Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әнші Бейбіт Сейдуалиева әкесіне жарды өзі таңдап бергенін айтты

27 қыркүйек 2022, 15:37

Танымал эстрада әнші Бейбіт Сейдуалиеваның анасы ауырып қайтыс болған, - деп хабарлайды  Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

 

Әнші анасының жылын өткізген соң жалғыз қалған әкесін үйлендіруге бел буады. Оның бұл ұсынысын әкесі де бірден қабыл алған. Сөйтіп Бейбіт 54 жастағы әкесіне өзі жар іздеп тапқан.

 

"Әкем 54 жасында жалғыз қалды. Бала-шаға жоқ емес бар. Бірақ ер азаматқа өте қиын. Мен үнемі қасында отырып шайын құйып беремін деп айта алмаймын. Менің өз отбасым бар. Бір, екі күн келермін. Бірақ әкем менің қолымда тұрмайды ғой. Ол кісі жалғыз болмасын деп жар іздедік. Анамның жылын бергеннен кейін әкем үйленді. Содан кейін балалы болды. Екінші інім бар. Жасы 11-де. Жеңгеміз жақсы адам", — дейді Бейбіт Сейдуалиева "Менің өмірім" атты бағдарламаға берген сұхбатында.