Рух

Олжас Сүлейменов: Азаттық рухын асқақтату – парызымыз

  • Олжас Сүлейменов: Азаттық рухын асқақтату – парызымыз

    Олжас Сүлейменов: Азаттық рухын асқақтату – парызымыз

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Алматыдағы Royal Tulip Almaty мейрамханасының концерт залында аты әлемге танылған халық жазушысы, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің жаңа жыр жинағының тұсаукесеріне орай оқырмандармен еркін сұхбаттасу түріндегі поэзиялық-музыкалық кеш өтті.

Осы бір әсерлі кездесу Олжас ақынның өз талант-беделіне сай әдеттегі қалыптасып қалған әдеби кештерден мүлде өзгеше, жаңаша сипатта ұйымдастырылғандығын айрықша атап өтпеске болмас. Кеш барысында тұсауы кесілген үлкен кітап ақынның ертеректе жазған бір өлеңінен алынған «Поэт красивым должен быть, как бог» деген атпен орыс тілінде жарық көрген. Таралымы әзірше – 1000 дана. Оның жартысы сыйға тартуға арнайы безен­діріліп, мұқабасы таза былғарымен қапталған. Ерекше безендірілген жаңа жинақтың шығуына қолдау білдіріп, тұсаукесер шараны ұйымдастырған – «Альянс Банк» мекемесі.

Әуелі журналистер мен қарапайым оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, көпшілікпен дастарқан басында еркін сұхбат­тасқан ақын ел Тәуелсіздігі жайын­дағы толғаныстарымен бөлісіп, бүгінгі жаһандану кезеңінде ұлттық құнды­лық­та­рымызды қалай сақтап, дамытуға бола­тыны жайлы, төл әдебиетіміз бен мәде­ниетіміздің төңірегіндегі түйткілдер мен ана тілімізді өркендетуге байланысты өз ойларын ортаға салды. Ақын дүрбелеңге толы қазіргі ақпараттық қоғамда адамзат баласына аса қажетті дүниелердің бірі рухани тыныстың кеңдігі екендігін айрықша атап өтіп, ол үшін өрісті өнер өкілдері мен сөз ұстаған қаламгерлер қауымы халық арасына жиі шығып тұруы маңызды дегенді айтты.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, халық жазушысы, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері:

– Бүгінгі қазақтың зиялы қауымы мен жалпы әрбір азаматы ұлт руха­ниятын өркендетуге атсалысуы қажет. Азаттық рухын асқақтату – парызымыз. Өйткені біз небір азапты қиын­дық­тар­мен келген Тәуелсіздігіміздің жалауын желбіретіп, тұғырын биік ұстап тұру үшін әсіресе өскелең ұрпақтың тарихи жадын жаңғыртып, санасына патриот­тық қаcиеттердің дәнін егуіміз керек. 16 желтоқсан – халқымыз біртұтас ұлт ретінде өз мемлекеттігін жариялап, бабаларымыз аңсап өткен Азаттыққа қол жеткізген ерекше күн. Еліміз үшін ең маңызды саналатын бұл күнді ойлағанда ойымызға Тәуел­сіздіктің бастауы саналатын сонау бір ызғарлы Желтоқсанның қаһарлы күн­дері елестейтіні рас. Егемендік алғалы бергі 20 жылдан астам уақытта Қазақ­стан қыруар жетістікке қол жеткізді. Ендігі кезекте өткеннен сабақ ала отырып, ана тіліміз бен мәдениетімізді заман­ға сай дамыта отырып, осы Тәуел­сіздік мерекесінің қадыр-қасиеті мен жарқын тұстарын жандандыра түсу жолында әрқайсымыз жұмылуымыз керек. Бүгінгі жас ұрпақ шын мәніндегі еркіндіктің не екенін терең ұғынып, өз Отанының ғана емес, күллі әлемнің кемел келешегіне сеніммен қарауы тиіс.


Аз-кем пікір алмасудан кейін кеш қонақтарына ақын Олжастың шығар­ма­ла­ры негізінде шағын театр­лан­ды­рылған қойылым көрсетілді. Белгілі актер Бақтияр Қожаның ақын мен ақындық жай­лы тартымды монолог оқуынан бастал­ған кеште «АРТиШОК» театрының әртістері, режис­сер Галина Пьянова дайындаған өлең мен әуен қатар өрілген ойлы компо­зи­ция ұсынылды.

Бұдан соң сахна төріне жаңа жинақтың авторы, ақын Олжас Сүлейменовтің өзі шығып, жиналған қауымның алдында зор дауыспен қуатты жырларын оқып, арасын­да қаламдастары мен замандастары жайын­да жылы естелік, лебіздерін жеткізіп, тал­ғампаз оқырманның ыстық ықыласына бө­ленді.




Көрілген: 2795    Пікірлер: 1

сенбі, 15.12.2012, 12:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2012
    Тәуелсіздік – тәтті ұғым

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31