Отан қорғаушылар күнін «Ерлер мерекесі» деп атауды қолдайсыз ба?

07 мамыр 2013, 13:01


Берік Уәли, журналист:
– Отан қорғаушылар күні болып қал­­­ғаны жөн. «Ерлер күні» дегеннің аясы тар. Олай деп айтсақ мағынасын тө­мен­­детіп ала­тын сияқтымыз. Нағыз па­триотизмге үндейтін, отан­шыл­дық­қа ұйыс­тыратын күн болып қалыптасуына бә­­ріміз ат­са­лы­суымыз керек. Жастарға осы­­ны насихаттау керек. «Ер – елі­нің қор­­ғаны» деген аталы сөз бар. Ер-аза­мат­тардың орны қа­шанда бөлек. Отанқорғаушылар күні – жал­пы, жұрт болып атап өтетін үлкен мереке. Мере­келік концертпен ғана шек­те­лу­ге бол­май­ды. Идеологиялық тұрғыдан өте маңызды күн. Бізде не көп, мереке көп. Ме­­рекелердің ең үлкені осы Отан­қор­ғау­шылар күні деп айтар едім. Өйткені «Отан от­тан да ыстық» дейді халқымыз. Мерекенің атына, затына мән берсек. Ма­ғыналы, өз деңгейінде атап өтсек. Ке­рек десеңіз, бұл – еліміздің күш-қуатын, жеткен жетістігін әлем­­ге мақтанышпен көр­сететін күн. Мүмкіндікті пай­да­ланып, тәуелсіздігіміз бен тұ­тас­­ты­ғы­мыз­ды, тыныштығымыз бен бейбіт тір­лі­гімізді кірпік қақпай күзетіп жүрген, хал­­­­қымызға қорған болған ұлттық әс­ке­рімізді, барлық ер-азаматтарды Отан­қор­ғау­шылар күнімен құттықтағым келеді. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әр­қашанда ас­па­ны­мыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын!


Рахат Мамырбек, публицист:
– «Ерлер мерекесі» деп қабылдай ал­маймын. «Ер адамның бә­рі әскер болуы керек» деген ұғым Кеңес кезеңінен қалған деп ой­лай­мын. Сондықтан бұл мейрамды қа­рулы күштер қатарында кім нақты ең­бек етіп жүр, кім қыстың күні ше­ка­раны түнделетіп күзетеді, кім әскери қыз­меттің ауыр бейнетін тартып жүр – сол адамдардың мейрамы деп са­най­мын. Оның үстіне қазір әскерге барып, қыз­мет ету міндетті емес. Жаппай соғыс за­маны да өтті деген пікірім бар. Ме­рекені «әскер қатарында жүрген сар­баз­дарды құттықтайтын күн» деп түсінемін.


Арман Қани, ақын:
– «Ерлер мерекесі» деп атауды қолдай алмаймын, себебі мұндағы «Ерлер» сөзі «Еркектер» деген мағына беріп тұр. Оның астарында «Тепсе - темір үзетін» батыр еркек» деген жа­­сырын мағынасы тағы бар. Ал Отан қорғау  тек мықты ер­кектердің ісі емес қой. Әлмисақ дәуірінен бергі баба та­рих­­тың әскери һәм бейбіт кезең­де­рін­дегі жауынгерлер құ­ра­мын    жыныс бел­­гісі жағынан алып қарасақ, оның бір­ың­ғай ерлерден тұрмағанына, қыз-ке­ліншектердің  де үлесі аз еместігіне көз жет­кізер едік (Тұмар ханым, Гауһар ба­тыр, Бопай ханша, Әлия мен Мәншүк ба­тырлар т.с.с.), жас жағынан қарасақ та, еңкейген қарттардан бастап ат жа­лын тартып мінер жастағы балалардың да болғанын байқар едік.  Демек, Отан қор­ғау әлмисақ дәуірінен күні бүгінге де­йін бүкілхалықтық іс болып та­бы­лады.