Рух

Тәуелсіздік күнінің мәртебесін арттырудың қандай жолдарын ұсынасыз?

  • Тәуелсіздік күнінің мәртебесін арттырудың қандай жолдарын ұсынасыз?

    Тәуелсіздік күнінің мәртебесін арттырудың қандай жолдарын ұсынасыз?

Сұлтанәлі Балғабаев, жазушы-драматург:

– Меніңше, Тәуелсіздік күнінің мәртебесін арттыру үшін бұл мерекенің патриоттық жағына көңіл бөлу керек. Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Тәуелсіздігімізге жетуге күш салған қаһармандарымызды насихаттауға күш салғанымыз абзал. Бізде Тәуелсіздік жолында өзін-өзі құрбан еткен қаһармандарды насихаттау жағы әлі де жеткіліксіз. Ұрпағымыздың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту үшін мектептерде бір ай бойына Тәуелсіздік күніне арналған апталықтар өткізілуі тиіс. Біз қазірде бұл күнді атап өтуде халыққа төрт күн демалыс береміз де, ел-жұрт тып-тыныш демалып бұл мерекенің қалай өтіп жатқанын, деңгейінің қандай екенін білмей қалады. Демек, біз үшін бұл айтулы күннің жалпыхалықтық мерекеге айналуы үшін насихатты арттырған жөн. Қала көшелерінде Тәуелсіздігімізді тұғырға көтеретін билбордтар, плакаттар, безендірулер ілінуі тиіс. Халық алда Тәуелсіздік күнінің келе жатқанын қаланың сырт пішінінен анық сезінуі керек. Сондықтан бұл мерекенің мәртебесін арттыруға жергілікті әкімшіліктерден бастап, бүкіл халық болып жұмылғаны абзал. Сонда ғана біздің тәуелсіздіктің құнын бағалауымыз арта түседі.


Өмірәлі Қопабаев, заң ғылымының докторы, профессор:

– Жалпы, Тәуелсіздік мерекесі – өткенімізді саралап, бүгінімізді бағамдайтын ұлық күн. Міне, осы күннің мәртебесін біз ешқашан төмендетпеуіміз қажет. Бұл күні біз жеткен жетістіктерімізді саралап, електен өткізіп отырғанымыз абзал. Өз тарапымнан айтар ұсынысым: біз осы жаңажылдық шыршалар орнатуды, қаланы Жаңа жылға безендіруді «16 желтоқсаннан кейін бастайтын шешімге келсек» деймін. Себебі көңілде «уақыт өте келе осы Тәуелсіздік мерекесі Жаңа жылдың қалтарысында қалып қоймас па екен» деген күдік те жоқ емес. Біз ешқашан өзі Тәуелсіздігімізді көлеңкеде, қалтарыста қалдырмауымыз керек. Тәуелсіз ұлт болып қалыптасудың жолында қаншама тер төгілді?! Тәуелсіз ел атану бізге ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен аманаты. Қазақ халқы «аманатқа қиянат жасама» дейді. Демек, біз бұл аманатты ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап, көзіміздің қарашығындай сақтап отыруымыз керек. Бүгінгі ұрпағымызды қазақы рухпен тәрбиелегіміз келсе, ұрпақтың Отан алдындағы борышын толық сезіндіргіміз келсе, нақ осы мерекені жалпыхалықтық сипатқа айналдырған абзал.


Марал Төртенова, саясаттану ғылымының кандидаты:

– Қазірде әлем бойынша Панама елі – Тәуелсіздік күнін мерекелеу жағынан рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Ол елде 3 қараша – Тәуелсіздікті жариялау күні, 10 қараша – Тәуелсіздікті ең алғаш жариялаған күн. 28 қараша – Жалпыхалықтық тәуелсіздік күні. Бір қызығы, бізден екі есе аз халқы бар, әлі күнге испан тілінде сөйлейтін Панама тәуелсіздік алған күндерін керемет мейрам етіп тойлайды. Той қарсаңында ұлттық киімдерін киіп алып, ұлттық әуендерін көшеде әуелетіп қоятынын сол елге барған сапарымда өз көзіммен көргенмін. Ал біздің Тәуелсіздік күнінде басқа қалаларды айтпай-ақ қояйын, бір ғана Алматының көшесін жасыл шыршамен безендіріп тастауымыз бір жағы намысты да тудырады. Тәуелсіздік мейрамын неге біз жасыл шыршаның тасасында қалдыруымыз керек? Жалпы, осы шараға жоғарыдан мықты бір пәрмен қажет. Елбасымыздың өзі бір сөзінде «Біз Тәуелсіздік мерекесін күнделікті тірліктің тасасында қалдырмауымыз керек! Тәуелсіздік – қазақтың аңсаған арманы! Сондықтан бұл мереке тиісінше өз дәрежесінде биікке көтерілгені абзал!» деген-ді. Ендеше, қазақтың арманын әрқашан биікте ұстағымыз келсе, осы мерекені ұлықтауда барынша ұлттық, патриоттық мүддемізде тұра білгеніміз жөн.




Көрілген: 2305    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2013, 13:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан 2012
    Тәуелсіздік – тәтті ұғым

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30