Рух

Қазақстанның тартымдылық құпиясы

  • Қазақстанның тартымдылық құпиясы

    Қазақстанның тартымдылық құпиясы

Сөз жоқ, еліміздің инвестициялық тартым­ды­лығы жыл сайын артып келеді. Бұлтартпас дәлел – соңғы көрсеткіштер. Тәуелсіздік жылдары 171 млрд доллар тікелей шетел инвестициясы тартылса, оның ішінде 48 пайызы немесе 81,6 млрд доллар – соңғы төрт жылдың үлесінде. Қазір 80 елден келген инвестордың 400 бастамасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың ішінде жалпы сомасы 260 млн долларды құрайтын 80 шақты жоба жүзеге асты.

Елімізде шетелдік капиталдың қаты­суы­мен 8 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Солардың ішінде Fortune-500 тізі­міне енген «Шеврон», «Сименс», «Май­кро­софт», «Дженерал Электрик», «Кока-Кола», «Данон», «Хенкель» сияқты алпауыт компаниялар бар. Сондықтан да дүние­жү­зілік сарапшылар біздегі инвестициялық тартымдылық сырын іздеп, талдау жасауға құмар-ақ. Мәселен, ЕҮ компаниясы жыл сайын жүргізетін зерттеуінде біздің елдегі шетелдік инвесторлардың 84 пайызы макроэкономикалық тұрақтылықты ал­дың­ғы қатарға шығаратынын анықтады.

Әлбетте, әлемдік дағдарыс бізді ай­на­лып өткен жоқ. Алайда 2009 жылы Үкімет тарапынан қабылданған шұғыл шаралар өз жемісін бергені анық. Шетел инвес­тор­лары дағдарысқа қарсы шаралардың нәти­жесінде қол жеткізілген макроэ­ко­но­ми­калық тұрақтылықты сол кездегі үкімет­тің зор жетістігі деп бағалады.

Сөйтіп, макроэкономикалық тұрақ­ты­лық жағынан еліміз 144 елдің ішінде 16-орында тұр. Ал өткен жылғы қараша айында Fitch халықаралық рейтинг агент­тігі еліміздің суверенді рейтингін ВВВ+ дең­гейіне дейін көтеріп, «Тұрақты» деген болжам айтты. Сонымен бірге шетел инвес­торларының 80 пайызы Қазақстан­да­ғы саяси және әлеуметтік тұрақтылықты жоғары бағалайды. Біз қазір әлемдегі саяси тұрақтылық жағынан алдыңғы қатарда тұрған 50 елдің қатарына кіретінін мақ­танышпен айта аламыз. Әрине, эко­но­ми­калық һәм саяси тұрақтылық аспаннан түскен жоқ. Бұл – ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді насихаттайтын, халқымыздың бейбіт өмір сүруін мұрат еткен Елбасы еңбегінің жемісі. Сол себепті де шетелдік инвестор біздің елге келуге жүрексінбейді.

Инвесторлар телекоммуникациялық ин­фрақұрылым, өзге елдермен салыс­тыр­ған­дағы төменгі салық мөлшерлемесін де жоғары бағалайды. ЕҮ компаниясының Қазақстан бойынша басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков «Ел экономикасын дивер­сификациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысында кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. Қазақ­стан­ның макроэкономикалық көрсет­кіш­те­рі соңғы жылдары тұрақты. Болжам бойын­ша, 2015 жылға қарай Қазақстан эко­номикасы ең қарқынды дами­тын­дар­дың қатарына қосылады. Бұл халықаралық инвесторлардың қызығушылығын одан сайын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз» дейді.

Әлбетте, мұнымен тынбай, елдің ин­вес­тициялық әлеуетін арттыру бағытында қыруар жұмыс тындыруға тура келеді. Ең әуелі шетелдік инвесторға бизнес жүргізу мүмкіндігін кеңінен насихаттау қажеттігі туындайды. Біздің жаққа ат басын бұрған инвесторға алдымен ақпарат керек. Мұндай ақпаратты шағын жарнамаға да сыйғызып жіберуге болады. Мәселен, еліміздің инвестициялық тартым­ды­лы­ғы­нан мағлұмат беретін бейнеролик CNN, Euronews және Bloomberg халықаралық телеарналарынан көрсетіледі. Солар арқылы Еуропа, Таяу Шығыс, Африка мен Азияға тарайды. KAZNEX INVEST мәлім­де­ген­дей, биыл осындай бейнероликті 1,5 мың рет көрсету жоспарланған. Осы ролик­ті көрсету кезінде ұлттық инвести­ция­лық www.invest.gov.kz сайтына кіріп-шығатындар саны көбейетін көрінеді. Екі жа­рым жылдың ішінде бұл веб-сайтқа 170 ел­ден 236 мың адам кіріп, келем деуші ин­вес­торлардан 200-ге жуық өтініш түскен.

Айта кету керек, мұндай жарнамаға әлем­дегі жетекші елдер, сондай-ақ ТМД кеңіс­тігінен Ресей, Украина, Әзірбайжан жүгінеді. Былтырғы зерттеуге сәйкес, та­ны­малдық жағынан біз – АҚШ-та 15-орында, Еуропа, Таяу Шығыс, Аф­ри­ка­да 5-орында тұрмыз.

Қазір халықаралық қаржы инс­ти­тут­та­рының да қызығушылығы айтарлықтай. Айталық, Дүниежүзілік банк тобына кіретін IFC халықаралық қаржы корпорациясы инвестициялық қоржынымызға 370 млн доллардан астам қаржы құйды. Инвес­тор­лар ұсынған жобалар арасында агро­биз­нес­ті қолдау, бөлшек сауда, құрылыс мате­­риалдары мен теміржол ин­­фра­құрылымын дамыту, сонымен бірге шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсету бар.

Биылғы инвестиция көлемі жыл соңы­на қарай 6 трлн теңгеден асуы тиіс. ФИНАМ инвестициялық холдингінің сарап­шысы Антон Сороконың айтуынша, егер экономикадағы ахуал қазіргі қарқы­ны­нан айнымаса, 2014 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 6,7-6,8 трлн теңгеге жетуі керек. Тұтас алғанда, ел экономикасы қарқынды даму үстінде. Сондықтан ше­тел­дік инвесторлар өз өндірісін кеңейту үшін қаржы салудан қашқалақтамайды.



ТМД елдерінде жинақталған тікелей шетел инвестициясы көлемі (жан басына шаққанда)

Қазақстан - 5777

Ресей - 3203

Түрікменстан - 3257

Әзірбайжан - 979

Армения - 1628

Украина - 1443

Беларусь - 1359

Молдова - 892

Қырғызстан - 236

Өзбекстан - 244

Тәжікстан - 142





Көрілген: 2326    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2013, 13:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2012
    Тәуелсіздік – тәтті ұғым

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30