Алматы күнін мерекелеу барысында Абайдың әнін орындап, жұрттың сынына қалған әншілер мәселесіне әкімдік жауап берді. Онда әртістер әлеуметтік желідегі танымалдылығына қарай таңдалғаны жазылған, деп хабарлайды Экспресс К.
Қалалық әкімдіктің мәдениет басқармасы жауабына сүйенсек, "Гәкку Дауысы" фестивальіне жастар арасында танымал әртістер таңдалған. Бірақ үлкен сахна, аудитория, қуатты дыбыс және әртістердің жастығына байланысты эмоционалды дайындықтың жетіспеушілігі кейде сүйікті әндерінің сапасыз орындалуына әкеліп соғады екен.
Ал жұрт арасында сынға қалып, қызу талқыға түскен әншілер Hey Monro және Dudeonthguitar есімдерімен жастар арасында танымал көрінеді. Абайдың "Бойы бұлғаң" әнін орындауға Youtube-тегі қаралымы себеп болыпты.
Осы әні 2 миллионнан астам қаралым, 52 мың лайк және 2000-нан астам пікір жинаған. Бірақ Абай Құнанбаевтың шығармасын бүлдіру үшін ешқандай әдейі жасалған іс-әрекеттер біздің тарапымыздан болған жоқ. Тиісті деңгейде орындалмағыны рас, — делінген мәдениет басқармасы жауабында.
Сонымен қатар, басқармада концерттің бейне-нұсқасын дайындау кезінде әртістердің дауысын студияда кайта жазып, сол арқылы барлық кемшіліктерді түзететіні де жазылған.