарды бізді әлем ел­де­рі­мен байланыстыруға жақсы мүмкіндіктер беретін қадам деп білген жөн.

Қазақстан экономикасына тартылып жат­қан шетелдік инвестиция көздері жыл­дан-жылға артып келеді. Оны нақты мы­сал­дармен дәлелдейтін болсақ, Орталық Азия­ға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамы Қазақстанның үлесінде. Дүниежүзілік банктің біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосуы – көп еңбектің жемісі. Сонымен қатар біздің ел нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылған-ды. Осының барлығы еліміздегі саяси тұрақ­тылықтың, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқандығының белгісі болса керек.

«Қазақстан–2030» стратегиясы қабыл­дан­ғаннан бергі жылдар ара­лығында Қазақстан ең серпінді дамушы елдер бестігіне еніп, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің көлемі жағынан әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына қосылды. Ендігі меже әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу. Бұл тұрғыда ҚР Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан–2050» стра­те­гия­сы қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жол­дауында алдымызға келелі мақсат қойып отыр. Қазіргі таңда ұлттық эко­но­миканы жоспарлы түрде әртараптандыру өз бабымен жүзеге асып келеді. «Қазақ­станның 2050 жылға қарай «Азиялық ба­рыс» атануға әлеуеті жетеді» – дейді әлем сарапшылары. Олардың пікірінше, Қазақ­стан эволюциялық даму аясында рево­лю­ция­лық реформалар жүзеге асыра алуда. Бұл – «Дағдарыстан кейінгі әлем инс­ти­туты» қорының тәуелсіз сараптамалық орта­лығы 2013 жылы жүргізген «Перс­пек­тива–2050: Әлемнің жаңа сая­си-экономикалық картасы» атты бес құр­лықтың 68 елінен 303 сарапшы қатыс­қан зерттеуінің нәтижесінен кейін берілген жақсы көрсеткіш.




Көрілген: 2162    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2013, 13:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2012
    Тәуелсіздік – тәтті ұғым

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30